Факультет: Филология Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті соөж тақырыбы: «Қырымның қырық батыры» жырына толық талдау жасау



Дата19.09.2023
өлшемі101,16 Kb.
#108574

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



Факультет: Филология
Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті

СОӨЖ
Тақырыбы: «Қырымның қырық батыры» жырына толық талдау жасау

Орындаған: Тайыржанқызы Сабина
Тексерген: Бисенбаев Пазылбек


Жоспар: 1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды

“Қырымның қырық батыры" эпопеясы - XIV - XVII ғасыр аралығындағы Алтын Орда мен Ноғай ордасында орын алған тарихи оқиғаларды суреттейтін жыр.


Эпопея 41 батырдың ерлігін суреттейтін 36 көлемді жырдан тұрады . “ Қырымның қырық батыры” эпопеясын алғаш 1942 жылы Алматы қаласында атақты жыраудың бірі, Мұрын жырау Сеңкірбекұлынан жазып алынған. Кейініректе ақсақал сексен екі жасында осы эпостың отыз жеті жырын жатқа айтып, дастандар циклінің мәңгілік сақталуына тікелей үлесін қосқан.
Жыр да қырық тараудың әрқайсысы жеке-жеке батырларға арналған. Сондықтан қырық батыр жайлы жырлардың жиынтығы – тегі мен композициялық құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты болып келеді . “Қырымның қырық батыры” туралы жыр деп аталатын жырлар жиынтығы өзінің құрылысы жағынан қырғыздың белгілі “Манасын” еске түсіретін, бірақ көлемі бойынша одан екі есе үлкен, қалыпқа түскен тұтас бір мəдени дүние ретінде қарастырылады.
Аталған мұра көлемі жағынан Шығыстың ұлы туындысы – “Мың бір түннің” өзін кейінге қалдырады. Бұл жырлардың мазмұны, сюжеті мен композициясы ерекше назар аударуға лайық. Себебі шет жерлік басқыншылардың шабуылынан елін қорғаған батырлар ерлігі əр жырда әр түрлі жырланады. Батыр мұнда халқының қорғаны, жат жұрт езгісінен азат етуші қаһарманы ретінде көрсетіледі. Ержүректілік, əділдік, ақылдылық, туған халқына деген махаббат секілді қасиеттер оларға тəн болып келеді…
Негізінен эпопеяны шартты түрде үш тармаққа бөлуімізге болады. Олар: "Аңшыбай батырдың ұрпақтары", "Қарадөң батырдың ұрпақтары", және "Жеке батырлар". Сондай-ақ әрбір тармағының өзіндік жеке тарихы бар екен.

«Қырық батыр» жырының әдеби маңызына келетін болсам, батырлық жыр өзінің аты айтып тұрғандай «қырықтық» деңгейіне жетіп, фольклорлық тұтастанудың көп сатысынан өткен әлемдік эпикалық дастандардың құймасы болып табылады.Бір қарағанда белгілі бір дәуірдегі халық дүниетанымын, арман-тілегін көрсететін жырлар секілді көрінетін мұра бойына бірнеше ғасырлық дәуір болмысын, халықтар санасын, тілдік ұғымдар шоғырын беріп, тарихи, мәдени оқиғалар шежіресінен сыр шертеді.


