Крест жорықтарының алғышарттары



Дата13.11.2022
өлшемі19,26 Kb.
#49718

Крест жорықтарының алғышарттары
Крест жорықтары – батысеуропалық феодалдар, қала тұрғындарының бір бөлігі мен шаруалардан тұрған Палестинадағы қасиетті жерлер мен «Құдай табытын» мұсылмандардан азат ету ұранымен діни соғыс формасында жүзеге асырылған әскери-отаршылдық қозғалыс. Крест жорықтарының классикалық дәуірі XI ғ. соңы – XIII ғ.ғ саналады, бірақ кейін де бұл қозғалысты қайта жандандыру үшін еуропалықтар ортағасырлардың соңына дейін көп әрекет етті, бірақ крестшілердің белгілерін Жаңа заманда да, тіпті қазіргі уақытта да кеңінен қолданылуда.
Алғашқы крест жорықтары жаппай сипатта және стихиялы болды. Үлкен сеньорлар мен рыцарьлардан бөлек бастапқы жорықтарға солтүстік-италиялық және оңтүстік-француз қалаларының шаруалары мен көпестері де қатысты. Уақыт өте келе қозғалыстың әлеуметтік базасы қысқарып көбінесе таза рыцарьлық экспедицияларға айналды. ХІІ ғ. соңы – XV ғ. крест жорықтарын Батыс Еуропаның ірі монархтары Рим папасы мен италиялық теңіз мемлекеттері, алғашқы кезекте Венецияның қолдауымен ұйымдастырылды.
Крест жорықтарының басталуына үлкен экономикалық, әлеуметтік, сыртқы саяси және діни-психологиялық факторлар себеп болды. Батыс Еуропа елдеріндегі тауарлы-ақша қатынастарының өсуі, феодалдық элитаның материалдық қажеттіліктерінің артуы, үйреншікті емес тұрақсыздық дәстүрлі қоғам құрылымының ыдырай бастауына әкелді. Беделді сеньорлардың жері үлкен ұлдарына мұраға қалды, ал, басқа ұлдары өз домендері мен өмір сүру үшін қаражатты өздері табуға мәжбүр болды. Бұның бәрі рыцарьлық жастардың агрессивті көңіл күйін тудырды.
ХІ ғ. соңғы үшінші бөілігінде сыртқы саяси жағдайлар Крест жорықтары туралы идеяның пайда болуына және жүзеге асырылуына қолайлы болды. Селжұқтар 1055 жылы Бағдадты басып алды, 1071 жылы Византияны Манцикертеде талқандап Кіші Азия, Сирия және Палестина жерлерін жаулауды бастады. Бұл уақытта Византияның жағдайы нашар болды. Өзара билік үшін қырқысулар, Оңтүстік Италия (1071) мен Солтүстік Грекияны (1081) басып алған печенегтер мен норманндардан жеңіліс тапты. Император І Алексей Комнин варягтар мен фландрлерлік рыцарьларды жалдап қана қоймай, қауіпті жағдай туғанда папа мен Батыс билеушілерінен де көмек сұрады. Императордың бұл көмек зары Батыстықтардың құлағына шалынды. Бірақ, Еуропалықтар көмекке тек қана Константинопольден қауіп кеткесін, Византия половшылармен бірігіп печенегтерді талқандағасын, ал, селжұқтар өзара қырқысты және Мысыр халифтерімен соғысқа түсті.
Сонымен қатар, Еуропаның ішкі жағдайы да Крест жорықтарын бастауға қолайлы еді. Еуропада ХІ ғасырда рыцарьлардың саны өте көп болды. Бірақ рыцарьлар олжалы бола алатын соғыстар болмады. Күн көріс үшін олар Еуропаның ішінде қарақшылықпен айналысып кеткен. Рим Папасы және Батыс монархтары осы мәселені шешу үшін «Қасиетті Иерусалимді» босатуды саяси-діни себеп ретінде пайдаланып Крест жорықтарын бастады. Бұл соғыстардың барысында рыцарьлар шығыс жерлерін тонап, Еуропадағы қарақшылықты тоқтату және рыцарьлардың санын азайту көзделді.

Бірінші крест жорығы (1096-1099 ж.ж)
1096 жылы көктемде Шампань, Лотарингия, Рейн облыстарынан мыңдаған шаруалар, шағын рыцарьлар тобы мен қала тұрғындары бір отрядқа бірігіп Шығысқа қарай бет алды. Оларға Петр Пустынник секілді уағызшылар, шіркеу қызметкерлері немесе кедейленген сеньорлар басшылық етті. Шалғы, сойыл, шынжыр, балтамен қаруланған шаруалар Рейн мен Дунай маңынан Венгрия, Белград және Филипполь арқылы Константинопольге жол тартты. Бұл оқиғаны Франция мен Германияда еврейлерді қырумен атап өтті (Еуропалықтар Христосты өліміне тікелей еврейлер кінәлі деп санап өздеріне жау көрді). Қажетті азық-түлік қоры болмаған крестшілер Венгрия мен Болгарияны тонады, зорлық-зомбылық жасады. Византия территориясында крестшілер жергілікті халықтан тойтарыс алып отырды. Сиреген және әскери рухы төмендеген шаруа отрядтары 1096 жылы тамызда Константинопольге жетті. Император І Алексей Комнин Петр Пустынникпен жүргізген келіссөздерден кейін негізгі күш - рыцарьларды күтуден бас тартып шарулардан құралған жасақты Босфор арқылы Кіші Азияға өткізіп жібереді. Никея қаласына жетпей, шаруалар жасағы селжұқтардан жан құшты. Византия императрицасы Анна Комниннің жазбаларына сәйкес «исмаилиттердің» қылыштарының құрбаны болды делінеді. Тұтқынға түскендер құлдыққа сатылды, тек шағын тұтқындар тобы ғана Константинопольге қашып, аман қалады.
Рыцарьлар жасағы шаруалар жасағынан әлдеқайда кеш аттанды. 1096 жылы тамызда Лотарингиядан IV Готфрид Бульонскийдің бастауымен үлкен әскер жорыққа шықты. Олар да шаруалар жасағы секілді Венгрия мен Болгариядан өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет