Реферат Тақырыбы : Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика жаттығулар кешені. Пәні : Дене шынықтыру Топ : Инф 21-1



Дата25.03.2022
өлшемі88,59 Kb.
#28708
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы : Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика жаттығулар кешені.

Пәні : Дене шынықтыру

Топ : Инф 21-1

Орындаған: Әубәкір Сағыныш

Қабылдаған: Абдикулов Мадихан Жаксылыкович

2021-2022 оқу жылы



Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика дене шынықтырудың ең бір кең қолданылатын түрі. Таңертең ұйқыдан кейін жасалатын жаттығу – ағзаны сергітеді, негізгі өмірлік іс әрекет үрдісінін жетілдіреді (қан айналым, тыныс алу, заттек айналымы және т.б.). Таңертеңгілік жаттығу адамның қырағылығын дамытады, тәртіпті арттырады. Гигиеналық жаттығудың мақсаты – денсаулықты нығайту, сергектікті сақтау және жұмысқа қабілеттілікті арттыру. Гимнастика адамның ағзасынның ұйқы кезіндегі тыныштық қалыппынан күнделікті жұмыс жағдайына бірқалыпты ауысуын қамтамасыз етеді.

Таңертеңгі жаттығулармен күнделікті шұғылданатындардың ұйықысы жақсарады, тамаққа тәбеті артады, жалпы хал-жағдай жақсарады, жұмыс істеу қабілеті артады. Гигиеналық гимнастика жүйелі түрде орындау денсаулықты нығайтудың жақсы амалы болып табылады. Жаттығу барлық адамдарға, жас баладан үлкен кісілерге дейін пайдалы. Жаттығу денсаулығы нашар адамдарға және отырып жұмыс істейтін адамдарға өте пайдалы.

Гигиеналық гимнастика жаттығулары қарапайым және әр түрлі ден дайындықтағы адамдарға және денсаулықтары әр түрлі адамдарға да арналады – жасына, жынысына, денсаулығына, жұмыс жағдайына байланысты құрылады. Сонымен қатар гигиеналық жаттығулармен, жаттығуға баяу жүгіру қосылу мүмкін, суға түсу процедуралары және өзіне массаж жасау. Жаттығу құрамына күшті көбейтетін, буындарды қозғалысқа келтіру, дененің сымбатын қалыптастыруға арналған жалпы даму жаттығулары кіреді.

Таңертеңгілік жаттығулар жақсы желдетілетін бөлмеде, егер мүмкіндік болса – таза ауада далада өткізілуі тиіс. Жаттығуды жеңіл, қимыл-қозғалыс жасауға кедергі жасамайтын киім киіп жасау керек, жаттығуды орындау кезінде жалпы хал-ахуалға және дұрыс тыныс алуға басты көңіл аудару қажет.

Жалпы даму жаттығулар таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенінің негізін құрайды. Дұрыс қолдана білу үшін, тек қана керекті бұлшық етерге әсер ету үшін жалпы даму жаттығулары адамның анатомиялық белгілеріне байланысты топтастырылып құрылады:

- қол және иық белдеу бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.

- барлық дененің және мойын бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.

- аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.



- барлық дененің бұлшықеттері арналған жаттығулар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет