Қалыпқа салу.Ұсатылып араластырылған фаршты ішіне 1-2кг фарш сиятын, шошқаның майы жағылған темір қалыпқа салады. Деликатес паштетін басқаша қалыпқа салады: алдын-ала шошқа майы жағылған қалыпқа пергамент қағазын төсейді, содан-соң оның үстіне қыртыс майын салады, оның үстіне фаршты толтырады.
Пісіру. Қалыптағы фаршты ротациондық пештерде пісіреді. Паштетті 120-175оС температурада 3-4 сағат пісіреді, паштеттің қалың жеріндегі температура 72оС-қа жеткенде пісіру аяқталды деп саналады.