1. Жоспарлаудың қызметтері.Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
2. Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны. Тәрбие жұмысының алуан түрлі формаларын жоспарлау.
3. Педагогика ғылымындағы «Ұжым» туралы түсінік. Жеке тұлға және ұжымның өзара қатынасының моделі. Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі ретінде.
1 тақырып
Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы. Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.
Нақты бағыттар мен әрекет түрлерін анықтаушылық Болжаулық,яғни жанама іс-қимыл көрсету,нақты әрекет арқылы нәтиже көрсету
Үйлестірушілік,ұйымдастырушылық Әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығы,оның объектісі және субъектісі кім болатынын,оның басқа түрлерінің өзара қатынасын,сол сияқты әрекетін көрсету,олардың орнын уақытын кім,қашан,қайда орындайтынын анықтау
Бақылаушылық,қойылған мақсаттардың жүзеге асуын қадағалау
Қалпына келтірушілік,кез-келген уақыт аралығында жоспар бойынша істелінген жүмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру
Сынып жетекшісінің жоспары маңызды құжаттың бірі. Ол сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға жәрдемдесуі үшін педагогикалық талаптарға жауап беруі тиіс. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады: