Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің» атты патриоттық әндер фестивалі сценарийі Мақсаты



бет1/4
Дата18.06.2023
өлшемі21,4 Kb.
#102137
түріСценарий
  1   2   3   4

Баймаханова Қарлығаш Ермековна


№ 19 орта мектебінің аға тәлімгері
Тараз қаласы


Қазақстан Республикасы күніне арналған
«Қазақстан – Республикам менің» атты патриоттық әндер фестивалі сценарийі
Мақсаты: Балалардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі өнерлі оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шар,гүл, нақыл сөздер,үнтаспалар, ТСО құралдары т.б.
Байқаудың шарты:
-дауыс үндестігі
-сахналық жүрісі, киімі
-орындау шеберлігі
Жүргізуші:Армысыздар ағайын! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақстан – Республикам менің» атты патриоттық әндер фестивалінің мақсаты – Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Әр азамат өз елінің қасиетті белгілерін құрметтеуге, тарихын білуге тиіс.
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран
Ән ұраным – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны!
Мектеп түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз бүгінде ұлының ұлағатты, қызының инабатты, халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жасап отырған мемлекетімізді мақтан етеміз.
Жүргізуші:- Елді, , жерді қорғауға арналған әндер қайратты, ширақ орындалады. Адымдап нық басқан аяқтың ырғағына келетін мұндай әндерді қаһарман әндер деп атайды.
Жүргізуші: 
Қазақстан- егеменді , тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!
Жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуеленген әсем ән жолданады. 
Хор: «Тәуелсіз ел ұраны» 6 «Б» сынып оқушылары
Жүргізуші:
Уа, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем, топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет