Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі24,58 Kb.
#122869
  1   2   3
Байланысты:
Мақала Мәтін туралы


Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру
Қазіргі зерттеушілер функционалдық сауаттылықты әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қарастырады және оның қалыптасу деңгейін халықтың және жалпы мемлекеттің әл-ауқатының деңгейімен байланыстырады.
Функционалдық сауаттылық – бұл оқушылардың мектепте оқу барысында қол жеткізе алатын білімділік деңгейі, ол адамның өмірдің әртүрлі салаларында кездесетін стандартты өмірлік міндеттерді шеше білу қабілетін білдіреді. Сонымен, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру процесі жекелеген сабақтар немесе тапсырмалар кешені емес, бұл процесс оқу бағдарламасының міндетті компоненті ретінде жүйелі және қисынды құрылымдалуы тиіс.
Оқу сауаттылығы немесе мағыналық оқу оқытудың аса маңызды метапәндік нәтижесі болып табылады, өйткені осы аспекті арқылы пәндік сала бойынша білім мен түсінік қалыптасады. Мағыналық оқу мыналар арқылы қалыптасады.
Оқу сауаттылығы – оқушының ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпретациялау қабілеті болып табылады. Оқушының бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі оның коммуникативтік дағдыларын анықтайды.
Көру, ойлау, тілдердің таңбалық жүйесі, коммуникативтік қарым-қатынас.
«Тіл мен әдебиет» саласы бойынша оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, оқу сауаттылығын арттырып, тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту мақсатында оқу және жазба жұмыстарына басымдық беру болып отыр. Әсіресе, балалардың дыбыстарды дұрыс айта білу, ойын дұрыс жеткізе білу, сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыруға да ерекше назар аударылады. Осы мақсатта әдеби тілдік норма білім алушының жас ерекшелігін ескере отырып, функционалдық тұрғыдан ұсынылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оқу сауаттылығы туралы түсінік беру, білім алушылардың әртүрлі форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдай алуына түрткі жасау.
Мәтін (латын сөзі – texts-өрілім, бірігу сөздерінен шыққан) термині лингвистикада, әдебиеттануда, эстетикада, мәдениеттануда сондай-ақ, философияда кеңінен қолданылады.
Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді.
Мәтіннің (типі) түрі 6 бөліктен тұрады.
Сипаттау («не?» деген сұраққа жауап береді, ақпаратты көрсетеді, техникалық нұсқау)
Баяндау ( мазмұндау) (қандай? қашан? деген сұраққа жауап береді, роман, әңгіме, пьеса, өмірбаян, комикс, оқиға жайындағы газет есебі)
Түсіндіру( мазмұндама) (жад үлгісін көрсететін диаграмма, онлайн- энциклопедия жазбасы)
Дәлелдеу (аргументациялау) (редакторға хат, даулы тақырыпты шешу)
Нұсқау (инстуркция) (қолданудың бағытын көрсетеді, мысалы, рецепт, басқа да нұсқаулар).
Келісім (бір мақсатқа жетуге бағытталған мәтіндер, хаттар, электрондық хаттар, хабарламалар).
Мәтінмен жұмыс жасауда оқушы нені меңгеруі қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет