Әож 82(091) Қ. Қ. Мәдібаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ. д., профессор, Алматы, Қазақстан



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі471,53 Kb.
#16267


40 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 

№ 4 (138). 2012 

 

 

 



 

ӘОЖ 82(091) 

Қ. Қ. Мәдібаева 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ.д., профессор, Алматы, Қазақстан 



 

Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеу еңбегі 

 

Аннотация. Автор Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеу еңбектеріндегі дәуірлеу,  жанрлық 

жаңғыру, жеке тұлғаның шығармашылық тұғыры, ауызша мен жазба әдебиеттің айырым белгілері 

туралы тұғырнамалық танымына зер салған. 



Түйінді сөздер. Әдебиет тарихы, фольклортану, әдеби таным 

 

Қазақ  әдебиетінің  тарихын  дәуірлеу,  оны 



іштей  кезеңдерге  бөлу,  жанрлық  жүйесін  түзу  

ұстанымдары  қазақ  әдебиеттану    ғылымының 

қалыптасып,  дамуында  мән-мазмұнымен  тұ-

ғырлы негіздемеге  айналған  Мұхтар  Омарханұлы 

Әуезовтің  осы    бағыттағы  тарихи  еңбегі  аса 

елеулі. Бұл тұрғыда арнайы зерттеу еңбектерде 

мейлінше тұтас қамтылып, ұдайы сөз қозғалып 

жүр. Сонда да болса, қазақ әдебиетінің тарихын 

ел тарихының қилы кезеңдегі саяси-әлеуметтік, 

экономикалық,  рухани-көркемдік  тұғырлары-

мен соншалықты айқын зердемен сабақтастыра 

ұштастырып отырып айқын-айқын  ғылыми не-

гіздеме  жасаған  Мұхтар  Әуезовтің  әлемдік 

өредегі әдеби танымы, талғамы туралы әдебиет 

шаруасының  әр  мәселесіне  назар  салған  сәті-

мізде жаңа бір мәнмен ұшыратып отыратынды-

ғымызды  мейлінше  тұтастықта,  байтақ  маз-

мұнда жинақтап танып, игере қоймағанымызды  

да ұғына түсеміз. 

Мұхтар  Әуезов  қысталаңы  көп  қысқа  ғұ-

мырында  қазақ  әдебиетінің  арғы  төркін,  өз 

кезеңіндегі  бағыты,  келешек  бағдары  туралы 

тұтас  ғылыми  концепция  жасап,  сол  өрісте 

зерттеулер  жүргізуші  маман  әдебиеттанушы-

лардың  лек-лек  мектебін  қалыптастыруда  аса 

ықпалды, орталық тұлға болды. 

Мұхтар    Әуезовтің  әдеби  дамудағы  айқын 

ағыстарды  тап  басып  тану  өнегесі  ғалымның 

ұшан-теңіз  дерек,  ұлан-ғайыр  мәтінді  жадында 

ұстап,  жанымен  аялап,  жалпыадамзаттық  ру-

хани  кеңістікке  ұштастыру  біліктілігі  ұлт  тағ-

дырында сирек ұшырасатын құбылыс еді. 

М.  Әуезовтің  фольклортанудағы,  зар  заман 

ағымын  негіздеудегі, абайтанудағы іргелі  зерт-

теулерінің  астар-қатпарында  қазақ  көркем  сөз 

өнерінің  бар құнары, бар дәуірдегі барша даму 

өзгешелігі, төлтума сипаты танылып ашылды. 

 

 



М.  Әуезовтің  әдебиет  тарихында  жасаған  

жеке  шығармашылық  тұлғалар  тұрғысында 

жазылған  зерттеулерінің,  әдебиеттанудың  ең 

өзекті  мәселелерін  назарға  алып  отырып 

қисындаған, көлемі аз-көптігіне қарамастан аса  

маңызды  болжам-байламдарының  бір  парасы 

Махамбет  Өтемісұлының    шығармашылығын 

байыптауға құрылған. 

Мұхтар  Әуезов – Махамбеттің  қазақ  әде-

биеті тарихындағы орнын, Махамбет поэзиясы-

ның  биігін  теориялық  жақтан  алғаш  толық 

негіздеген зерттеуші. Мұхтар Әуезовтің махам-

беттанудың  өрісін  ұзартқан  зерттеулері  әуелде 

“Әдебиет  тарихындағы” (1927), “Тарихи  жыр-

лар”, “Зар  заман  ақындары”  тарауларында  бе-

рілді. М. Әуезов Махамбеттің әдебиет тарихын-

дағы орнын “Бұхарадан соңғы Зар заман ақын-

дарының басы Махамбет” деп “Зар заман дәуі-

рінің  екінші,  ісшілдік  кезеңі  Махамбеттің 

тұсы”,  т.б.  көрсетті.  М.  Әуезов 1933 жылғы 

“Қазақ  әдебиеті”  оқулығында (7-кл.  арналған. 

Ә.  Қоңыратбаев,  М.  Жолдасбековпен  бірігіп 

жазылған).  Махамбет  Өтемісұлының  өмірбаян, 

шығармашылық  мұрасынан  толымды  мәлімет 

бере  отырып,  Махамбет  поэзиясының  көркем-

дік  сипатын  алғаш  рет  теориялық  негізде  кең 

қамтып  қарастырады. “Махамбет  бұрынғы, 

соңғы  қазақ  ақындарының  ішіндегі  ең  бір 

күштісі  деп  саналуға  тиіс.  Бұның  сөзі  деген 

сөздің  кесектік  ірілігінен  басқа  молдығы  да 

жеткілікті екен” [1].  

Осында  Махамбеттің  ақындық  жөнін  

М. Әуезов ұлы поэзияның бар асылын ғажайып 

сезімталдықпен,  сұңғыла  таныммен  сұқтана, 

суырыла  баяндайды. “Осымен  Махамбет  жыр-

лары  өз  заманындағы  ең  қанды,  ең  әсерлі  сөз 

боп, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман-талабы 

сияқтанып та жүрген”. 

Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеу еңбегі 



41 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 



 

 

“Бүкіл  ХІХ  ғасыр  әдебиетінде  қимыл  мен 



күрес  жырын  Махамбеттей  қып  жырлаған 

ерекше ақын болған емес. Алды да, арты да бір 

өзі  сияқты”.  М.  Әуезов  Махамбеттің  күрес 

жырын  шығарылу  себебіне  қарай  үш  кезеңге 

бөліп қарастырды. 

“Бұл  ретте  алдын  ала  айтып  өтетін  нәрсе: 

тақырыбы  біреу  ғана  болғанымен,  ақын  сол 

тақырыбын  әр  кезде  әртүрлі  баян  етеді.  Сонда 

бір кезінен, екінші кезінің айырмасы: әр уақыт-

тағы  істің  халіне  орай.  Содан  туған  ақын 

халінің  айырмашылықтарына  орай  кеп  оты-

рады. 


Мысалы,  алғашқы  кезде  бұлар  соғысып 

жүреді. Ол кездегі көңіл екпіні, сөз тасқыны да 

бір  алуан,  өзгеше.  Одан  кейін  жеңіледі.  Бұдан 

туатын  көңіл-күй  екінші  түрде.  Ең  аяғында 

қашқын-пысқын  болып,  жүдеп-жадап  жүріп 

хан-төреге жай-күйін айтып, жәрдем дәмететін 

халге келеді. Ондағы күй-қалып тағы бір басқа. 

Міне, Махамбет шығармаларының осындай үш 

кезең,  үш  дәуірі  бар.  Тексеруді  де  осы  ізбен 

беттету керек” [1]. 

М.  Әуезов  Махамбеттің  өлең  үлгісіндегі 

өзгешелікті анық көрсетіп айту арқылы Махамбет 

поэзиясының  теориялық  негізделу  мәселеріне 

қарай  бұрылыс  жасады.  Кейінде  әдебиеттану 

ғылымында, өлең сөздің теориясында құрылым 

жөнінен  үнемі  назарда  болған  Махамбеттің 

“Ереуіл  атқа  ер  салмай”  өлеңінің  өзгешелігін 

көрсеткен  М.  Әуезов  пікірі  ХХ  ғасыр  басында 

айтылған. Қазақтың өлең өзгешелігін танудағы 

тың  түйін.  Өлең  құрылымындағы  дәстүрлі 

желілерді  қарастыра  отырып,  М.  Әуезов  нақ-

тылы  теориялық  негіздеме  жасайды.  Өміршең 

қисындарын ұсынады. 

“Ереуіл  атқа  ер  салмай”  Махамбеттің  бар-

лық  өлеңдері  сияқты  ауызша  айтылған,  тың-

даушыға қолма-қол суырылып беріліп отырған 

өлең. Сол ретіне қарай, сапылдатып бір-ақ жел-

діртіп  өткен  бір  шумақ  өлең. Мағына  жағынан 

ұзақ  бір  сөйлем  есепті.  Қатар  жарысқан  неше 

алуан  ойдың  байлауы  “ерлердің  ісі  бітер  ме?” 

деген  аяққы  жол.  Ауызша  айтылған  желдірме 

болғандықтан  ұйқасы  кейде  келіп,  кейде  кел-

мейді. 

М. Әуезов Махамбеттің осы өлеңіне түсінік-

теме  беруінде  қазақ  жырының  оның  ішінде 

ауызша  жырдың  арғы-бергідегі  өзіндік  сипат-

тарын саралайды. Қазақ әдебиетінің теориялық 

тарихын  жасауда  М.  Әуезовтің  осы  теориялық 

негіздемелері  кейінгі  қазақ  өлең  құрылысын 

зерттеушілер  аса  назар  аударып  зерттеген  қи-

сындарға айналды. 

Махамбет өлеңдеріне тоқталғанда М. Әуезов 

ауызша жырдың бірнеше ерекшелігін атап-атап 

айтты. 


Ол  бір  жерінде  қат-қабаттап  кетіп,  өзге  бір 

жерінде  шанжау-шанжау  түсіп,  тырағайлап 

отыратын  ұйқас;  сөз  қыздырмаға  айналған  

сайын  аяқтағы  ұйқас  айнығыш;  қазақтың  ер-

теректегі  ауызша  жырында  екпін-тасқын  аяқ-

тағы  ұйқастан  шықпайды;  сөз-сөздің  басында 

келетін  дыбыстар  күйімен,  үндесетін  орайынан 

шығады. 


Махамбет  өлеңінде  жатқан  ілгерідегі  ауызша 

жырдың,  Бұхар  үлгісінің  өрнегін  аша  отырып, 

М. Әуезов  Махамбет  сөзіндегі  қазақ  жырының 

ендігі  өзгелешік,  ендігі  алымын  да  тап  басып 

табады, танытады. 

Махамбетте  жалтартпа,  тұспал  сөз,  ой  көм-

бесі жоқ, нақты, тура сөз. Оның “Ереуіл атқа ер 

салмай”  жыры  екпінді,  келте,  кесек  бір  қимыл 

жыры. От шашқан, іші-тысы бірдей тұтас жыр. 

Бұл жыр – көтеріліске үндеген жыр. 

“Толарсақтан саз кешіп” тұсында уақиғаның 

беті өзгерген. Ақынның  халі  өзгерген. Сыртқы 

халі жеңілушінің халі. Енді жырда ашу серпіні 

жатыр.  


М.  Әуезов  Махамбеттің  “Арғымақтан  туған 

қазанат”, “Баймағамбетке  айтқаны”  өлеңдерін-

дегі  ақын  халін  анық  жеткізеді.  Оның  жеңіл-

мейтін  рухын  өлеңінен  таниды,  танытады. 

“Жеңілдім  деп  бас  ұру  жоқ,  кішіреймек  емес” 

дейді.  Сыртқы  халі  ғана  жеңілушінің  халі, осы 

бірнеше  өлең  төңірегінде  М.  Әуезов  Махам-

беттің  ақындық  рухын  ақындық  алымын,  өлең 

жасаудағы әдіс-тәсіл, шеберлік сырларын тұтас 

таниды,  тұтас  көреді.  Тұтас  түйінмен  тұжы-

рымдайды. 

“…Бұрынғыша тізбек суреттерді (қоспақтың 

баласы, шабақ, қылқан, деген сияқтыларды) іш-

тей  байланыстырып,  не  қарсы  қоюмен,  не  үй-

лестірумен  байланыстырып  отырып,  алғашқы 

бірбеткей ереуіл-қарсылық шабуыл сарынымен 

бітіреді” [1].  

Қазақтың  жыр  семсері  Махамбетті  ХІХ  ға-

сыр  әдебиетінің  ғана  шеңберінде  қарастыру, 

жалпы біздің әдеби мұрамыздың құлақтап, құр-

саулауға  көнбейтін  дәстүрлі,  сабақтас,  желілі 

құбылыс екендігі сияқты – мүмкін емес нәрсе. 

Махамбет ақын шығармаларының текстоло-

гиясына  байланысты  бір  пікірталасты  тұжы-

рымдай  келіп,  академик  Зейнолла  Қабдолов 

былай  дейді: “Махамбеттің  әр  сөзі  құйылған 

құрыш, қорытылған қорғасын. Оны өңдеп-жөн-

деймін  деп  жасытпау  керек.  Махамбет  пен 

Абайға редакция жүрмейді”. 

Қ. Қ. Мәдібаева 




42 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 

№ 4 (138). 2012 

Абаймен  иықтас  асылымыздың  бірі – 

Махамбет  поэзиясы  күні-бүгін  әр  қырынан 

зерттеліп-зерделенді. 

Қазақ  өмірінің  аласапыран  заманалар  тоғы-

сында туған ұлы поэзияның әлі де ішке бүккен 

сыры  көп.  Сол  сырлар,  әсіресе,  ХХ  ғасыр 

басында  “барымызды  түгендеп,  жоғымызды 

табамыз“ деген тарихи миссияның кесек тұлға-

ларының  зерттеу,  зерделеулерінде  жатқаны 

даусыз. Сол  тұста  қазақ  тарихының, қазақ  тағ-

дырының ақиқат беттері жазыла бастаған… 

“Бұхар  жыраудан  соң  ХІХ  ғасырдағы  зар 

заман  ақындарының  басы – Махамбет.  Одан 

кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, 

бұлардан  соңғы  бір  буыны  Абаймен  тұстас 

ақындар”.  Абылай  тұсынан  кейін  зар  заман 

ақындарының  саны  көбейіп,  сарыны  күшейген 

тұс  Кенесары,  Исатай  дәуірі  деп,  М.  Әуезов 

Махамбет  шығармаларын  саяси  мән  жағынан 

талдайды.  Әсіресе  көтеріліс  алдында  туған 

жырларға баса көңіл аударған. Ығылман ақын-

ның  “Исатай-Махамбет”  жырына  тоқталып 

ұғындырған  тұста  да  Махамбет  тұлғасы  әр 

қырынан барланды. 

Кейінде  махамбеттануда  жалғасын  тапқан, 

бүгінде  де  қарастыра  түсуге  зәру  бір  мәнді 

мәселенің – Махамбет  поэзиясының  дәстүрлі 

жыраулық  өнермен  туыстығы  дейтін  жайдың 

Х.  Досмұхамедұлы  жасаған  жалпы  тұжырым-

нан  соң  алғаш  М.  Әуезов  зерттеуінде  ғылыми 

негізі бекіді. 

М.  Әуезов  Махамбет  ақындығын  дәстүр 

жалғастығы  аясында  танып,  талдады.  Бұхар 

жырау  толғауларымен  байланыста  қарастыра, 

салыстыра отырып мынадай түйін жасайды: 

Махамбет өзінен өзі шыққан жоқ, әдебиетте 

де,  тарихта  да  атағы  бар  Бұқар – салт-сана 

жүзіндегі төркіні. Оның өлең түрінде Бұқармен 

жақындық  бар.  М.  Әуезов  ауызша  жырдың 

ерекшелігі  табыстырып  жатқан  туыстық-тұтас-

тықты көлденең тартады. Мұның өзі тек Бұқар 

емес, жалпы жыраулар поэзиясының үздік үлгі-

сімен  Махамбет  жырының  тұтастығы,  туыс-

тығын өзіндік нұрын айқындау еді. 

М.  Әуезовтің  жеке  жанрлардың  түп-тамыр, 

тарихи  негізі,  дәуірге  сай  жаңғыру  қисындары 

туралы негіздемелері мейлінше маңызды. 

Мұхтар  Әуезов – ХІХ  ғасырдағы  тарихи 

жырлардың  айқын  ерекшелігін  ажыратып  қа-

растырудың басында болған зерттеуші. 

“Шынында  ел  қиялы  Кенесарыларды  батыр 

қылып жырлағысы келгені рас. Бірақ батырлар 

өлеңі  бергі  заманға  жақындаған  сайын  жаңа 

өзгеріске түсіп, өмірге жақындап, түр жағынан 

әлсіреп бара жатқанын байқаймыз. 

…Сондықтан,  Кенесарыларды  баяғының 

батыры  қылып  қалай  жырлайын  десе  де,  олар 

көбінесе  бүгінгінің  адамы  болып  тұрып  алып, 

кейін қарай шегінбей қойған” [2, 148 б.]. 

Олай  болатын  себебі  деп,  М.  Әуезов  тарих-

тың  ізі,  кешегі  қан  сойқанның  анық  түскенін, 

екінші  себеп  деп,  сол  қырғын  соғысты  көзбен 

көргендердің  жазғанын,  ел  қиялы  олардың 

айтқанынан  өте  алмағанын  айтты.  М.  Әуезов 

Нысанбай  жырының  мазмұнын  “Кенесары-

Наурызбайдың”  қысқаша  әңгімесі  деп  баян-

дайды.  Мұнда  қырғызбен  соғыс  Кененің 

Тортөбел  атының  ұрлануымен  байланысты-

рылады. “Кенесары  жырындағы  өлең  тілі 

ерекше  сұлу  кестелі  тіл,  оқушыға  ұғымды, 

артынан  лекілдетіп  ертіп  отыратын  құрыш 

қайратты  қызу  бар.  Ақынның  жанын  салған 

қызумен шын сезімін білдірген, міні жоқ. Ұзақ 

қайғы өлеңі болып шығады. Өлең түрі құр ғана 

ұйқасы  мен  қызуын  қуған  сөз  емес,  сол 

заманның  кестелі  сұлу,  шешен  түрлерінен 

құралған  сом  алтындай  жұмыр  келетін  кесек 

тіл. Өлеңдері отты келетін соғыс суреттері мен 

айтыс, талас сөздер. Соғыста еске алатын үлкен 

оқиғаның  бірі  қалмай  тізілген,  ақынның  ірі 

суретшілдігі]. 

Нысанбай жырында оқушының көз алдында 

ағып  отырған  қандай  қызулы,  жанды  шындық 

бар”, – деп  таразылаған  Мұхтар  Әуезов,  көте-

ріліс  жайын  “соғыс”, “жорық”, “ұлы  оқиға”, 

“іс”, “оқиға”, “ұрыс”  деп  келіп: “… барлығы-

ның жайын айтып, солар турасындағы соғысқа 

айдаған  себеп  пен  мақсатты  жыр  шеңберінен 

алып, баяндауды қисынсыз көрдік” [2, 153 б.] – 

деп  Кенесарының  қайғы-өкінішімен  біткен 

жорығы  қазақ  баласының  барлығына  да  қадір-

лі, қасиетті әңгімедей кең жайылғанын айтады. 

М.  Әуезовтің  ауызша  мен  жазба  әдебиетке 

қатысты  тоқтамдарында  зерттеуді  дамытуды 

күтіп жатқан бағыттар бар. 

“Шолпан”  журналының 1922 жылғы 2, 3 

сандарында, 1923 жылғы 4, 5 сандарында 

Мұхтар  Әуезовтің  “Қоңыр”  деген  бүркеншік 

атпен  “Қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дәуірі”  деген 

зерттеуі басылды.  

Осы  зерттеуде  М.  Әуезов  қазақтың  ауызша 

әдебиеті  мен  жазба  әдебиеті  жайлы  ой  қозғай-

ды.  Сол  кездегі  М.  Әуезовтің  “Бұл  мәселе 

туралы біздің өз жазушыларымыздың бір жерге 

қойылған  пікірі,  бір  қалыпқа  тоқтаған  сыны 

әзірше  жоқ”  деген  пікірі  қайсыбір  жағдайда  

әлі  де  көкейтесті.  М.  Әуезовтің  “Әдебиет 

Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеу еңбегі 



43 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 



 

 

тарихы”  қолға  тигеннен  кейін,  Л.М.  Әуезова 



мен  М.  Мырзахметов  құрастырып  шығарған 

“Абайтанудан  жарияланбаған  материалдары” 

қолға  тигеннен  кейін  М.  Әуезовтің  сонау  ХХ 

ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарында  ауызша 

әдебиет  үлгілері  мен  жаңа  жазба  әдебиеттің 

теориялық  негіздеріне,  жанрлық  жайына  көп 

үңілгенін көрдік. 

Түрлі  саяси  қисындар  тұсында  қазақ  әде-

биеттану ғылымы “қағаберіс” қалдырып алған, 

біле тұра, “білмей” бұра тартқан көп бұлтарыс-

қалтарыстың  әдеби  мұраны  осы  ауызша  мен 

жазба  әдебиет  үлгілеріне  жүйелеуде  жатқаны 

даусыз.  Бізде,  қайсыбір  жағдайда,  күні  бүгінге 

шейін қисса өлең де, тарихи жыр да, айтыс та – 

Абайға шейінгінің бәрі ауыз әдебиетінің еншісі 

есебінде ұғынылады. 

Ал  әдебиет  тарихының  негізін  қалаған 

Әуезовтің  осы  мәселеге  байланысты  қисын-

дары  сол  “қатып”  қалған  таным-түсініктің 

сеңін бұзар қуатты, шыншыл сөз... 

Әрі  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  қазіргі 

мүддесімен  аса  үндес  сөз.  М.  Әуезов  айтыс 

өлеңдердің  бергі  замандағы  үлгілерінің  ішінде 

жазба  әдебиетке  кіретіндерін  атап  айтты. 

Әдебиеттегі  ауызшадан  жазбаға  көшкенді 

көшпелі  дәуір  деп  көрсетіп,  оның  өкілдерін 

атады. “Бұл  күнге  шейін  қазақтың  жазба  әде-

биеті  жайынан  сөз  жазушылардың  көбі  біздің 

жазба  әдебиетіміздің  басы  Абайдан  басталады 

деп  есептейді.  Бұл  пікір  суретті  художествен-

ная  литература  ретінде  қарағанда  дұрыс  болса 

да,  әдебиет  тарихының  ретімен  қарасақ,  үлкен 

адасқандық болады” [2, 103 б.]. 

М.  Әуезовтің  жазба  мен  ауызшаны  айыру-

дағы  өлшемі – бет,  белгі,  сарын.  Бұл  бет,  бұл 

белгі,  бұл  сарын  көшпелі  дәуірде  айрықша 

көрінді  деп  түйген  М.  Әуезов  сол  себепті  де  

ол  дәуірдің  ақындары  даусыз  жазба  әдебиет- 

тің  басы  дейді.  Себебі,  бұлардың  өлеңінде  

М.  Әуезовтің  көрсеткеніндей,  ел  тұрмысының 

бұрынғы  айтылып  жүрген  жалғыз  қызығы  мен 

желігінен  басқа,  тұрмыстағы  негізгі  дерт,  не-

гізгі себептер айтыла бастаған. 

“... жазба әдебиеттің өз міндетін ұға бастап, 

қазақ  тұрмысындағы  кем-кетікті  қолға  ала 

бастағаны  да  Абайдан  бұрын  басталады.  Бұл 

жағынан қарағанда, Абайдың алдындағы адам-

дар  деп  Шортанбай,  Алтынсарин,  Мәшһүр 

Жүсіп, һәм Нарманбеттерді алу керек. 

Бұл  адамдардың  кейбірінің  Абайдан  жасы 

кем  болғандығын  есеп  қылуға  болмайды” [2, 

104 б.]. 

Мұхтар  Әуезовтің  сан-сала  зерттеу  еңбек-

тері  қазіргі  кезеңде  де  өзектілігі  айқындала 

түсіп  отырған  қордалы  мәселелерінің  қарасы 

қалың  ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  құн-

дылығы ортаймайтын  асыл мұрасы. 

 

Әдебиеттер 

 

1  Әуезов  М.  Махамбет  Өтемісұлы // Шығ. 



жинағы: 20 т.  – Алматы, 1984. –15-т. – 328 б. 

2   Әуезов  М.  Әдебиет  тарихы. – Алматы, 

1991. – 240 б. 

* * * 

Автора  интересуют  концептуальные  исследования  М.О.  Ауэзова  в  области    жанровых  трансформаций,  творческого 

потенциала личности, различия устной и письменной словесности в  истории казахской литературы. 

* * * 

Author interested in conceptual research M.O. Auezov in the creative potential of individual differences in speech and literature 

pismennoy abrasion Kazakh literature. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қанипаш Қайсақызы Мәдібаева 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет