Эмпирикалық психологиялық зерттеудегі методология ұғымы Тақырып 1



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі21,68 Kb.
#137149
  1   2   3   4


Эмпирикалық психологиялық зерттеудегі методология ұғымы
Тақырып 1. Эксперименталды психологияға кіріспе. Эксперименттегі экспериментатордың әсерін бақылауының тәсілдерінің анализі. Экспериментті анализде, тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды табу. Зерттеуге әсер ететін бақылаусыз жағдайларды табу (ғылыми жұмыс материалында). Ғылыми мәселені мысал түрінде қарастырып, оның эксперименталды жоспарын қалыптастыру және оны аргументтеу. Эксперименталды психологияға кіріспе. Методология, әдіс, әдістеме туралы ұғым. Жалпы және арнайы ғылым методологиясы. Эксперименттік психологияның қалыптасуының алғышарттары. Басқа ғылымдар дамуының эксперименттік психология дамуына әсері. Эксперименттік және эксперименттік емес әдістер, олардың тарихи дамуы және қазіргі психологияның әр түрлі бөлімдеріндегі қолдануы.
Тақырып 2. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері. Алғашқы мәліметтер алудың негізгі тәсілдері. Бақылау және өз-өзін бақылау. Әңгіме және интервью. Психологиялық өлшеу әдістері. Психологиядағы эксперимент. Психодиагностикалық процедуралар. Эмпирикалық мәліметтердің талқылауының жалпы мінездемесі. Сапалық, реттестік, метрикалық мәліметтер. Мәліметтерді жазу, графика және аналитика түрінде көрсету (бақылаудың мақсатқа байланысты болуы). «Экспертиза мотивациясының» зерттеуі – зерттелушінің психологиялық экспериментке кіруінің ретінде.
Тақырып 3. Психологиядағы бақылау әдісі. Бақылау эмпирикалық мәліметтерді жинақтау тәсілі ретінде. Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері: бақылаушының «пассивтілігі», алынған мәліметтердің «тікелейлік» сипаты. Бақылау түрлерінің классификациясы: бақылау мақсатына байланысты /бақылауға бағытталған және еркін бақылау/, бақылауды ұйымдастыруға байланысты /табиғи, лабораториялық және арнайы қалыптастырған бақылау/, хронологиялық ұйымдастыруға байланысты / лонгитюдті, кезендік және бір ғана бақылау/, есеп беру түрінде байланысты/ стандартталынған және стандартталынбаған бақылау/. Бақылауды жоспарлау. Бақылаудың стандартталған процедурасы. Бақылауды хронологиялық тұрғыда ұйымдастыру. Бақылау мәліметтерінің объективтілігі мәселесі. Бақылау әдісін қолданудағы валидтілік. Бақылаудың сенімділігі. Бақылау және психологиядағы басқа әдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет