Тақырыбы: "Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы"
Орындаған: Илтаева.Қ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев өз сөздерінде: "Мемлекеттік рəміздер - барлық уақытта жəне барлық халықтарда мемлекеттілік пен тəуелсіздіктің ауқымды жəне шоғырланған бейнесі. Бізде керемет, идеялық бай Елтаңба, Ту жəне Гимн бар" деп айтқан еді. Елдің тәуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігінің бір көрінісі ретінде саналатын мемлекеттік рәміздер рухани, саяси-адамгершілік салаларының дамуына септігін тигізеді және біртұтас мемлекеттің ұлттық нышаны, тірегі ретінде танылады деп ойлаймын.
Мемлекеттік рəміздер саяси мəдениет пен халықтың мəні туралы ақпаратты қамтиды, қоғамның жəне өз Отанының патриот азаматының саяси санасының қалыптасуына əсер етеді. Осы тұста тағы да елбасымыздың сөздерін айтып кеткім келіп тұр: "Еліміздің қазіргі заманғы мемлекеттік жəне саяси рəміздері қазақ халқы мен республиканы мекендеген ұлт өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қоғамның ескі, тозған атрибуттарын алмастыруды ғана білдірмейді. Бұл республиканың демократиялық жəне құқықтық мемлекет құруға, тұлғаның егемендігі қағидаттарына, оның этностық əр алуан халқының бірлігіне негізделген жаңа қоғам құруға түбегейлі бет бұруының айғағы", – деп Н.Ə. Назарбаев жаңа мемлекеттік рəміздерді қабылдау рəсімінде атап өткен еді. Мемлекеттік рəміздерді ресми бекітудің өзіндік саяси тарихы бар.
Елтаңба, Әнұран, Ту- мемлекеттің ажырас бөлігі. 1994 жылдың маусымның 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы үшін мемлкеттік рәміздеріміздің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн. Республикамыздың елтаңбасы екі сәулеткерлері Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде жарыққа шықты. Елтаңбадағы шаңырақ –ұлтымызға тән белгі. Қай кез болмасын шаңырақ қазақ халқы үшін береке мен бақытты білдіреді. Ортасындағы түндік арқылы тұнық, ашық аспанға көрініс ашылады. Әр шетінен күн сәулесіндей таралғын уықтар өмір мен жылулықтың белгісі. Елтаңбадағы шаңырақ Қазақстанның барлық азамтының, ұлтының бір үйдің мүшесі екенін білдіреді. Әр адамның өзіндік жарық нұсқайтын жолы бар. Қазақ халқы үшін сондай жұлдық елтаңбамыздағы 5 шекті жұлдыз. Екі шеттегі қанатты тұлпарлар үлкен әрі терең мағынаға ие. Ол дұшпанға қарсы шыққанда қорқынышты арыстанды, сұңқардың самғауын, өгіздің күшін, бөкеннің шапшаңдығы мен икемділігін, түлкінің тапқырлығын білдіреді.Қос арғымақ еркіндік пен алға ұмтылысты білдіреді. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісін, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қай мемлекет болмасын әрбіреуі өздерінің жеке туымен жарқырайды. Қазақстан Республикасының туысның авторы- Ш.Ниязбеков. Біздің туымызға ашық аспан секілді қанық көгілдір түс іріктеліп алынған. Көгілдір аспан халқымыздың келешегі бұлтсыз, анық екенін көрсетеді. Тудың ортасындағы күн жарқын болашақ пен өмірдің бастауы. Ертеден-ақ көшпенді халық уақыт мерзімін күн арқылы біліп отырған. Көкте самғаған қыран құс бұрыннан-ақ киелі құс саналады. Бүркіт- тәуелсіздік пен еркіндіктің символы. Ол халқымыздың келешекке деген ұмтылысын көрсетеді. Тудың шетінде қазақ халқының символы қошқар мүйізді ою-өрнек белгіленді. Ою-өрнек молшылық пен байлықтың нышаны. Туымыз туралы: «Біз бір тудың астына біріккен ұлт құрдық, біздің көгілдір аспан түстес туымыз бар, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Күн астында қалықтаған бүркіт халқымыздың жоғары рухын, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады», - деді Тұңғыш Президентіміз.
Әнұран — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек. Мамандар Мемлекеттік әнұран әуенінің музыкалық жарасымын, жанға жайлы әсерлілігін және өзгеше оптимистік рухтағы өршілдігін бөле -жара атайды. Шәймерденов.Е.Ш. "ҚР Мемлекеттік Рәміздері" еңбегінде белгілі музыка білгірі Н.Кетегенованың пікірін көрсетеді:“ол асқақ та мағыналы дәстүрлі халықтың лиро-эпикалық интонацияларын бойына жиған туынды, сонымен бірге онда музыкаға қайрат пен салтанаттылық сипат беретін осы заманғы жаңа әуендер-динамикалық кварталық серпіндер де бар” деген пікіріндеӘнұранның ұлт үшін, ұлт болашағы үшін және жастар рухын көтеруде қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, жарқын болашаққа деген сенімділік нышаны бола алатынын дәлелдейді. "Әнұран өзара ынтымақ пен келісім тәрізді аса маңызды жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген. Оның өнбойында қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі идеялары анық та айшықты көрініс тапқан" деп "Елтаным" кітабында әнұранның абыройын асқақтатады. Алғашқы Әнұранының салтанат құрып тұрғанына қарамастан, республиканың жер-жерлерінде кез келген форум асқақ патриоттық сезіммен сөзін ақиық ақын Ж.Нәжімеденов жазған Ш.Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнін шабыттана шырқаумен аяқталып, ол Қазақстанда тұратын барлық халықтардың жалпыұлттық игілігіне әрі бейресми Әнұранына айнала бастады. Ендеше халықтың жүрегінен орын алған осы ән бүгін де республиканың Әнұраны болып заңдастырылды. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру үшін 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні таңдап алынды.
Біздің халқымыз ерте заманнан бері бала тəрбиесіне ерекше мəн беріп, жас жеткіншектің нағыз адам болуына өз қамқорлығын жасаған. Сондықтан «Баланы жастан» деген нақыл сөз қалдырған. Жас баланы жастайынан өз ана тілінде сөйлетіп, таза сөйлеуге, еңбекке, кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға үйретуде халық педагогикасының алатын орны ерекше. Сондықтан да мектеп өзінің тəрбие жұмысын атқаруда, оқу үдерісі барысында өзге жол іздемей-ақ халық педагогикасына бой бұруы ке- рек. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, эстетикалық тəрбие жұмысы оқушының өмірінде маңызды рөл атқарады. Себебі эстетикалық тəрбие əр баланың бойында өмірлік белсенді позиция қалыптастыруда, ел алдындағы, ата-ана алдындағы борышына саналы қарауға зор ықпал жасайды. Эстетикалық тəрбие жоғарыда айтылған салт-дəстүр, тіл өнері негізінде жүргізілген уақытта ғана оқушыға үлкен əсер етеді. «Отанды сүю от басынан басталады» деп ұққан ата-бабаларымыз отансүйгіштік қасиетті ата-ана, ауыл-аймақтың, елінің намысын қорғауды өз ұрпақтарына бірінші парыз ретінде ұқтырып өсірді.
Қорытындылай келе айтарым, бұл тақырыптың өзектілігі мемлекеттік рəміздердің азаматтардың патриотизмін дамытудағы жəне мəдени-тарихи жадыны сақтаудағы маңыздылығымен анықталады. Шын мəнінде, Рəміздер - əр елдің мемлекеттілігі мен тəуелсіздігінің көрінісі. Мемлекеттік рəміздер бірегей құбылыс ретінде терең тарихи тамырларға ие жəне өркениеттің дамуымен тығыз байланысты. Оның пайда болуы, қалыптасуы жəне сақталуы маңызды əлеуметтік, ақпараттық жəне мəдени функцияларға байланысты.
Мемлекет басшысы жастар алдында сөйлеген сөзінде: "Жарлықпен мен 4 маусымды Қазақстанның Мемлекеттік рəміздері күні деп бекіттім. Мемлекеттік рəміздер күні əрбір қазақстандық отбасында атап өтілетін бүкілхалықтық сүйікті мерекелердің біріне айналатынына сенімдімін" деп бекерден айтпаған. Себебі Мемлекеттік рəміздер жеке тұлғаның патриоттық жəне азаматтық қасиеттерін қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады. Бұл процесс осы елдің азаматының бала кезінен басталады- алдымен отбасында, содан кейін бала-бақшаларда, мектепте, оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қоғамда жалғасады, яғни ол үздіксіз. Патриотизмді қалыптастыру кез келген уақытта жəне кез келген мемлекет үшін өзекті жəне бірінші кезектегі міндет болып табылады. Қазақстанның Мемлекеттік рəміздері-бұл біздің еліміздің тəуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігі идеяларының іске асуы, олар азаматтарға мемлекет негіздеріне құрметпен қарауды, Отанға деген сүйіспеншілікті тəрбиелеуге ықпал етеді жəне қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ойымды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: "Мемлекеттік рәміздер - біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар тәуелсіздіктің біртұтас қасиетті бейнесін білдіреді. Өйткені біз Тәуелсіздік пен Мемлекеттілікті ұлтты сақтаудың алғашқы негізі, ең зор құндылық ретінде қабылдаймыз."