Ақын – поэзиялық туындыларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі.
Аллегория (грек. пернелеп айту) – жан-жануарларға адам мінез-құлқының сипаттарын беру. Мысалы, Түлкі – қулық, арыстан – зорлық озбыр, қасқыр – қастық, қоян – қорқақ, сужүректік, есек – ақымақтық.
Аллитерация (лат. «дыбыстық») – дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Мысалы,
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау
(«Ж» әріпі қайталанып тұр) (Абай)
Иран шахқа мұның шақпа, Низами,
Біздің жақта гүл құшақта, Низами.
(«Ш» әріпі қайталанып тұр)
Ассонанс (лат. үйлесім) – дауысты дыбыстардың үндеге қайталануы. Мысалы,
Еңсесі биік ақ орда,
Еңкейіп сәлем бер сана. (Ер Едіге)
Анафора (грек. биікке шығару) – өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың бір сөзбен басталып, қайталана беруі. Мысалы,
Кім көрді көктің жерге құлағанын
Кім көрді күннің жарық сұрағанын. (И.Байзақов)
Бунақ – өлең жолындағы дауысты дыбыстар саны.
4 3 4
М: Қалың елім / қазағым / қайран жұртым
4 3 4
Ұстарасыз / аузыңа / түсті мұртың.
Достарыңызбен бөлісу: |