Бұл жырлар туралы көптеген еңбектер жазылғанымен де, шығарманың көп салалылығы күні бүгінге дейін «жырды» толығымен, жан жақты зерттеп біттік деп айтқызбай отыр. Мұның себебін көрнекті эпостанушы ғалым Рахманқұл Бердібайдың мына пікірінен аңғаруымызға болатын тәрізді: «... «Қырымның қырық батыры» жөнінде жаңа зерттеулер керектігін мойындаймыз. Мұндай ұланғайыр қазынаның маңызын ашып талдау үшін бір емес, бірнеше іргелі еңбектер жазылуға тиіс. «Қырымның қырық батыры» туралы қалам қозғағандардың қай-қайсысы болса да алдына осы мәселені ақыр-тақыр таусып айтамын деп міндет қоя алмайды. Өйткені бұл жырлардың көлемі ғана емес, қамтыған оқиғалары да өте сындарлы. Сондықтан әрбір зерттеу мақаланың өз алдына қойған нақтылы нысанасы болмақ» деген болатын.
Демек, бұл жыр толығымен қағазға түсірілсе, көлем жағынан дүниеде ең бірінші ірі нұсқа болмақшы.
Қырғыз халқының Манасынан, қалмақ халқының Жәңгірінен әлденеше үлкен, әлденеше рет көлемді» деген пікірлер білдіріліп , Н.Сауранбаев жырды тыңдаған Қ.С Сәтбаев, М.Әуезов, С.Мұқановтардың жырға өте жоғары пікір білдіргендігін хабарлайды екен.
Сонымен қатар, жырда көп келетін бірнеше тарихи есімдерімізді де атауымызға болады екен. "Аңшыбай батырдың ұрпақтары" бөлімінде жырдың бас кейіпкерлері түгелдей тарихта болған Ноғай ордасының негізін қалаушы атақты Едіге би мен оның ұрпақтары. Ал жанама кейіпкерлер қатарында Сәтемір (Әмір Темір, Мәуеренахр билеушісі), Тоқтамыс (Алтын Орда ханы), Орманбет би (XVI ғасырда өмір сүрген Ноғай Ордасының атақты биі), Сыпыра жырау (аты аңызға айналған, "тоғыз ханды түзеткен" қарт), Айса (Едіге бидің ағасы) және т.б. аттары танылған батырлар есімі көрініс табады екен.
Қысқасы, «Қырымның қырық батыры» туындысындағы ноғайлы жұрты таза батырлар жайлаған ел емес. Бірақ соған қарамастан ол ел ындыс, қызылбас, қалмақтармен соғысып жүріп, жерін, елін, дінін сақтайды. Мұның өзі, қарадан туып хандық дәрежеге лайық болған Аңшыбай, оның ұлы Бабатүкті шашты әзиз, оның ұлы Парпария, оның ұлы Құттықия, оның ұлы Едіге, одан тарайтын ұрпақтар, солармен замандас жандар туралы ұлы жыр кейіпкерлерінің ісі өз кезінде құрамына қазақ жұрты кірген ноғайлы елінің жырмен, кестеленген елдік тарихы ретінде қабылданған. Даңқты эпоста тек ел қорғаған ерлер ғана емес, Қосайға жар болатын Қарабек Сарыбайқызы, Манашының қызы Жұбай, Қазтуғанқызы Асылзат секілді қыздардың барлығы да ақылдылығымен, жүректілігімен оқырманды тәнті етеді. Батырлар мінген тұлпарлардың жүйріктігі, кейбір тұста иесімен тілдесуінде де көп мән бар. Бұл аналар әулеті,қыздар қауымы оңды болмаса, кейінгі заманның небір жетілдірілген жүйрік техникасының орнына жүрген сол кездің тұлпарлары келіспесе, елдікті қорғаудың мүмкін емес екендігін жете білетін Мұрын Сеңгірбекұлы сынды тереңнен толғанатын кемеңгер жыраудың барлық уақытта да назарында болғандығынан еді. Ал шын мәнісінде де, әр дәуірдің өз заманына лайық шынайы шындығы өз ерекшеліктерімен қапысыз көрініс тапқанда ғана,барша жұртты тәнті етіп,елдіктің алдаспан сынды айбынды туындысына айнала бермек.
Соның арқасында дауылпаз жыр ұрпақтан ұрпаққа ұласып өмір кешіп, алдағы ғасырлардың есігін айқара аша бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қарайдар мен қызыл гүл: Ноғай жыры. Құрастырған және алғы сөзін жазған профессор Рахманқұл Бердібаев. – Алматы қ.: Жалын, 1989. – 173 б.
2. Қырымның қырық батыры. Ноғайлы жырлары. – Алматы қ.: Арыс, 2005.
3. Ғұмарова М Бұрын зерттелмеген жыр-лар. 1-том, 1кітап.// Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, ҚазССР ҒА баспасы, 1960

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет