Әож 675: 639 Дәулеталиев Т. Н., Абаева Қ. Т



жүктеу 254.12 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.03.2017
өлшемі254.12 Kb.

117 

 

ӘОЖ 675:639 

 

Дәулеталиев Т.Н., Абаева Қ.Т. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті



 

 

ТЕРІ МЕН МЕХТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨНДІРІЛЕТІН 



ӨНІМНІҢ ТАУАРЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ЖҮН ЖАБЫНДЫСЫНЫҢ ӨЗГЕРГІШТЕРІ 

ӘСЕР ЕТЕТІНІН  ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 



 

Андатпа 

Берілген  мақалада  тері  мен  мехты  дайындау  және  өңдеу  өнеркәсібін  өндірілетін 

өнімнің  тауарлық  қасиеттеріне  жүн  жабындысы  өзгергіштерінің  әсер  ететінін  ескере 

отырып,  дамытудың  тиімділігі  қарастырылған.  Мақалада  Еуропа  елдері  мен 

Қазақстандағы тері өңдеу өнеркәсіптерінің қазіргі жай-күйі салыстырылып, дайын өнімнің 

тауарлық қасиетеріне өз әсерін тигізетін өзгергіштердің негізгі түрлері баяндалған. 



Кілт  сөздер:  тері  мен  мехты  дайындау  және  өңдеу  өнеркәсібі,  жүн  жабындысы, 

өзгергіштер, тиімділік. 



 

Тері өңдеу өнеркәсібі жеңіл өнеркәсіптің құрамына кіретін күрделі салалардың бірі. 

Бұл  сала  теріні  сыпырып  алудан  бастап,  дайын  өнім  алуға  дейінгі  бірнеше    өңдірістік 

кезеңдерден тұрады. Теріні сыпырып алу, майсыздандыру, керу, консервілеу және кептіру 

процестерінен кейін ғана дайын тері өнімі қолданысқа шығады. Өнеркәсіптің осы саласын 

көтеру  арқасында  бірқатар  елдер  мемлекеттің  қорына  біршама  пайда  түсіруде.  Бұл  сала 

халықты жұмыспен қамтып елдің әл-ауқатын көтереді. 

Еуроодақ елдерінде тері және мехты дайындау және өңдеу өнеркәсібі  

Жоғарғы  сапасы  мен  сәнді  үлгісінің  арқасында  европалық  тері  өндірісі  саласының 

өнімдері  дүние  жүзінде  жоғары  бағаланады.  Еуропалық  тері  өңдеу  кәсіпорындары  тері 

өнімдерінің барлық түрін өндіруде көп ғасырлық дәстүрге ие. Өндірістің икемділігі, сән 

әлемінің  жаңа  талаптарына  бейімдеушілік  пен  тұтынушылық  сұраныстың  өзгергіштігіне 

жылдам әсер ету қасиеттері дүние жүзінің нарығында алдыңғы орындарды ұстап тұруға өз 

ықпалын тигізеді. 

Өңдеуді  процестерінен  кейін  заманауи  технологияларына  сүйене  және    тек  қана 

жоғарғы  сапалы  шикізатты  қолдана  отырып  еуропалық  жеңіл  өнеркәсіптің  тері  өңдеу 

саласы әлемдік көшбасшы ретінде есептелінеді. 

Еуропалық  тері  өңдеу  өнеркәсібінің  құрамына  3000  компания  кіреді,  бұл 

компанияларда  53000-нан  астам  адам  жұмыс  істейді.  Еуроодақ  елдерінде  тері  өңдеу 

өнеркәсібінің  жылдық  тауар  айналымы  9600  млн  еуроны  құраcа,  орта  есеппен  бір 

компанияның жылдық тауар айналымы  4-5 млн еуроны құрайды. 

Еуроодақ  елдерінің  тері  өнеркәсібінің  географиялық  таралуы  бойынша 

кәсіпорындардың  81,1%-ы  Италия  елінде  орналасқан  мұнда  еуропалық  еуропалық   

жұмысшылардың  57%-ы    жұмыс  істейді.  Жалпы  тері  өндірісі  бойынша  Италия  бірінші 

орынға ие бұл ел жалпы өнімнің 66%-нан астам бөлігін өндіреді. 

Үлкен  артта  қалушылықпен    Испания  екінші  орынды  иемденеді  (7,1  %  кәсіпорын, 

тауар айналым -14,3 %). 

 

 

 



 

 


118 

 

Кесте – Тері және мехтан жартылай өнім өндірудің көлемі 



 

Атаулары  

2010 

2011 


2012 

Жалпы 


өндірістен 

Тері шикізаты (тонна) 

5500 

5500 


5500 

--- 


Теріден алынатын былғары (мың. кв м.) 

27200  28300  27700 

56,5% 

Қой терілерінен алынатын былғары (мың. кв м.) 



11 600  14000  14300 

29,2% 


Тонға қажет-   

ті тері (мың. кв м.) 

3100 

3500 


3300 

6,7% 


ешкі (мың. кв м.) 

2320 


3350 

3750 


7,6% 

Барлығы (мың. кв. м.)  

44220  49150  49050 

100% 


 

Біздің  еліміздегі  тері  өңдеу  өнеркәсібінің  қазіргі  жай-күйі  жоғары  деңгейде  емес. 

Табиғи  ресурстың  мол  қорының  болуына  қарамастан,  оларды  тиімді  пайдалану  жолға 

қойылмағандықтан,  өндірістің  бұл  саласындағы  толағай  жетістіктерімізбен  мақтана 

алмаймыз. 

Кең байтақ Қазақстан териториясында дәмді ет, құнды тері, дәрі-дәрмектік шикізат 

беретін  жабайы  жануарлардың  көптеген  түрлері  тіршілік  ететіндігі  белгілі.  Оған  бізде 

құстың  481  түрі,  сүт  қоректілердің  155  түрі  өмір  сүретіндігін  айтсақ  та  жеткілікті. 

Еліміздегі  экономикасын  көтеретін  өнеркәсіп  салаларының  бірі  жеңіл  өнеркәсіп,  оның 

ішінде тері өндірісі екені белгілі. Табиғаттың осыншама мол байлығын зор қамқорлыққа 

алып,  тиімді  пайдалана  білсек,  халық  шаруашылығының  даму  деңгейін  көтеріп,  халық 

игілігіне қосымша қыруар табыс түсіруге болар еді.  

Жеңіл өнеркәсіптің және шетелдерге шығарылатын шикізат көздерінің бірі- құнды 

аң терісі.   Қазақстанның табиғат байлығының бұл түрі - терісі бағалы аңдары өте нашар 

пайдаланылып келеді.  

Қазақстанда  жабайы  аңдар  терісін  дайындау  бірнеше  есе  кеміп  кетті.  Міне,  соның 

есесін осы аң фермаларының өнімі арқылы толықтыруға әбден болады. Қазір Қазақстанда 

дайындалып  жүрген  барлық  аң  терілерінің  12-15%-ейі  жабайы  хайуанаттардікі  де,  82-

85%-

і  қолда  өсірілетін  аң  фермаларының  үлесіне  тиеді.  Тек  Қазақстанның  аң  өсіретін 



шаруашылықтары ғана жыл сайын мемлекетке 200-300 мың таза табыс түсіріп отырады. 

Келешекте  мұндай  шаруашылықтарды  дамыту  арқылы  осы  табысты  бірнеше  есеге 

арттыруға әбден болады.   

Ресми  деректерге  жүгінсек,  жыл  сайын  7,5  миллион  тонна  тері  шикізат  күйінде 

шетелге кетіп жатыр. Оның біразы заңды жолмен экспортталса, басым бөлігі көмейі кең 

көлеңкелі  бизнестің  көрігін  қыздыруда.  Сарапшылардың  болжамы  бойынша,  елден 

жасырын  кетіп  жатқан  тері-терсектен  мемлекеттік  бюджет  шамамен  5  млрд.  теңгеден 

қағылып отырса керек.  

Республикамызда  аң  терілерін  мол  өндірудің  тағы  бір  тиімді  жолы-  терісі  құнды 

кейбір  аң  терілерін  арнаулы  фермаларда  өсіру.  Сонымен  бірге  үлпілдек  әдемі  жүні  мен 

жағымды жеңіл етіне бола үй қояны сияқты өте өсімтал аңды өсіру көп пайда келтіреді. 

Әрине, бұл бағытта бізде едәуір жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл игіліктер істі келешекте 

де дамыта беру мәселесіне қазір үлкен мән беріліп отыр.  

Мұнда жоғарыда аталған Республикамыздағы әртүрлі аңшылық шаруашылықтарын 

алдына  терісі  бағалы  аңдардың  қорын  тиімді  пайдалану  мен  көбейту  және  өсірілетін 


119 

 

аңдардың  терілерін  молырақ  дайындау  жөнінде  көптеген  нақты  шараларды  жүргізу 



белгіленеді.  

Халық  шаруашылығына,  әсіресе,  жеңіл  өнеркәсіпке  қажетті  шикізаттар  алынатын 

жабайы  аңдардың  қорын  тиімді  пайдалану,  көбейту  және  өте  сирек  кездесетін 

хайуанаттарды  қорғау  аңшылық  шаруашылықтары  мен  табиғатты  қорғау  қоғамдарының 

және аңшылар мен балықшылар одағының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 

Дегенмен,  табиғат  байлықтарын  тиімді  пайдалануға  жүйелі  жолға  қойылып  келе 

жатқан  жұмыстардың  бірі  –  аңшылық  шаруашылықтары.  Біздің  елімізде  бұл  халық 

шаруашылығының  бір  саласы  болып  есептеледі.  Оның  негізгі  мақсаты  -  терісі  бағалы 

аңдардың  және  басқа  да  кәсіптік  маңызы  бар  хайуанаттардың  санын  көбейте  отырып, 

оларды  тиімді  пайдалануға,  халықты  қымбат  бағалы  аң  терілерімен,  дәмді  етпен  және 

басқа аңшылық өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазір Республикамызда 14 арнаулы кәсіптік 

аңшылық  шаруашылығы  мен  аң  өсіретін  ферма  бар.  Бұл  шаруашылықтардың  да 

штабында 600-дей тәжірбиелі аңшы жұмыс істейді. Сондай-ақ, Қазақстанда аңшылар мен 

балықшылар  одағына  қарасты  500-ге  жуық  тіркелген  аңшылық  шаруашылық  бар. 

Республикамыздың 60 млн. гектардай жері аң аулауға жарамды. Оның 25 милион гектарға 

жуығы аңшылық қоғамдарының қарамағына бекітіліп берілген. Бұларда аң сол аңшылық 

шаруашылықтарына  иелік  ететін  ұйымдардың  рұқсатымен  ауланады.  Бұл  тіркелген 

аңшылық  шаруашылықтар  бағалы  аңдардың  санын  көбейтуге  және  жабайы  құстарды 

өсіруге, оларды қорғауға жылына бір миллион сомға жуық қаржы  жұмсайды. Тіркелген 

аңшылық шаруашылықтарының 150 мыңдай мүшесі бар. Жыл сайын аң аулау маусымы 

басталған  кезде  көптеген  адамдар,  әсіресе,  аңшылар  мен  табиғат  әуесқойлары  сол 

шаруашылықтарға саяхат шегіп, аң-құс аулап, таза ауада демалып қайтады. 

Сондықтан,  аң  шаруашылығының  жұмысын  жақсартудың  маңызы  өте  зор. 

Халқымыздың  әл-ауқаты  тұрмыс–жағдайы  күннен күнге  жақсара  түскен  сайын  олардың 

бағасы да әсем аң терілерінен тігілген сәнді де жылы киімдерге деген талап тілектері өсе 

түсде.  Бұл талапты қанағаттандыру үшін ең алдымен аң шаруашылығын дамыту қажет-

ақ. Оның ішінде, әсіресе, терісі құнды аңдарды арнаулы шаруашылықтар мен фермаларда 

өсіру өте пайдалы. Оның тиімділігі көп жылғы тәжірибеденде дәлелденіп отыр. 

Мемлекетте  аң  терісін  тапсыруда  оларды  торда  өсіру  шаруашылықтарының  рөлі 

жылдан-жылға артып келеді.  

Республикамызда  аң  терілерін  мол  өндірудің  тағы  бір  тиімді  жолы  -  терісі  құнды 

кейбір  аң  терілерін  арнаулы  фермаларда  өсіру.  Аңды  өсіру  көп  пайда  келтіреді.  Әрине, 

бұл  бағытта  бізде  едәуір  жұмыстар  жүргізіліп  келеді.  Бұл  игіліктер  істі  келешекте  де 

дамыта  беру  мәселесіне  қазір  үлкен  мән  беріліп  отыр.  Республикамыздағы  әртүрлі 

аңшылық шаруашылықтарын алдына терісі бағалы аңдардың қорын тиімді пайдалану мен 

көбейту және өсірілетін аңдардың терілерін молырақ дайындау жөнінде көптеген нақты 

шараларды жүргізу белгіленеді.  

Еліміздегі  марал  мен  бұғының  95  пайызы  шығыста  шоғырланған.  Облыста  марал 

мен  теңбіл  бұғыларды  өсірумен  16  шаруашылық  айналысады.  Оның  ішінде  3  390  бас 

марал өсіретін төрт марал шаруашылығы және 933 бас бұғы өсіретін бір бұғы шаруашы-

лығы асылтұқымды мал шаруашылығы қатарына жатады. 

Марал – бұл европалық бұғының бір түрі. Маралдар ірі жануарлар: ересек маралдың 

бойы 160 см, салмағы 300-350 кг-ға дейін жетеді. Ұрғашы маралдар ұсақтау болып келеді. 

Марал терісінің түсі қоңырқай сұр; жаз кезінде жүні оңып біткеннен кейін жүнінің түсі 

жирен-қызыл болады. Бұғы секілді марал төлінің де терісі алапес болып келеді. 

Марал терісінен күдері, ат әбзелін, қалың киім, аяқ киім, киіз үй жабынын жасаған. 

Тек  тері  ғана  емес  маралдардан  алынатын  пайдалы  заттарды  адамдар  ертерек  толықтай 

қолданған. Тағамға тіпті шегін пайдаланған одан үй шұжығын жасаған. Марал мүйіздері 

тұрғын үйді әшекейлеуге жұмсалған. Осылайша, маралдарды үнемі пайдаланған жағдайда 


120 

 

біршама  құнды  өнім  бере  алады.  Алайда  қазір  жағдай  басқаша.  Тері  өңдеуші  ұйымдар 



марал терісін алмайды, тері, ішек-қарын және басымен бірге атып алынған жерде алады. 

Ірі  өнеркәсіптер  Марал  терісін  өңдеуге  қызығушылық  танытпайды,  ал  жергілікті 

тұрғындар  тері  өңдеу  дағдысын  жоғалтқан.  Марал  терісін  өңдеу  жеңіл  өнеркәсіпте 

пайдалану  ісі  төмен  деңгейде.  Марал  терісін  өңдеу  барысында  олардың  өзгергіштік 

қасиеттерін ескере отырып пайдалану тиімді  әдіс болып табылады және бұл әдіс біршама 

оң нәтижелерін берер еді. 

Жалпы  жануарлардың  терілеріне  өзгергіштердің  әсері  өте  зор.  Өзгергіштер 

жануарлардың  тері  қабатының  беріктігіне,  ауданына,  жүн  жабындысының  түсіне, 

бояуына,  жылтырлығына,  ұзындығына,  қоюлығына,  биіктігіне  және  т.б.  тауарлық 

қасиеттеріне әсер етеді.  

Өзгергіштің  түрлері  көп.  Олар:  жеке  өзгергіштік,  жасына  қарай  өзгергіштік, 

жыныстық өзгергіштік, географиялық өзгергіштік, маусымдық өзгергіштік, және де қысқы 

ұйқыға  жатпайтын  аңдардың  түлеуі,  қысқы  ұйқыға  жататын  аңдардың  түлеуі,  аңдардың 

түлеу мерзімінің өзгеруі және т.б. факторлар.  

Географиялық  өзгергіштік  бір  түрдегі  бағалы  терілері  бар  аңдардың  жабынды 

қылшықтарының  және  тері  ұлпаларының  өзгеруіне  олар  таралған,  өсіп  -  өнген 

аудандарының    ауа-райы,  қоректену  мүмкіншіліктері  және  басқа  да  себеп-салдар  әсер 

етеді. 


Маралдың  тіршілік  ету  жері  сирек  орманмен  қапталған  тау  белдеуі  танаптары 

маралдар  барлық  бұғылар  секілді  далалық  жерден  шыққан.  Орман  олар  үшін  тығылуға 

қолайлы,  ал  шалғындарда  маралдар  қоректенеді.  Бұғылар  кез-келген  орман  түрінде 

кездесе береді, бірақ көбіне сирек қарағай орманында кездестіруге болады.  

Тянь-Шаньда маралдардың мекен ету орны шырша ормандары, азықтың мол болуы 

маралдарды  осы  жерде  жыл  бойы  ұстайды.  Бірақ  бұл  жерлер  үнемі  мол  азықты  бола 

бермейді, 20-25 жылда жаңа шығып келе жатқан ағаш өспелері шөп өсуін тежейді. Сөйтіп, 

мұндай биотоптарда маралдардың азықтық танаптары нашарлайды. Жүн жабындысының    

сапасына  өзгергіштер  өз  әсерін  тигізетіндіктен  олардың  әрқайсысын  ескере  отырып 

шаруашылық  жүргізу  керек.  Мысалы,  маусымдық  өзгергіштік  –  бағалы  терілі  аңдардың 

көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы тері ұлпалары мен жүн жабындыларының өзгеруі. Бұл 

өзгергіштік терісі бағалы аңдардың бәріне тән қасиет. Маусымдық өзгергіштік аңдардың 

әр  маусымның  табиғи  жағдайының  өзгеруіне  бейімділігі.  Бір  жылдың  ішінде  аңдардың 

жабынды  қылшықтардың  биіктігі,  жұмсақтығы,  реңі  –  бояуы,  қоюлығы,  ал  терілерінің 

қалыңдығы  мен  бояу  түсі  өзгеріп  отырады.  Терілердегі  жабынды  қылшықтың  маусым 

сайын  өзгеріп  отыруын  түлеу  дейміз.  Еркек  маралдың  жазғы  жүні  денесінің  кей 

жерлерінде  ақшыл  немесе  кұласұр;  жоны  мен  бүйірлері  түстері  бойынша  әлсіз 

ерекшеленеді: күл қоңыр немесе қызғылт қоңыр. Қарнында жүн күл түстес, сирақтарының 

жүні түсі қоюырақ және қысқа болып келеді.  

Марал аналығының қысқы жүні жалпы сипатта еркегімен ұқсас, кейде бас жүнінің 

түсі  аз  ерекшеленуі  мүмкін.  Құлақтарында  қоңыр  сұр,  мойын  жүні  қою  каштан,  мойын 

жүнінің  түсі  әсіресе  өзгермелі.  Жон  арқасында  қою  қоныр  немесе  ақшыл  қоңыр  жолақ 

бар. Аналық маралдың жазғы түсі  бір реңкті.   

Нағыз  бұғылардың  жүні  екі  рет  өзгереді:  көктемде  және  күзде.  Көктемгі  түлеу 

сәуірде  басталады,  мамыр  айында  аяқталады.  Күзгі  түлеу  тамыз  айында  басталады, 

қыркүйек айында аяқталады. Кейде қараша айына дейін созылуы мүмкін. Маралдың жүн 

жамылғысы қалың, жылу өткізгіштігі төмен, сынғыш.  

Жасына қарай өзгергіштік дегеніміз – аңдардың дене тұрқының, тері ұлпаларының 

тығыздығы  мен  қалыңдығы  және  жабынды  қылшықтары  бояуының  өзгеріп  әр  түрлі 

болуы. 


121 

 

Ересек марал еркегінің жүнінің түсі қыс мезгілде келесідей: басының төбесі қоңыр, 



бүйірлері ашық қоныр, құлақтары ашық қонырқай сұр түсті. Мойнының ұзын жүнінің түсі 

қара-сұр  немесе  қоңыр.  Тұлғасының  жоғарғы  жағы  қою  сұр,    кейде  ақшыл  реңкті, 

арқасында  қою  түсті  орама  әлсіз  берілген,    көбінесе  мүлде  болмайды.  Бүйірлері 

сұрғылттау, ақшыл сұр, құласұр түсті, қарны мен төсі қоңырқай жүнмен қапталған, шап 

арасы жүні қоңырқай қара.  

Марал  терісі  биік,  қою,  дөрекі  жүн  жабындысымен,  ұзын,  қалың,  сынғыш,  иілгіш 

қылшық талшықтарынан және өте жұқа түбіттерден тұрады. Жүн жабындысының күшті 

жетілуінің  салдарынан  марал  терісінің  эпидермисі  өте  жұқа.  Жүн  жабындысының  ұш 

жағы  бұралған,  сүйір,  ұзын-  бағыттаушы  талшық,  жұқа,  бағыттаушы  талшықтан  қысқа, 

сүйір-  қылшық  және  жоғарғы  жағы  жіңішке,  ұшы  сәл  иілген-аралық  талшық,  жұқа,  өте 

нәзік, ұшы сүйір, ирек талшық – түбіт бар. Марал терісін жайылма тәсілімен сыпырады. 

Құрғақтай  тұздау  әдісімен  консервілейді.  Майсыздандыру  әдісі  марал  терісіне  2-3  рет 

жасалынады.  Теріні  рамалы  кергіштермен  керіп  немесе  төрт  жағын  кішігірім  шегемен 

қағып  кептіреді.  Дайындалған  марал  терісінің  салмағы  10  кг  мен  30  кг  аралығында 

болады.  

Марал  терісі  қалың  әрі  жүн  талшығы  қатты  болғандықтан,  одан  бағалы  заттар 

жасалынбайды. Марал терісінен аланатын өнімдер: қалың етіктер, сумкалар, былғарылар, 

ұлтарақтар, щеткалар және де т.б. заттар жасайды және төсеніш, былғары өңдейді. Марал 

терісінің  екі  үстіңгі  спилоктан  аяқ  киімнің  үстіңгі  жағына  «велюр»  тәрізді,  ал  астыңғы 

спилоктан  астына  төсейтін  былғары  дайындалады.  Мүйіз,  сүйектерінен  көрмелік  заттар 

және пышақ сабын, қолға ұстайтын таяқша т.б. заттар  жасайды.  

Өзгергіштік қасиеттерді ескере отырып, жабайы аңдардың терісін өңдеу  өнеркәсібін 

дамыту  жоғары  нәтижелер  берер  еді.  Өйткені,  терінің  және  жүн  жабындысының  түр 

сипаты, қалыңдығы, жылтырлығы, тығыздығы, серпімділігі теріден дайын өнім алу үшін 

ескерілетін маңызды факторлар. Бұл факторларды жақсарту үшін өзгергіштік қасиеттерін 

ескеру керек екені белгілі. 

Аңшылық кәсіпшілігі халық шаруашылығына әртүрлі товарлы өнімдер береді. Бірақ 

аңшылықтың  ең  негізгі  және  өте  бағалы  өнімі  –  терісі.  Сондықтан  туған  өлкемізде 

кездесетін  терісі  бағалы  аңдардың  қорын  тиімді  пайдаланудың  және  қорғаудың  маңызы 

орасан зор. 

 

Әдебиеттер 



 

1.

 



«Терісі бағалы аңдар: оларды пайдалану және қорғау», Алматы «Қайнар баспасы» 

1982ж. 


2.

 

Х.  Қыдырбаев,    А.    Бекенов  «Қазақстанның  аң  байлығы»  «Қайнар  баспасы» 



Алматы – 1973 ж. 

3.

 



А. Бекенов. «Қазақстанда сирек кездесетін аңдар мен құстарды қорғау төл ісіміз». 

Алматы – 1975 ж.  

4.

 

А. Бекенов, Б.Е. Есжанов «Қазақстан сүтқоректілері», Алматы, 1995ж. 



5.

 

Клышова Е.Н., Панфилова Е.Е., Экономика организации –М:Форум-Инфа, 2005,- 



336 с. 

 

 



 

 

 



 

 


122 

 

Т.Н. Даулеталиев, К.Т. Абаева 



 

ЭФФЕКТИВНОСТЬ РАЗВИТИЯ ПРОМЫШЛЕННОСТИ ИЗГОТОВЛЕНИЯ И ОБРАБОТКИ 

КОЖИ И МЕХА УЧИТЫВАЯ ВЛИЯНИЕ ИЗМЕНЧИВОСТИ ШЕРСТЯНОГО ПОКРЫТИЯ 

НА ТОВАРНЫЕ КАЧЕСТВА ПРОИЗВОДИМОГО ПРОДУКТА. 

 

В данной статье рассмотривается  



эффективность 

развития 

промышленности 

изготовления и обработки кожи и меха учитывая влияние изменчивости шерстяного покрытия 

на товарные качества производимого продукта. В  статье  сравниваются нынешние  состоянии 

кожанной  промышленности  Европейских  стран  и  Казахстана  и  излагается  главные  виды 

изменчивости которые неприменно влияют на товарные качества готовой продукции. 

Ключевые слова: промышленность изготовления и обработки кожи и меха, шерстянное 

покрытие, изменчивости, эффективность. 

 

T.N. Dauletaliev,



K.T. Abaeva 

 

EFFECTIVENES OF DEVELOPMENT OF INDUSTRY OF MAKING AND TREATMENT 



OF SKIN AND FUR INFLUENCE OF CHANGEABILITY OF WOOLEN COVERAGE ON 

COMMODITY QUALITIES OF PRODUCIBLE PRODUCT 

 

In the article presented compared the state of  FUR industry of the European countries and 



Kazakhstan and expounded main types of changeability that influence on commodity qualities of 

the prepared products. 

In article a taking into account efficiency of development of industry of making and 

treatment of skin and fur influence of changeability of woolen coverage on commodity qualities 

of producible product are considered. 

 

 



 

 

 



 

Keywords:  industry of making and treatment of skin and fur,  woolen coverage, 

changeability, quality. 

 

 

УДК 575.1:634.10.13 



 

Жумагулова Ж.Б. 

 

(Казахский национальный аграрный университет) 



 

ВЛИЯНИЕ РАЗЛИЧНЫХ СПОСОБОВ ПРЕДОБРАБОТКИ ПОЧЕК ГРУШИ  

НА ЭФФЕКТИВНОСТЬ ЗАМОРАЖИВАНИЯ 

 

Аннотация 

Рассматриваются  повышения  жизнеспособности  спящих  зимующих  почек  груши 

при  криоконсервации  и  снижения    периода  подготовки    к  замораживанию.  Опыты  по 

оптимизации методов криосохранения проведены с почками при естественной влажности 

и  подсушенными  до  30%  содержания  влаги.  Испытано  влияния  криопротекторов  и 

способов  предобработки  почек  на  жизнеспособность  после  замораживания.  Выявлено 

следующие  подходящие  криопротекторы    для  замораживания  и  жизнеспособности 

спящих почек  груши –  PVS3, PVS4, ИББР-1. 



Ключевые  слова:  криоконсервация,    криопротекторы,  спящие  почки  груши, 

замораживание, жидкий азот, естественная влажность, подсушенная влажность. 



Каталог: files -> parts -> 2014 3
parts -> Тойлыбаева Н. Ш., Кентбаев Е. Ж
parts -> Əож 373 013: 37. 033/. 035 Карбаева Ш. Ш
parts -> 130 Касымбеков И. С., Туркеев М. К., Тургумбеков А. А
parts -> Əож 637. 136. Омарова Ұ.Қ., Ережепова M. Ш., Бутин Б. М., Бəзілбаев С. М
2014 3 -> С., Шойбекова А. Ж. Жоо оқытушысының педагогикалық шеберлігін қалыптастыру мәселелері
parts -> Книга Казахстана. Позвоночные животные. Алматы, 2010. 327 с
parts -> Суримбаева К. А., Раисов Б. О., Алимбекова Н. А., Сейитказы Г. С
parts -> Природные ресурсы и перспективы внедрения растении солодки в флоре жамбылской области в производству


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет