Эмпирикалық зерттеу әдісі Теориялық зерттеу әдісі



Дата04.11.2023
өлшемі17,63 Kb.
#121865

Педагогикалық зерттеудің әдістері

Эмпирикалық зерттеу әдісі

Теориялық зерттеу әдісі



Бақылау әдісі - зерттелетін объектінің мінез-құлқын мақсатты және ұйымдасқан түрде қабылдау мен жазуды қамтитын сипаттамалық зерттеу әдісі



Әдебиет көздерін оқып білу- зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтап, оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырып бойынша әдебиеттермен танысу

Сауалнама жүргізу- материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттел-ген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.

Талдау және жинақтау. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір- біріне қатынасы көрініс табады.

Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, бі-лім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәсе-лелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді.

Абстракциялау. Екі түрі бар: Талдап қорыту көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу- бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушілерге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі

Сұхбат – бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады.

Тұжырым. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады

Эксперимент - заңдылықтарды орнату, фактілерді табу.

Ұқсастыру. Заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

Педагогикалық консилиум әдісі.Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулары себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды.

Модельдеу- зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір обьектісімен алмастырылатын зерттеу әдісі

Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін

Болжау- зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.

Тестілеу – бұл жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданыла-тын стандартты әдіс.

Математикалық және статистикалық әдістер-педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы санлық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады

Іс-құжаттарды талдау және зерттеу зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет.

Тіркеу- педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады.

Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді.

Ранжерлеу әдісі- деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет