Лекция Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыстар»



бет1/9
Дата03.12.2023
өлшемі44,53 Kb.
#134157
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ф-ӘД-001/046
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


Жас ерекшелік психологиясы

№11 Лекция


Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыстар»

Лектор: Ж.Қ.Дүйсенова



Түркістан 2022ж
10 Лекцияның тақырыбы: Жеткіншектік кезеңдегі психологиялық даму ерекшеліктері
Лекцияның оқыту нәтижелері: 2. Әртүрлі жастағылардың дамуының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жас кезеңдері нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезең, бастауыш сыныптық кезең, жеткіншектік кезең, жастық шақ, орта, кемел жас кәне қартгық кезевдер ерекшеліктерін түсінеді, диагностикалайды, нәтижелерін қолдана біледі
3. Әрбір жас кезеңіне байланысты таным процестерінің дамуы, психикалық құбьшыстар, қасиеттер және жас кезеңіне байланысты дағдарыстар мен ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді
6. Адамның әр түрлі өмірлік кезеңдеріндегі онтогенездік психикалық даму барысына болжам жасау жайлы іскерлік пен дағдыларын дамытады;
Лекция жоспары:
Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыстар».
Буллинг және кибербуллинг мәселелері.
Жеткіншектік кезеңдегі депрессия және онымен күрес.
Жеткіншектік кезеңдегі суицит мәселелері және оның алдын алу жолдары
Лекцияның мазмұны:
Буллинг дегеніміз не және одан баланы қалай қорғай аламыз?
Қазақстанда әрбір үшінші жасөспірім құрдастарының тарапынан қысымға ұшырап, буллингтің құрбанына айналады. Ең сорақысы, мұның арты өліммен аяқталуы да мүмкін. Жеткіншектердің арасындағы буллингтің қалай алдын алуға болады?
Ағылшын тілінен аударғанда “bullying” "кемсіту", “келемеждеу”, “қорлау” деген мағынаны білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, буллинг дегеніміз – адамның өзгеге күш көрсетуі, қорлауы. 
Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?
Психологтар буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер етеді, дейді мамандар.
"Балалар арасындағы буллинг бұрыннан бар нәрсе. Тек қазіргі уақытта телефонға түсіріп алу, оны таратып жіберу секілді әрекеттер бұл мәселені одан бетер өршітіп жіберді. Сонымен қатар қазір буллингтің физикалық түріне қарағанда психологиялық шабуылы көбірек байқалады. Балалар арасындағы суицидтің көп белең алып кетуі де осыған байланысты. Алайда біз бұдан физикалық буллингке қарағанда оның психологиялық түрі қауіпті болады деп айта алмаймыз. Бұлардың екеуі де қауіпті. Мысалы, физикалық шабуыл кезінде қудалауға ұшыраған баланы итеріп жіберіп немесе ауыр соққы жасаса, психологиялық түрінде баланы шеттету, мазақтау, күлкіге айналдыру болады. Мұның барлығы да ақыл-есі қатпаған жасөспірімге ауыр әсер етеді"
Психолог мектептегі буллинг көбіне бастауыш және орта сыныптарда кездесетінін айтады. Сөзінше, 10-11 сыныптарда ми құрылымдарының жетілу процестерінің және жасөспірімдердің өзін-өзі реттеу қабілетінің аясында мұндай мәселелер бірте-бірте жойылады.
Басталған буллингті тоқтату өте қиын. Оның қатысушылары да көп болады. Мәселен, буллер қудалауды ойлап тауып, оны жүзеге асырады. Бақылаушылар – олар даудан алшақ жүреді, бірақ болып жатқан жағдайға жақтау немесе қарсылық реакциясын білдіреді. Соңғысы – құрбан болған бала. Психологияда тіпті "бақылаушының жарақаты" деген термин бар. Көп жағдайда балалар үздіксіз зорлық-зомбылықтың куәгері болу тәжірибесін өз бетімен жеңе алмайды. Яғни буллинг тек құрбан болған баланың ғана емес, үнсіз бақылаушы баланың да психикалық денсаулығына зиян келтіреді", – деп түсіндіреді маман.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет