«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»
Қаратау тау-кен технолгиялық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ ___ Сұйық және қатты заттарды іріктеу әдістері, сынама іріктегіштердің құрылымы. (сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Химиялық өнім өндірудің технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу
Дайындаған педагог __Ж.Муталипова __
20_ жылғы «__» ____________
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ _1Курс 2022жылБқ-22-2,Эқ22-1,АҚП-22-2
Сабақ типі Аралас сабақ
2. Мақсаты:.1.2 Сұйық және қатты заттарды іріктеу әдістері, сынама іріктегіштердің құрылымын анықтау
Міндеттері: - Сұйық және қатты заттарды іріктеу әдістері, сынама іріктегіштердің құрылымымен танысу;
- зерттеудің тиімді жолдарын анықтау ;
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар; анықтамалық әдебиеттер
3.2 Техникалық құралдар;өз бетінше жұмыс жасауға үлестірмелі материалдар
4. Сабақтың барысы I-Ұйымдастыру. II-Өткенді қайталау IV-Жаңа сабақты меңгеру. Сұйық және қатты заттарды іріктеу әдістері, сынама іріктегіштерінің анализді жүзеге асыру үшін алдымен анализге қойылатын талаптарды толығымен қанағаттандыратын, анализді жүргізу кезіндегі жылдамдық пен тиімділікті жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін әдісті таңдап алады.
Аналитикалық әдістемелердің алуан түрлілігіне қарамастан негізгі операциялар кез келген әдіс үшін ортақ болады және аналитикалық анықтаудың негізгі тізбегін құрайды. Анализдің жалпы операцияларына мыналар жатады:
1) сынаманы іріктеу, орта сынама және нақты үлгі алу;
2) сынаманы ыдырату (ажырату), еріту;
3) бөлу (анықталатын компонентті бөліп алу) және концентрлеу;
4) сандық өлшемдер;
5) анализ нәтижелерін есептеу.
Әрбір әдістемеде бұл кезеңдердің бәрі бірдей іске асырылмайды. Кейде сынаманы еріту немесе алдын ала компоненттерді бір-бірінен бөлудің қажеттілігі болмайды. Мысалы, металдар мен құймалардың эмиссионды-спектроскопиялық анализінде немесе кейбір радиометриялық әдістерде бұл операциялар орындалмайды.
Ең алдымен анализдің жалпы тізбегімен танысу өте маңызды, өйткені жеке операциялармен және анализдің нақты әдістемесімен танысуға мүмкіндік болады, сонымен қатар сынаманы іріктеу, бөлу және тағы да басқа студенттің тәжірибелік бағдарламасына кірмейтін операциялармен танысуға болады.
Сынама алу қателігі – зат түйіршіктерінің мөлшері өскен сайын және сынама мөлшері азайған сайын өседі. Сондықтан, сынама өте аз мөлшерде алынатын анализдеу әдістері (микроанализ) үшін сынаманы өте жоғары дәрежеде гомогендеу керек. Егер анықталатын компонент сынаманың өте азғантай бөлігін құраса және сынамадағы жеке компоненттердің тығыздықтары әртүрлі болса, сынама алу қиындай түседі. Сынаманы алмас бұрын анализденетін затты жақсылап араластыру керек. Анализ жасау үшін алдымен сынаманы азайтып алу керек. Сонымен қатар, сынаманы жақсылап ұсақтау қажет.
Орташа сынаманың мөлшерін мына теңдеу бойынша есептейді:
q=K·dα q – орташа сынаманың мөлшері, кг;
d – түйіршік диаметрі, мм.
Егер d=0,1 мм болса, онда q=0,1·0,12 = 0,001 кг = 1г.
Аналитикалық лабораторияға түскен негізгі сынаманың массасы салыстырмалы түрде үлкен болады. Сынаманы азайтуды бөлшектеу немесе кварттау, шаршылау әдістері арқылы немесе механикалық бөлгіштердің көмегімен жүзеге асыруға болады. Оларды арнайы диірменде немесе басқа арнайы ұсақтағыштарда ұсақтайды және орта сынаманы автоматтандырылған сынама алғыштың көмегiмен де алуға болады.
Кварттау кезінде сынаманы төртбұрыш түрiнде жайып қояды да, төрт үшбұрышқа диагоналдарымен бөледi. Демек, екi қарама-қарсы бөлiктерді лақтырып тастайды, ал қалған екеуiн қосады, тағы да ұсақтайды, содан кейін тағы кварттайды, яғни 4 бөлiкке бөледi және екi қарама-қарсыларын лақтырып тастайды. Осындай жолмен алынған орта сынама бiрнеше он шақты массадан 1 кг дейінгі материалдың ұсақталған түріне байланысты, тиiстi елеуiш арқылы қалдықсыз еленеді және берік тығыны бар шыны ыдысқа салынады. Талдау үшiн алдын ала алынған үлгінің бірнеше сынамасы агаттық ступкада қосымша уқаланады. Металдық үлгiнің орта сынамасы бұрғылап немесе станокта жоңқасын алумен таңдалады. Бөлшектеуді, яғни кварттауды сақина және конус тәсілдері арқылы іске асырады. Бұдан басқа да тәсілдері бар. Шаршылау кезінде сынаманы сызғыштың көмегімен тегіс және таза жерге тегістеп жаяды, содан соң шахматтық реттегі квадраттардан сынама алады. Егер сынаманы саусақпен сипап немесе уқалап көргенде, оның түйіршіктері қолға білінбейтін болса, онда ол сынаманың жақсы ұсақталғанының белгісі. Анализ жасау үшін анализденетін сынаманың қатты не сұйық күйіндегі белгілі мөлшерін дәл өлшеп алу керек.