Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары Әмір Темір



Дата12.06.2023
өлшемі0,66 Mb.
#100700
Байланысты:
14-әмір темір


Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темір
Әмір Темір — моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336 – 1405 жылдар аралығында өмір сүрген. Атақты Монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі.
1370 жылы Мауараннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы».
Әмір Темір Қазақстан мен Қырғызстан аумағына – Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь-Шаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырады.
Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары
Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздейді. Себебі, Ақ Орданың ханы Ұрыс хан Сарай қаласын басып алуға көмектеспегені үшін Жошының ұрпағы Түй-Қожаны жазалайды. Ал оның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барады. Осы жағдайды пайдаланған Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады.
  • Тоқтамыс Сауран түбіндегі 1374-1375 жылдардағы шайқаста жеңіліске ұшырайды. Темір оны қайта аттандырады.
  • Ұрыс ханның үлкен ұлы Тоқтақиядан жеңіліп, Әмір Темірге қайта қашып келеді.
  • 1376 жылы Әмір Темір Тоқтамысты қайта қаруландырып, енді өзі бірге аттанады. Арада 3 ай өткенде, Темір Ұрыс ханның ұлы Мәлік оғланды 10 мың әскерімен талқандайды.

1376 жылы Ұрыс ханның дүние салуы, көп ұзамай оның үлкен ұлы Тоқтақияның қаза болуы Ақ Орданың жеңілуіне әкеліп соғады.
  • 1377 жылы Ақ Орданың жаңа ханы Темір-Мәлік Сауранда Тоқтамысты тағы жеңіліске ұшыратады.
  • Кейін Тоқтамыс Ақ Орданың астанасы Сығанақты басып алып, Темір- Мәлікті талқандап, өзін Ақ Орда билеушісі деп жариялайды.

Алтын Орда Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналады.
  • 1391 жылы Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерін қирата жеңеді.
  • 1395 жылы Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өткен шайқаста Тоқтамыс күйрей жеңіледі.
  • Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына жетіп, Сарай-Беркеден бір-ақ шығады. Қаланың байлығын тонап, ер-әйел демей, көптеген адамдарды құлдыққа айдап әкетеді.

  • Алтын Орданың экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұқсан келтіріледі.

1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады.
Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары
1371-1372 жылдары Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырады. Нәтижесінде олар Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттерді талқандап, қайтып оралады.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. 1376 жылдың көктемінде Әмір Темір Моғолстанға қарсы 30 мың әскермен әмір Сасы Бұға ханды аттандырды. Бірақ олар Моғолстанға жорық жасамай, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, Моғолстанға Қамар Ад-Динге барып, оны Әмір Темірге қарсы қимылдарда қолдау үшін әскер жіберуге шақырды. Алайда, Мауараннахрға қайтып келген Әмір Темір Қамар Ад-Динді Атбасы маңында жеңіліске ұшыратты. Әмір Темір Қамар Ад-Динді 1377 жылы Қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандады.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. Моғолстанды біржола қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті.
Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Әмір Темірдің Қазақстан жеріндегі ұзақ жылдар бойы жасаған жорықтары оның 1405 жылы Отырар қаласында қаза болуымен аяқталады. Бұл жорықтардың Қазақстанда өмір сүрген тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды.
  • Бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүлде күйреді. Елдер арасындағы байланыс үзілді.
  • Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендері құлдыққа айналып, Орта Азияның қалаларындағы базарларда сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана қалды.
  • Шапқыншылықтың салдарынан көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды.

  • Әмір Темір шапқыншылығы қазақ жерлерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет