Реферат тақырыбы:«Шаңғы спорты»



бет1/4
Дата20.09.2023
өлшемі36,2 Kb.
#109290
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Шаңғы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті


РЕФЕРАТ


Тақырыбы:«Шаңғы спорты»
Орындаған: 1-курс ГТ-13 тобының студенті Мұхамбетжан.Н.А.


Тексерді:Телагисов.М.К.


2022-2023оқу жылы.
Шаңғы спорты
Жоспар:

  1. Шаңғы спорты, адам денсаулығына әсері, түрлері

  2. Шаңғы спортының шығу тарихы

  3. Шаңғы тебудің техникасы

  4. Шаңғы туризмі

  5. Қысқы Азия ойындары:



Шаңғы спорты - дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысушаңғымен тұғырдан секірушаңғы қоссайысы және тау шаңғысыбиатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. 
Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы спортының түрлеріне анықтама берер болсақ:

  • Шаңғымен жарысу - екі түрлі тәсілмен өтеді: біріншісі, дәстүрлі (классикалық) жарыс түрі, екіншісі коньки (еркін) тәсілімен жүру. 1,5 км.-нен 90 километрлік марафон жарысында дейін бұл екі тәсілдің екеуі де ерлер мен әйелдер де қатысатын аралас эстафеталарда пайдаланылады.

  • Шаңғымен трамплиннен секіру немесе шаңғымен тұғырдан секіру - (ағылш. ski jumping) - арнайы жабдықталған трамплиннен (тұғыр) шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі. Өз алдына жеке дара спорт түрі ретінде саналады, сонымен қатар шаңғы қоссайысы бағдарламасына кіреді.

  • Шаңғы қоссайысы - алғаш рет Скандинавия елдерінде пайда болған. Жарыс бағдарламасына ҰОМ-лік тұғырдан секіру және 15 км. қашықтыққа шаңғымен жарысу енді. Жеңімпаз осы екеуінің қосындысынан анықталады.

  • Тау шаңғысы - шаңғы спортының жетекші түрлерінің бірі. Жол бойында айналып өтетін кедергілері бар таү беткейінде арнайы жасалған қарлы жолдардан құлдилап төмен түсу. Мұнда кедергілерден өту шеберлігі және шапшаңдық (көрсеткен уақытта) есепке алынады. Тау шаңғысы слалом, слалом-гигант және шапшаң түсу болып үшке бөлінеді.

  • Биатлон (лат. би... және грек. thlon — сайысу) — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет