1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында



бет1/4
Дата30.03.2022
өлшемі16,94 Kb.
#29238
  1   2   3   4

Пәні:әдебиеттік оқу

Білім алушының аты-жөні: Күні: 17.02.22ж.


«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау БЖБ№1

Орындау уақыты 20 минут


1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

Қазақ әуендерінің арасында туған жерге арналған әндер көп. Алайда, адамға күш – жігер беретін ән санаулы. Соның бірі - әнші-сазгер, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Ән басталған сәтте-ақ, барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнеледі. «Атамекен» әні 1970 жылы жазылған. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әнге сөз жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Республика сарайында өткен үлкен концертте Ескендір атамыз «Атамекен» әнін орындайды. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Қазақстанның өнер делегациясымен бірге Швеция еліне барады. Стокгольм қаласында өткен концертте «Атамекен» әнін шырқаған Ескендір Хасанғалиевке жергілікті халық үлкен қошемет көрсетеді. Концерт аяқталған бойда, әншіге қандас бауырлар келіп, «Атамекен» әні туралы шынайы лебіздерін білдіріп, көздеріне жас алған екен.Бірде-бір мерекелік салтанатты жиын «Атамекен» әнінсіз өтпейді. «Атамекен» - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет