Емтиханға дайындық сұрақтары



Дата20.06.2023
өлшемі151,95 Kb.
#102612

Емтиханға дайындық сұрақтары







Сұрақтар

Бөлім

1

Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.



1-сұрақ

2

Қаржылық қызметтің міндеттері және функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және бақылау функциялары.



1-сұрақ

3

Қаржының материалды категория ретіндегі және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.



1-сұрақ

4

Қаржылық құқықтың пәні, қаржылық қатынастардың ерекшеліктері.



1-сұрақ

5

Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.



1-сұрақ

6

Қаржылық құқықтық нормалар, түсінігі,белгілері, ерекшеліктері, құрылысы.



1-сұрақ

7



Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері.



1-сұрақ

8

Қаржылық-құқықтық қатынастар, түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері, түрлері.



1-сұрақ

9



Қаржылық бақылаудың жалпы сипаттаасы мен бақылау тәсілдері.

1-сұрақ

10

Қазақстан Республикасында қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар, олардың атқаратын функциялары.



1-сұрақ

11

Қаржылық бақылаудың түрлері.



1-сұрақ

12

Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі, оған кіретін институттар (құрамы).



1-сұрақ

13

Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасы.



1-сұрақ

14

Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.



1-сұрақ

15

Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.

1-сұрақ

16



Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің элементтері.



1-сұрақ

17

Қолда жоқ ақшамен есеп айырысудың түрлері, оның маңызы.



1-сұрақ

18

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің құқықтық негіздері.



1-сұрақ

19

Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістері.



1-сұрақ

20

Қаржылық қызметтің ақша қорларын бөлу тәсілдері.



1-сұрақ

21

Ақшаның пайда болуы тарихы.



1-сұрақ

22

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің құқықтық жағдайы.



1-сұрақ

23

Қаржылық қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкциялар.

1-сұрақ

24

Қаржылық жоспарлаудың сатылары

1-сұрақ

25

Қаржылық жоспарлаудың қағидалары

1-сұрақ

26

Мемлекеттік қаржы саласындағы басқарудың ұғымы мен жалпы сипаттамасы

1-сұрақ

27

Мемлекеттің қаржылық құрылысы және оның элементтері

1-сұрақ

28

Қаржы құқығының жалпы бөлімінің институты ретінде, қаржылық құрылысты құқықтық реттеу.

1-сұрақ

29

Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтың түрлері

1-сұрақ

30

Қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілері мен құрамы



1-сұрақ

31

Бюджеттік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері және жүйесі.



2-сұрақ

32

Бюджеттік құқықтық нормалардың түсінігі, белгілері және құрылысы.



2-сұрақ

33

Бюджеттік құқықтың қайнар көздері. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі.

2-сұрақ

34

Қаржылық құқық пен бюджеттік құқықтың ара қатынасы. Ұқсастықтары мен ерекшеліктері.

2-сұрақ

35

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

2-сұрақ

36

Төтенше бюджеттің қабылдану негіздері және бекітілу тәртібі

2-сұрақ

37

Республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі



2-сұрақ

38

Жергілікті бюджеттің жобасын жасау және оны бекіту тәртібі



2-сұрақ

39

Бюджеттегі кірістер мен шығыстардың түсінігі.

2-сұрақ

40

Қазақстан Республикасының ақша жүйесін ретке келтіру әдістері: деноминация, ревальвация, девальвация, нуллиификация.

2-сұрақ

41

Бюджеттік қызмет саласында жасалынатын құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын санкциялар.



2-сұрақ

42

Қазақстан Республикасының банкілік жүйесі.



2-сұрақ

43

Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.



2-сұрақ

44

Қазақстан Республикасының өкілетті органының банктерге қадағалау жүргізу функциялары.



2-сұрақ

45

Салықтарға тән белгілер, олардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары.



2-сұрақ

46

Қазақстан Республикасындағы салықтық жүйе.



