Әрқашан күн сөнбесін!
Жер бетінде таңның тыныш атып, күннің қызарып батуын жақсылыққа балайды. Ал жақсылықты аңсамайтын, армандамайтын адам жоқ шығар, сірә!
Әрбір бала тыныш, бейбіт елде өмір сүруге лайықты. Мен шығарма атауын бейбітшілікпен байланыстырамын. Себебі бейбіт елде әрқашан күн сөнбейді. Дәл қазіргі кезде Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан сол елдің тұрғындары, әсғресе балалар зардап шегуде. ХХІ ғасырда тыныш ұйықтамау, еркін өмір сүре алмау, тіпті білім алу үшін мектепке бара алмау қандай өкінішті!
Біз кеше ғана мектепті аяқтадық, соңғы қоңырау үнін естідік. Ал енді қосымша білім алу үшін жазғы мектепке келудеміз. Осы күнімізге шүкір. Бейбіт аспан астында өмір сүрудеміз. Сондықтан біздің басты міндетіміз – сабақ оқып, білім алу. Елге білімді азамат ретінде үлес қосуымыз керек.
Сөз соңында барша балаларға тілерім: әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін. Әлемде тек тыныштық орнасын!
Алғабас жалпы орта мектептің 7-сынып оқушысы Әбдіғаппар Мерей.