8.2.2.3 - электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Сабақ мақсаты
MS Excel- де кіріктірілген функцияларды (математикалық, статистикалық, логикалық) қолдана отырып есеп шығару.
Бағалау критерилері:
Кіріктірілген функцияларды қолданып, шығарылған есептедің қорытындыларынан ұяшықтың мәнін таба біледі.
Есептерді шығару үшін формулаларды қолдана біледі.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Функциялардың қолдану ережелерін түсіндіре біледі,
Формула мен функциялардың жазылу синтаксисін түсіндіре алады.
Жұптық тапсырмаларды орындау барысында достық қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады. .
Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады.
абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдана білу.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері:
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Оқу ресурстары
Кіріспе бөлім
0-3 мин
1.Ұйымдастыру бөлімі Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айқындау.
Оқушылар сабақ мақсаты мен бағалау критерилерін дәптерлеріне жазады.
Есептерді шығару үшін формулаларды қолдана біледі.
Кіріктірілген функцияларды қолданып есептер шығара біледі.
Презентация
Негізгі бөлім
4-15 мин
2. (ҚБ) Топтық зерттеу жұмысы. Оқушыларды 4 топқа бөліп, оларға берілген тақырып бойынша ақпараттармен таныстыру тапсырмасы беріледі:
1-топ. Логикалық функциялар
2-топ. Мәтіндік функциялар
3-топ. Математикалық функциялар
4-топ. Инженерлік функциялар
Әр топ өз жұмысының нәтижесін постер немесе презентация түрінде ұсынады.
Презентация
16-37 мин
3. (ҚБ) Практикалық жұмыс Тапсырма: Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
Төменде көрсетілген негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостін құрастыру қажет.
Статистикалық функциялар қолданып Қаланың аудандары бойынша салықтардың түсуiн есептеу.
2 суретдегі кестені құрастырыңыз.
Презентация
Сабақтың соңы
38-40 мин
4. Рефлексия: Оқушылар тақырыпты қорытындылау үшін және мұғалімге кері байланыс беру үшін сұрақтарға жауап береді.