әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтау;
шығармадан дәлел келтіре отырып талдау.
Презентация
5 минут
Жаңа сабақ
Оқушыларға Шоқан Уәлихановтың суреті көрсетіледі. Олар Ш. Уәлиханов туралы білетіндерін айтады.
10 минут
Тапсырмалар
1-тапсырма
Мәтінді оқып, негізгі ойын анықта. Оқушылар Ш. Уәлиханов және «Ыстықкөл сапарының күнделігі» туралы берілген мәтінді оқып, не туралы жазылғанын ойланып, жазады.
Мәтін XIX ғасырда Ресей империясы Орта Азия, Шығыс Түркістан өлкелеріндегі мемлекеттермен сауда және саяси қатынастарды орнату мақсатында зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып отырды. Орыс Географиялық Қоғамының зерттеушілері аталған өлкелерге жасаған саяхаттары туралы құнды еңбектер қалдырған.
Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.
Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады.
Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Ыстықкөл аймағына сапарға шығып, жол бойы көрген-білгенін қағазға түсіріп, күнделік ретінде жазып отырған. 18 сәуір мен 23 маусым аралығында жазылған. Бұл сол заманға ерекше жаңалық болып енді. Сол заман демей-ақ қазірдің өзінде осындай әрі күнделік, әрі әдебиет, әрі тың зерттеу еңбегі ретінде жарық көрген осындай құнды туынды жоқ десе де болады. Зерттеуші осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.