Сабақтың атауы Айтыс,оның түрлері. Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Мақсаты



Дата23.05.2022
өлшемі76,23 Kb.
#35334
түріСабақ

Мектеп:Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп
Қазақ әдебиеті

Мұғалім:
Жанатай У.А

Уақыты:23.04.22ж

Сынып 8Б

Сабақтың атауы

Айтыс,оның түрлері.Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері.

Мақсаты

Айтыс, оның түрлерін, айтылу дәстүрін, жанрлық ерекшелігін меңгеру
Оқу нәтижесі: Айтыс, оның түрлерін, айтылу дәстүрін, жанрлық ерекшелігін меңгере алады. 
Сабақтың міндеті Оқушыларды керекті құрал- жабықтармен қамтамасыз ету. Білім алуға жағдай жасау.Топта жұмыс жасауға бағыт – бағдар беру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Есте қалған қызықты оқиға 
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту

Қазіргі таңдағы қандай айтыскер ақындарды білесіздер
Қазыбек би мен Әйтеке бидің даналық сөздерін жинау, жатқа айту
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңыз.
. Айтыстан үзінді тыңдату
І . Қазіргі ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері неде?
ІІ Айтыстың адам тәрбиелеудегі рөлі қандай?
ІІІ . Айтыстың болашағы ретінде не ойлайсыңдар?
ІҮ . Қазіргі айтыс ақындарынан кімнің сөзсаптаулары ұнайды?
Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар 
Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс
Демократиялық тақырыптар Көкейтесті мәселелер,
жариялылық басым, мерейтой иесіне 
әлеуметтік мәселелер, арналады, бір- бірін
елдегі қоғамдық тартыстар сынау басым
Бәдік айтысы және жар – жар айтысы дегеніміз не?
Жануарлар мен адамның айтысы және өлі мен тірінің айтысы дегеніміз не? 
Жұмбақ айтыс және салт айтысы дегеніміз не? 
Осы күнгі айтыстар
«Бес жолды өлең» жазу. Мысалы:
Зат есім. Айтыс
Сын есім. Киелі өнер
Етістік. Айтысады
Сезіну. Айтыс- сөз барымтасы
Синоним. Ақындар айтысы- ұлттық өнер падишасы

Мағынаны тану

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1] Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.

Ой толғаныс

Тапсырма: берілген өлеңнің келесі жолын жалғастырыңыз. Мұғалім кез-келген өлеңнің 1 жолын оқиды, сол сәтте суырып салып, жалғастырып айта алу керек.
Білетінім Үйренгенім Нені білгім келеді
Айтыс- қазақ сөз өнерінің үздік үлгісі, айтыс- сөз барымтасы, ұлттық өнер екенін Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар: бәдік, жар- жар, жануарлар мен адамдар айтысы, өлі мен тірі айтысы, жұмбақ айтысы, салт айтысы, осы күнгі айтыстар Болашақта бұрынғы және қазіргі айтыс түрлерінің ерекшеліктерін, олардың айтыс шеберліктері мен тарихы туралы білгім келеді

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

«Айтыс – киелі өнер» тақырыбында шығарма жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет