Жоспар:
I.
Кіріспе
II.
Негізгі бөлім
Дүниені тану мәселесіне қатысты тұғырлар
Скептицизм мен оптимизм
Таным формаларының көптүрлілігі
III.
Қорытынды
IV.
Қолданылған әдебиеттер
I.
КІРІСПЕ
Таным деп біз адамның қоршаған ортаны зерттеудегі
ерекше рухани іс-
әрекетін айтамыз. Ол үнемі дамып отырады. Егер ежелгі адам найзағай
жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, оны
аспан құдайының іс-әрекеті
деп түсінген болса, қазіргі уақытта бұл құбылыстың сырын мектеп оқушылары
да біледі. Адамзаттың мыңдаған жылға созылған тарихи танымының өте күрделі
көп деңгейлі құбылыс екенін мойындау керек. Тарихи білім дүниеге келместен
бұрын күнделікті өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнделікті білім
дүниеге келді. Ол адамның кәсіби
танымдық іс-әрекетінен емес, күнделікті
өмірдің қажеттілігінен (аң аулау, балық аулау, еңбек құралдарын жасау, үй салу,
бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болды. Уақыт өте келе ғылыми
зерттеулерге байланысты ғылымның әртүрлі салалары пайда болды. Табиғатты
зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология
т.б. ғылымдардың негіздері қаланды. Олардың басын біріктіріп жаратылыстану
ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық,
қоғамдық пәндерді тудырды: философия, психология, саясаттану, мәдениеттану.
Гуманитарлық ілімдердің ерекшелігі олардың мазмұнында сол уақытта өмір
сүріп жатқан адамдардың әлеуметтік мүдделері
мен мақсат-мұраттарының
бейнеленуі болды. Сондықтан белгілі бір қоғам өміріндегі құбылысқа әрбір
әлеуметтік топ өзінше баға беруі мүмкін. Сонымен қатар бұл пәндердің бәрінің
басын біріктіретін құндылықтар мыналар – адамды сүю, жақсылық, кемелдену,
әсемдік, әділет, еркіндік, теңдік т.с.с.
Олай болса, дүниетану негізінде жатқан
негізгі құбылысты анықтамасқа болмайды, сонда
ғана оның терең мәнін ашуға
болады. Сана, рух болмысының өзегі білімде болғаннан кейін мыңдаған жыл
бойы ойшылдар танымның негізін адамның санасынан көрді. «Таным – ақыл-ой
жаттығуы», «шығармашылық ізденіс», «білімге деген құштарлық», «туа біткен
табиғи дарын» т.с.с. пікірлер болды. Таным – өте күрделі үдеріс, оған адамның
бүкіл жан дүниесі, түйсігі, ақыл-ойы, ырқы, сезімдері, ішкі көкей көзі (интуиция)
– бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады.
Таным – қоршаған дүниені тануға және
өзін-өзі тануға бағытталған
адам қызметінің арнайы түрі. Таным қызметі сезім органдары арқылы ақпарат
алу (сезімдік таным), алынған ақпаратты ойлау арқылы қорыту (рационалды
таным) және оның тануға болатын бөліктерін материалдық игеруді біріктіреді.
Сезімдік таным – адамды сыртқы дүниемен байланыстыратын бестүрлі
сезім мүшесі арқылы ақпарат алумен жүзеге асырылады
Рационалды таным – тану құралдары арқылы
заттардың ішкі мәні мен
болмысына үңілу