2-сұрақ

47

Қазақстан Республикасындағы міндетті сақтандыру түрлері.



2-сұрақ

48

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру түрлері және оның әртүрлі негіздерге жіктелуі.



2-сұрақ

49

Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының құрылу тәртібі.



2-сұрақ

50

Сақтандыру қатынастарына қатысушы субъектілердің түсінігі, олардың құқықтық жағдайы (сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған тұлға, пайда көруші).



2-сұрақ

51

Салық құқығының ұғымы, пәні және жүйесі

2-сұрақ

52

Салықтың элементтері, түрлері және функциялары

2-сұрақ

53

Салықтық бақылау

2-сұрақ

54

Салық салу саласындағы басқару

2-сұрақ

55

Мүлікке, жерге және көлік құралдарына салынатын салықтардың ерекшелігі

2-сұрақ

56

Мемлекеттік қарыз алудың ұғымы, түрлері және нысандары

2-сұрақ

57

Мемлекеттік қарыз

2-сұрақ

58

Қаржы-шаруашылық құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасы

2-сұрақ

59

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі

2-сұрақ

60

Қазақстанның Даму банкі: мақсаты, негізгі функциялары және қаржылық өкілеттіктері.

2-сұрақ

61

Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді. Бұл шешім бюджетке түсетін кіріс деңгейінің төмендеуімен түсіндірілді. Аудан әкімінің шешімі заңды ма? Өз жауабыңды нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасап негізде.

3-сұрақ

62

Тәжірибелік сұрақ: Уақытша сақтау қоймасындағы тауарларды жеке кәсіпкер толық кедендік рәсімдеу аяқталмай жатып саудаға шығара бастады. УСҚ-ғы тауарлармен қандай операциялар жасауға болады. Аталған жағдайда қаржылық құқықтық қатынастар орын алған ба?

3-сұрақ

63

Тәжірибелік сұрақ: Интелъектуалдық меншік объектісін азамат өзі автор болғандықтан уәкілетті органның келісімінсіз кеден шекарасынан сыртқа шығармақ болды, оның бұл әрекетін кеден органы заңсыз деп танып іс қозғады. Бұл жерде құқық бұзушылық орын алған ба? Орын алған болса, қандай түрі?



3-сұрақ

64

Тәжірибелік сұрақ: Тауарлардың кедендік құның анықтау кезінде азамат Б. тауардың құнына оның сақтандыру құның енгізілуіне қарсылық білдірді. Оның әрекеті дұрыс па? Аталған мысалда сақтандыру қызметі орын алған ба?

3-сұрақ

65

Тәжірибелік сұрақ: Кәсіпкер Д. Қазақстан Республикасына ірі мөлшерде электр құралдарын әкеліп, ол туралы тек екі ай өткен соң кеден органына мәлімдеді. Бұл жерде құқық бұзушылық орын алған ба? Орын алған болса, қандай түрі?

3-сұрақ

66

Тәжірибелік сұрақ: Тасымалдаушы компания тауарды халықаралық почта қызметін ұйымға өткізіп, ол туралы тауар межелі жеріне жеткенде ғана кеден органына хабарлады. Аталған мысалда қаржы шаруашылық қатынастар орын алған ба? Қаржы шаруашылық қатынастар қандай жағдайда орын алады?



3-сұрақ

67

Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың шешімімен республикалық бюджетке трансфертті қысқарту туралы шешім қабылданды. Ол шешім кіріс деңгейінің төмендеуімен және бюджеттің қаражат жұмсауға байланысты кейбір бөлігінің орындалуына мүмкін еместігімен түсіндірілді.
Облыстық мәслихаттың шешімі заңды ма? Жауабыңды толық негізде.



3-сұрақ

68

Тәжірибелік сұрақ: «Инвест Табыс» Серіктестігі Қазақстанда өндірілмейтін құрал жабдықтарды инвестициялық жоба аясында кедендік жеңілдікпен, яғни баж төлемей ҚР-на әкелді. Салық қатынастары орын алған ба? Салық элементтері қандай?



3-сұрақ

69

Тәжірибелік сұрақ: Аудан әкімінің шешімімен ауылшаруашылық өндірісті қолдау мақсатында бюджеттен тыс қаржылық қор қалыптастырылды.
Қор жергілікті бюджетке түскен салықтық қаржыдан қалыптастырылды. Аудан әкімінің шешімі заңды ма?

3-сұрақ

70

Тәжірибелік сұрақ: Облыстық мәслихаттың ревизиялық комиссиясын облыстық әкімнің тікелей өзі басқаруы туралы шешім қабылданды. Бұл шешім облыстық бюджет атқарылуына қатаң қадағалау қажеттілігімен түсіндірілді. Облыс әкімінің шешімі заңды ма?



3-сұрақ

71

Тәжірибелік сұрақ: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттілігінің құқықтық жағдайы қандай? Өзге мемлекеттерде осы мәселеге байланысты қандай реформалар жүргізілуде?



3-сұрақ

72

Тәжірибелік сұрақ: Қзақстан Республиксының 2011-2013 жылдарға арналған бюджет туралы заңы. Оның орындалуы мен ерекшеліктері.



3-сұрақ

73

Тәжірибелік сұрақ: «Адал» ЖШС-і 2009 жылы ҚХР-нан көп мөлшерде ауылшаруашылық құрал жабдықтарын әкелу мақсатында аудан әкімімен келісіп аудан бюджетінен 1000000 теңе алды. Аудан әкімі бөлінген ақша қаражатын ауылшаруашылықтың деңгейін көтеру мақсатында дұрыс жасалған игі іс деп түсіндірді.
Аудан әкімінің шешімі заңды ма?



3-сұрақ

74

Тәжірибелік сұрақ: Облыстық бюджет қаражатын толтыру мақсатында облыс әкімі, облыс аумағынан жүретін көліктерге қосымша ақы тағайындады.Облыс әкімінің әрекеті заңды ма?



3-сұрақ

75

Тәжірибелік сұрақ: Банк саласындағы кризиспен күресу мақсатында, Ұлттық Банктің басшылығы ҚР Ұлттық қорынан екінші дәрежедегі банктерге несие беру туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк басшылығының шешімі дұрыс па?

3-сұрақ

76

Тәжірибелік сұрақ: Бюджет тапшылығы және ол кезде мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар.



3-сұрақ

77

Тәжірибелік сұрақ: «Арман» Өндірістік кооперативі өндірілген тауарлары үшін мемлекеттен жеңілдіктер алып отыр. Мұндай жеңілдіктерді алудың және ұсынудын шарттары қандай?



3-сұрақ

78

Тәжірибелік сұрақ: «Азимут» ЖШС-і шет мемлекеттен тауарлар әкелу кезінде кеден органының тауарға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасын жүргізудің тәртібімен және тауарға берілген жіктеу кодымен келіспеді. Қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба?



3-сұрақ

79

Тәжірибелік сұрақ: Жеке кәсіпкер А. Кеден қоймасын ашу үшін кеден органына жолданды. Кеден органының лауазымды қызметкері ол үшін оның жеке меншікте үй-жайы болуы керек екендігін түсіндіріп өтінішті қабылдамады. Оның әрекеті заңды ма? Аталған жағдайда құқық бұзушылық орын алған ба?

3-сұрақ

80

Тәжірибелік сұрақ: Азамат Түрік Республикасынан Қазақстанға жеке мақсатта деп 5 жұп аяқ киім, 4 былғары тон, 10 костюм алып келді. Оған қатысты кеден органдары кеден заңнамсын бұзғандығы үшін әкімшілік іс қозғады. Аталған жағдайда қаржылық құқықтық қатынастар орын алған ба? Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерін ата.



3-сұрақ

81

Тәжірибелік сұрақ: Азамат П. Кеден шекарасы арқылы құны 130000 теңгелік зергерлік бұйымдар алып өтпекші болды, оған қарсы Кеден органы контрабанда үшін қылмыстық іс қозғады.
Аталған жағдайда қаржылық құқықтық қатынастар орын алған ба? Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілерін ата.



3-сұрақ

82

Тәжірибелік сұрақ: Мұнай экспорттаушы компания экспорттық рента салығын мұнайдың Қазақстан Республикасындағы нарықтық бағамы негізінде есептеп толтырды.
Аталған жағдайда бюджеттік құқықтық қатынастар орын алған ба? Бюджеттік құқықтық қатынастардың орын алу реті қандай?

3-сұрақ

83

Тәжірибелік сұрақ: Кеден ісі саласындағы тарифтік реттеу шарасы ретінде ҚР-нің үкіметі Қытайдан келетін аяқ киімдерге демпингке қарсы баж енгізді. Аталған жағдайда салықтық құқықтық қатынастар орын алған ба? Салықтық құқықтық қатынастардың объектілерін ата.

3-сұрақ

84

Тәжірибелік сұрақ: Азамат М. АҚШ-тан автокөлік алып келіп оны 5 айдан кейін тауарлардың еркін айналысы кедендік рәсіміне орналастыру үшін кеден органына жүгінді. Аталған жағдайда мемлекет тарпынан бюджеттік бақылау орын алады ма? Бюджеттік бақылаудың обьектілер қандай?



3-сұрақ

85

Тәжірибелік сұрақ: «Ару» ЖШС-і Қытайдан матаны Қырғыз Республикасына әкеліп әртүрлі киімдер тігеді. Ал ол тауарларды Қазақстанға әкеліп сатады. Аталған мысалда салық қызметтің құқықтық нысандары орын алады ма?
Салық қызметтің құқықтық нысандары дегеніміз не?

3-сұрақ

86

Тәжірибелік сұрақ: Электр энергиясын экспорттаушы ЖШС айдын басында уақытша декларациялау негізінде Ресейге 20 МВт электр энергиясын шығаратындығын мәлімдеді. Ал ай соңында есеп бойынша 21 МВт шығарғандығы белгілі болды. Оның әрекетінде құқық бұзушылық бар ма? Тауарларды декларациялау тәртібі қандай?

3-сұрақ

87

Тәжірибелік сұрақ: Азамат Б. Жеке пайдалануға деп шет елден 15 құты виски, 2000 дана темекі өнімін және 20 кг-ға жуық азық-түлік алып келді.
Аталған жағдайда мемлекет тарпынан бюджеттік түсімдер қарастырылады ма?

3-сұрақ

88

Тәжірибелік сұрақ: Азамат Т. Кеден брокері лицензиясын алу үшін кеден органына жүгінді, оған кеден органы кеден брокері лицензиясын алу үшін 5 мың еуро алым төлеу керек екендігін айтып өтінішін қабылдамады. Аталған жағдайда салықтық құқықтық қатынастар орын алған ба?



3-сұрақ

89

Тәжірибелік сұрақ: Азамат Д. Кеден органына тауарларды кедендік ресімдеу үшін қазақ тілінде өтініш берді. Алайда оған кедендік ресімдеу бағдарламасының орыс тілінде екендігін айтып, одан өтінішті орыс тіліндне беруін өтінді. Аталған жағдайда қаржы-шаруашылық құқықтық қатынастар орын алған ба? Қаржы-шаруашылық құқықтық қатынастардың орын алу реті қандай?



3-сұрақ

90

Тәжірибелік сұрақ: Азамат 12 мың АҚШ долларын кеден шекарасы арқылы алып өтпек болды. Аталған жағдайда қаржылық құқық бұзушылық орын алған ба?

3-сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет