Әнуар Дербісәлиннің ғылыми-әдеби мұрасы
Б.Б.Алиев,
аға оқытушы
Қазақстан, Ақтөбе
Белгілі әдебиетші – ғалым Ә.Дербісәлин 1929 жылы Ақтӛбе облысы, ойыл ауданы
Саралжын совхозында дүниеге келді. 1943 жылы Саралжын жеті жылдық мектебін, 1946
жылы Ақтӛбенің Н.байғанин атындағы мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті
факультетін, 1950 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының қазақ тілі
мен әдебиеті факультетін үздік бітіреді де, сол жылы Ойыл орта мектебіне мұғалім болып
қызмет істейді.
1951-1954 жылдары қазіргі Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым академиясы
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институтының аспирантурасында оқиды. 1955
жылы «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі» деген тақырыпта кандидаттық
диссертация, 1969 жылы «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиетінің даму
жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1983 жылы Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүше-
корреспондеті болып сайланды.
Ғылым 1986 жылы шілде айында 57 жасында кенеттен қайтыс болды.
Қырық жылға жуық уақытын ғылым саласына арнаған ғалымның қазақ әдебиетінің
негізгі мәселелері бойынша қалам тартпаған саласы кемде кем. Қазақ әдебиеті тарихының
қалыптасу негіздері, дәстүр және жаңашылдық олардың даму жолдары – ғалымның
зерттеу еңбектерінің негізгі ӛзегі. Ә.Дербісәлин қаламнан туған кітаптар, сын –мақалалар
ой тереңдігімен, қазақ әдебиетіндегі кӛркемдік ізденістер табиғатын тереңдей ашуымен,
ӛзіндік кӛркем ӛрнегімен, кӛкейкесті мәселені қозғайтын ӛткірлігімен ерекшеленеді.
Ә.Дербісәлин – қазақ әдебиетінің тарихын алғашқы зерттеушілері С.Сейфуллин,
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов т.б. ғалымдардан кейінірек шыққан буынның ӛкілі.
50 - жылдардың басында қазақ әдебиеттану ғылымына үркердей болып бір топ талантты
жастар келді. Олар келе алдындағы ағаларының бастаған істерін батыл жалғастырып,
алып кеткен, бүгіндері танымал ғалымдар З.Ахметов, А.Нұрқатов, Б.Сахариев,
Ә.Дербісәлин, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Н.Ғабдуллин, Ә.Нарымбетов,
С.Ордалиев, М.Атымов т.б. Бұл буынның ӛзіне тән ерекшеліктері кӛп. Соның бәреуі – бұл
кезде әдебиет тарихының методологиясы бір ізге түсе қоймаған, қазақ әдебиеті тарихына
байланысты материалдарды ӛздері іздей, жинай жүре зерттеуі, зерттей жүріп жинауы,
сӛйтіп әдебиеттану ғылымын дамыта түсуі. Ғалымның әдебиеттану зерттеу саласындағы
еңбектерін негізінен екі үлкен салаға бӛліп қарауға болады. Бірі – қазақ әдебиетінің кӛне
дәуірі, екіншісі XIX ғасыр және XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы жӛніндегі
зерттеулері. Бұл екі саланың әсіресе соңғы саласында Ә.Дербісәлин алғашқы
тұжырымдаушы, негіздеушілердің бірі ретінде еңбек етті. Ғалым зерттеулерінің ішіндегі
ең сүбелісі – Ы.Алтынсарин шығармашылығы деуге болады. Ыбырайды бүгінгі оқушы
қауым, жалпы жұртшылық қалай түсінеді, қандай дәрежеде ұғынады десек, осы ұғым
түсінігіміз үшін біздер алдымен Ә.Дербісәлинге қарыздармыз. Себебі Ы.Алтынсариннің
ӛмірін, ақындығын, жазушылығын, аудармашылығын алғаш түбегейлі зерттеуші де осы
Ә.Дербісәлин. Ғалымның кӛптеген мақалаларын есептемегенде, Ыбырай туралы оның сан
қырын кӛрсететін бірнеше кітаптары жарық кӛрді. (Ыбырай Алтынсарин. Алматы., 1956;
Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы. Алматы, 1957; О литературном наследии
Ибрая Алтынсарина, Алматы, 1957 т.б.). Ыбырайдың ағартушылық, педагогикалық
қызметін бӛліп қараудың ӛзі бүтінді бӛлшектеумен тең екенін ескерсек, осы орайда,
Ыбырайдың ӛмірі мен шығармашылығын толық талдап, жан-жақты қамтыған Әнуардың
Ы.Алтынсарин туралы зерттеу кітаптары ғылымға қосылған үлкен үлес. Ғалымның тағы
бір түбегейлі зерттеген тақырыптарының бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Қазақ
әдебиетінің Қазан тӛңкерісіне дейінгі бірнеше жүз жылдық тарихында алғашқы он жеті
жылдың орны ерекше. Әдебиеттануда бұл күрделі де қысқа мезгіл Ұлы Қазан алдындағы
немесе ХХ ғасыр басындағы әдеби кезең болып саналады. Кезеңнің күрделілік себептерін
тарихи әлеуметтік , саяси-әлеуметтік, кӛркемдеу жағдайларымен түсіндіруге болады. Ең
алдымен атап айтарлық жай – бұл кезең Ресейдегі ұлы тӛңкерістер кезеңі, Ұлт - азаттық
қозғалысының бүкіл дүниеде ӛріс алған тұсы. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ӛзіне
дейінгі әдебиеттің барша озық, халықтың адамгершілік, кӛркемдік дәстүрін жаңа дәуірде
онан әрі жалғастырып, оларды алдағы мүлде жаңа заман әдебиетіне ұластыруға тиіс
болды. Міне осындай қиын да күрделі кезеңнің әдебиеті туралы 1969 жылы «Қазақтың
Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиетінің даму жолдары» деген тақырыпта
докторлық диссертация қорғап, кітап етіп шығарды. Жалпы монография ғалымның ұзақ
жылдар бойы сарыла да байыпты түрде тексеруінің нәтижесінде туған қазіргі әдебиеттану
ғылымындағы бір дәуірдің үлкен әдебиетін зерттеген елеулі еңбек екенін айтуымыз керек.
Ӛмірдің соңғы жылдарында қазақ әдебиетінің кӛне дәуірін зерттеуге баса назар аударды
және ӛзі осы ісіне жетекшілік жасап 1982 жылы «ХV-XVIIIғасырлардағы жыраулар
поэзиясы», «Оғыз-наме, Мұхаббат-наме» (1986) деген алғашқы ұжымдық кітап шығарды.
Жалпы қазақ әдебиетінің тарихы соңғы жылдарға дейін кӛбінесе ХVІІІ ғасырдың соңғы
тұсынан бастап зерттеліп келгендігі мәлім. Яғни қазақ әдебиетшілері арасында осы мәселе
тұрғысында екі түрлі пікір қалыптасты. Кӛптеген зерттеушілер қазақ әдебиетінің тарихын
Бұхардан бастап, оған дейінгі әдебиетті жоққа шығарды. Ә.Дербісәлин 1982 жылы «ХV-
ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» атты кітаптың алғы сӛзінде: қазақ әдебиеті
тарихында айтарлықтай үлесі бар, бірақ кӛптеген еленбей, ескерілмей келген ақындар
шығармашылығын сӛз еткен. Әсіресе, қазақ деп аталатын халықтың бір ұлыс құрамында
қауымдасқан кезінен бастап қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің алғашқы ӛкілдері
Асанқайғы, Қазтуған, Шалгез жыраулардың поэзиясына ерекше тоқталған. Ең алдымен
сӛз болып отырған дәуірдің поэзиясы фольклор емес, алғашқы тұстан бастап фольклордан
іргесін бӛлектеп, профессионал әдебиет жасауға бағыт ұстаған баяу да болса ӛзгеше бір
кӛркемдік іздену, даралану жолы әрине, саналы түрде таңдалған жол емес, кӛненің
жалғасы екендігін танытады, - дейді [1]
Осы дәуірде ӛмір сүрген жыраулар поэзиясының ӛзара тұтастық, жалғастық күйде
дамығандығын кӛрсетеді. Кӛне дәуір әдебиетін зерттеу барысында Б.Кенжебаев,
Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов құрастырған “Ертедегі
әдебиет нұсқалары” жинағы мен М.Мағауинның “Алдаспан” еңбегін ерекше атайды.
Ә.Дербісәлин әсіресе, “Ертедегі әдебиет нұсқалары” жинағын таратып кӛрсеткен. Бұл
еңбек екі бӛлімнен тұрады. Алғашқы бӛлімде Х-ХУІІІ ғасырлар поэзиясы сӛз болады.
Бірінші бӛлімде зерттеушілер Орхон-Енисей жазбаларынан бастап Рабғузидің “Қиссас-
сул-әмбия” кітабына дейінгі жазба деректердің қазақ тіліне, мәдениетіне қатысы туралы
айтылады. Осы салыстырулар мен пікірлердің алғашқы іздену, шағын түйін дерек екенін
айта келіп, Ә.Дербісәлин осы ХІ-ХІУ ғасырларда туған жазба ескерткіштер жӛнінде
қазіргі позициямыз айқын, - дейді. Себебі, бұл жазба ескерткіштер кӛпке дейін бір
халыққа телініп келді. Ал біз болсақ осы аймақты мекендеген ру-тайпалар жеке-жеке
халық болып топтасқанға дейінгі дәуірлерде пайда болғандықтан, бұл ескерткіштерден
тіл, тарих, этнография тұрғысына қаншалықты ортақтығымызды айқындауға қажетпіз, -
деп келелі пікір қозғайды.
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы белгілі жыраулар Доспамбет, Шобан жӛнінде ноғайлы,
қазақ жұртына ортақ тұлғалар екендігін айтады. Автор ХУ ғасырдағы Сыпыра
жырларынан бастап Шал ақындардың дәуіріне дейінгі қазақ әдебиетіне шолу жасай
отырып, табиғи жалғастықты, шығармашылық ӛсуді бір-біріне тигізген әсерін
айқындайды. Халқымыздың бірнеше ғасырлық поэзиялық тәжірибесін кейінгі әдебиет
үшін қайнар бұлақ болғандығын кӛрсетуге тырысқан.
Ә.Дербісәлин толғау жанрының да туу тарихы мен дамуын, қалыптасуын, ӛсу
жолын толғау жанры хақында зерттеу еңбегінде терең айқындайды. Бұл зерттеуінде автор
жеке ақындар творчествосының ауыз әдебиетін бӛлініп шығуы мен жанрлық
ерекшеліктеріне тоқталған.
Толғау жанрының туып, қалыптасуына мол үлес қосқан Асан, Қазтуған, Шәлгез,
Жиембет жыраулардың толғауларының ішкі мазмұны мен кӛркемдік бедерлеріне
тоқталады.
«Әдебиет туралы толғаныстар» 1990 жылы жарық кӛрді. Аталған кітап Қазақстан
Республикасы ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы
профессор Шәмшиябану Сәтбаеваның «Байсалды зерттеуші» деген алғы сӛзінен шықты.
2005ж. Алматыда «Арда» баспасынан «Ыбырай Алтынсарин» атты деректі баян
кітабының Ыбырайтанудың жарқын беттері деуімізге болады. Ӛйткені мұнда
ғалымның кӛп жылғы еңбегі әдемі кӛркем тілмен баяндалып берілген.
2009ж. «Арда» баспасынан шыққан «Байтақ пен Бәйтерек» жинағы ғалым
тұлғасын айқындай, толықтыра түсетін сүбелі еңбек.
Ә.Дербісәлиннің адалдық, азаматтық, ғалымдық ӛмірі – ғылымға кіршіксіз таза,
адал да абыройлы еңбек етудің тамаша үлгілерінің бірі. Ол ӛзінің қаламдас, қанаттас
достарымен бірге қазақ әдебиеттану негіздерін берік қалап, оның ӛз алдына үлкен ғылым
дәрежесіне кӛтерілуіне дейін талмай қызмет етті., оған ӛз тарапынан үлкен үлес қосты.
Ӛзінің дархан талантымен, терең білімімен қазақ әдебиеттану ғылымына зор үлес қосқан
Әнуар Дербісәлин қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу саласында ӛзіндік орны бар ерекше
тұлға.
Әдебиеттер тізімі
1. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы. – А.: Ғылым, 1982.
2. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – А.: Ғылым, 1985.
3. Дәстүрмен жалғастық. – А.: Ғылым, 1976.
4. “Махабат наме”, “Оғыз наме”. – А.: Ғылым, 1986.
5. Қорқытата. – А.: Ғылым, 1993.
6. Ыбырай Алтынсарин. – А.: Арда баспасы, 2005.
7. Байтақ пен Бәйтерек. –А.: Арда, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |