Нұсқаулық:: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша



Дата28.11.2023
өлшемі20,69 Kb.
#130710
Байланысты:
2 вариант МОДО казахский язык Т1

Оқу сауаттылығы




Нұсқаулық:: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

  1. Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлеріне толықтай жойылу қаупі төнді. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына жоғалуы мен саны азаюына байланысты бірқатар жануарлар кірген. Олар бірнеше санатқа бөлінген: І санат – жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен; ІІ санат – апатты түрде саны қысқарып бара жатқан; III санат – сирек кездесетін, саны аз табылған; IV санат – белгісіз (толық зерттелмеген); V санаты – тұрақты бақылауды қажет ететін жерсіндірілген жануарлар.

  2. Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірі – қарақұйрық. Ол – сирек кездесетін жануарлар түріне жатады. Кейбір аудандарда саны азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде, ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендейді.

  3. Алтай тауының арқары – елімізде толықтай жойылу қаупі төнген жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар. Олар теңіз деңгейінен 800- 3000 м биіктікте мекендейді. Алтай арқарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан, Күршім жотасының оңтүстік сілемінен, Қалмақшы өзенінің жоғары ағысындағы биік таулы шоқылардан, сондай-ақ Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейлерінен кездестіруге болады.

  4. Қазақстан арқарының таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келуде. Қазіргі уақытта Қазақстан арқарының саны 11,8 мың басқа дейін өскен екен. Бұл жануар таудың жазықтау учаскелерін мекендейді. Олар орын ауыстырып, шамалы маусымдық көшу жасайды. Ал, құрғақшылық кезінде және қыста қар қалың түссе алыс қашықтыққа ауысады. Әдетте, таңертең және кешке белсенді.

  5. Қаратау арқарының жоғалып кету қаупі бар. Олар таулардың далалық, тегіс аймақтарын мекендейді. Бұталармен қоршалған құзды шатқалдарда жүреді.

  6. Қабылан – өте сирек кездесетін жыртқыш. Қабыландар түрлі типтегі шөлдерде мекендейді. Олар тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Қабылан қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті, жоғалып кетуі де мүмкін.

  1. Mәтінде ІV санатқа кіретін жануарлардың ерекшелігі

    1. Бақылауды қажет ететін жерсіндірілген жануарлар

    2. Жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен

    3. Апатты түрде саны қысқарып бара жатқан

    4. Белгісіз, толық зерттелмеген

    5. Сирек кездесетін, саны аз табылған

  2. Қазақстанның Қызыл кітабына жануарларды тіркеу себебі

    1. Жоғалуы мен санының азаюына байланысты

    2. Санының көбеюіне байланысты

    3. Зерттеулер жүргізу мақсатында

    4. Көпшілікке таныстыру үшін

    5. Төзімділігін зерттеу мақсатында

  3. Бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және саз балшықты шөлдерді мекендейтін жануар

    1. Қазақстан арқары

    2. Қабылан

    3. Қарақұйрық

    4. Қаратау арқары

    5. Алтай арқары

  4. Mәтіннің 6-азатжолында берілген жануар жайлы ақпарат

    1. Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейінде кездеседі.

    2. Түрлі типтегі шөлдерде мекендейді.

    3. Теңіз деңгейінен 800-3000 м биіктікте мекендейді.

    4. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар.

    5. Олар қыста жиі тамақтанады.

  5. Mәтінде таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келіп жатқан жануар туралы айтылған азатжол

    1. 1

    2. 6

    3. 4

    4. 3

    5. 5

  6. Tеңіз деңгейінен 800-3000 м биіктікте мекендейтін жануар

    1. Қарақұйрық

    2. Алатау арқары

    3. Қаратау арқары

    4. Алтай арқары

    5. Қабылан

  7. Kөптеген жануар түрлерінің толықтай жойылу қаупіне ұшырау себебі

    1. Ауа райының күрт өзгеруінен.

    2. Адамдардың тіршілік ету ортасындағы белсенділігінен.

    3. Жауын-шышынның болмауына байланысты.

    4. Қолайлы жасыл орта қалыптастыра алмағандықтан.

    5. Суық ауа райының қолайсыздық тудырғандығынан.




  1. Mәтін бойынша Қазақстан арқарының ерекшелігі

    1. Ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, теріскен басқан тоғайларда мекендейді.

    2. Құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендейді.

    3. Орын ауыстырып, шамалы маусымдық көшу жасайды.

    4. Өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді.

    5. Субтропиктік аймақтардағы ормандарда тіршілік етеді.

  2. Mәтін мазмұны бойынша ІІ, III санатқа тән ерекшеліктер

    1. Жерсіндірілген жануарлар, белгісіз

    2. Жоғалып кеткен, тұрақты бақылауды қажет ететін

    3. Жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен

    4. Саны аз табылған, белгісіз (толық зерттелмеген)

    5. Апатты түрде саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін

  3. Mәтіндегі негізгі ой

    1. дала жануарларын қорғау

    2. Алтай тауын дәріптеу

    3. үй жануарларын қорғау

    4. құстар мен жануарларды қорғау

    5. өсімдіктерді қорғау


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет