Ерте жастағы балалардың СӨйлеу тілінің дамуын зерттеу қалматаева А. М. Алшири Г



Дата28.04.2023
өлшемі20,93 Kb.
#88220

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ

Қалматаева А.М. Алшири Г.


ТарМПУ, Тараз қ
Баланың өмірінің алғашқы жылдары сөйлеуді қалыптастыру үшін өте маңызды, өйткені бұл жаста кортикальды сөйлеу аймағының қарқынды дамуы жүреді. Осы кезеңдегі әртүрлі қолайсыз факторлар баланың сөйлеуінің дамуына әсер етуі мүмкін. Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілі дамуын зерттеуде Е. А. Стребелева, О.Е. Громова, Ю. А. Разенков, Л. В. Пронина, И.С. Кривовязь, И.П. Лямина және басқа ғалымдарда айтарлықтай зор үлес қосты. Ерте жаста байқалатын қимыл-қозғалысындағы, психикасындағы, сөйлеу тілі мен эмоциялық дамуындағы ауытқулар баланың ары қарай дамуына жағымсыз әсер етеді, оқу, жазу және санау әрекеттерінде қиындық туғызып, кейіннен дамудың туынды бұзылыстарының пайда болуына әкеліп соқтырады. Қазақстандық ғалымдар (Р.А.Сүлейменова, А.Қ.Ерсарина, Б.С.Халықова, А.Қ.Жалмұхамбетова және т.б.) балаларға ерте жастан көмек көрсету мәселелері туралы зерттеп, ғылымға үлкен үлестерін қосуда. Р.А.Сүлейменова өзінің ғылыми еңбектерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға кіріктіруге тиімді жағдай тудыру жолдарын, дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету шараларын дер кезінде жүргізудің жағымды нәтижесінде осы санаттағы кейбір балалардың жалпы білім беру мектептерінде оқу және әлеуметтік бейімделудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігін қарастырды.
Ресейде балалардың сөйлеу тілінің дамуы мәселесімен Н. И. Жинкин, М.И.Лисина, А.В.Запорожец, Л.Г.Соловьева, Е.Д.Дмитриева, В.И.Лубовский, Л.П.Носкова, Е.А.Миронова, А.М.Бородич, Э. Г. Пилюгина, Г. В. Грибанова, А. М. Прихожан және т.б. айналысты.
Сонымен қатар, шетелдік зерттеушілер де бұл мәселені назардан тыс қалдырмайды. Бұндай жұмыстардың көптеген саны Ш.Бюлардың, Г.Гетцердің, У.Голдфарбтың, Д.О.Хеббаның, Б.М.Фосстың, Э.Л. Фрухттың және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің дамуының бұзылыстарын, диагностикалау әдістерін және сөйлеу фонының қалыптасуының бұзылыстары, сөйлеу дизонтогенезінің мүмкін болатын нұсқаларын нақтылау, сондай-ақ оларды логопедиялық ритмикалық әдіс арқылы түзету әдістерін жасау, қазіргі заманғы сөйлеу терапиясының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты ерте жастағы балалардың моторикасы мен сөйлеу ерекшеліктерін, логопедиялық және логоритмикалық тиімді әдістерін дайындау. Зерттеуді бастамас бұрын, баланың өмірінің үшінші жылындағы қалыпты моторикасы мен сөйлеу дамуының көрсеткіштерін талдадық (Бадаляна Л. О.(1) и Козыревой Л. М.(2). Деректері бойынша). Бала өмірінің үшінші жылындағы моторикасының дамуы келесі ерекшеліктермен сипатталады:

  • Тұру және жүру кезіндегі тепе-теңдікті сақтау реакцияларының жетілуі;

  • Балалар қолындағы затымен жүре алады;

  • Баспалдақпен көтеріле алады (оң аяқпен және сол ақпен адымдау);

  • Тепе-теңдікті ұстап допты лақтырып, қағып алу;

  • Қасықпен,шанышқымен өз бетінше тамақтану;

  • Адам дене мүшесінің сұлбасын кө алдына елестете алу;

  • Көрнекі қабылдау кезінде бір көз басым болады, балалар заттарды салмақ, пішін, түс және өлшем бойынша ажыратады;

  • Екі бөлікке бөлінген суретті қосуды бастайды

Балалардың сөйлеу тілінің дамуы, күрделі буын құрылымы бар сөздердің болуымен ерекшеленеді, дауыссыз дыбыстар біріккен кезде дыбыстардың тіркесімі бұрмалануы мүмкін. Дыбысты айту қалыпты жағдаймен толығымен сәйкес келмейді: ысқырық және үнді дыбыстар болмайды. Н Негізінен сөйлеудің грамматикалық формалары мен көмекші сөз таптары меңгеріледі(үстеу,одағай,шылау). Сөздік қорында тек техникалық сөздер ғана емес, сонымен қатар бағалау мәні бар сөздер, қаратпа сөздері бар. Балалар кейбір жалпы ұғымдарды қолданады. Толық фразалар басқа адамдармен белсенді қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Ерте жастағы балалар өздері жайлы бірінші жақта(мен) айтып бастап, сұрақтар қоя бастайды. Олар мәтінді жақсы есте сақтайды және оны сауатты түрде сөзбе-сөз қайталап береді. Еркін түрде ертегілерді өз сөзімен жеткізе алмайды. Олар себеп-салдар байланысын орната бастайды, қарапайым сюжеттік суреттерді түсінеді.
Біздің эксперименттік зерттеуге 2-2,5 жас аралығындағы 20 бала тексеруге қатысты. Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтау үшін Ю.А.Разенкованың әдістемелерін негізге ала отырып, қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеріп, келесі әдістемелерді қолдандық: Бірінші кезеңде біз статикалық және динамикалық үйлестіру сияқты мотор функцияларын, заттармен қозғалу, өзін-өзі күту дағдылары, дене пішінінің сұлбасын, ұсақ моториканы зерттедік. Екінші кезең сөйлеу тілінің ерекшеліктерін зерттеуді қамтыды:

  • Белсенді және енжар сөздік қоры;

  • Ересектердің сөйлеу тілін қабылдау және түсіну деңгейі;

  • Сөздің фонетикалық айтылу жағы (дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуы, буын құрылымы);

Балалардың сөйлеу тілін зерттеу кезінде келесі сұрақтар қойылды:
-- қаратпа сөйлеуді түсіну (объектілерді, іс-әрекеттерді және белгілерді білдіретін сөздерді түсіну);
--шылауларды қолдану деңгейін анықтау;
--3 сөзден сөйлем құрау;
-- үш буынды сөздерді дауыссыз дыбыстарсыз қолдану;
--таныс ертегіні мазмұндап беру;
Біз барлық мәліметтерді хаттамаға енгіздік, онда баланың тапсырманы түсінуі үшін, қанша рет қайталау керектігін жаздық. Тапсырмаларды қайталау саны баланың жинаған балл санын анықтады:
- 1 рет - 2 ұпай,

- 2 рет - 1 балл / тапсырманы орындағаннан кейін /,


2 реттен артық – 0 ұпай /тапсырманы орындамаған кезде/.
Егер бала 11 мен 14 ұпай аралығында жинаса, онда бұл сөйлеу тілін түсінудің жоғары деңгейі.
7-ден 10 ұпайға дейін - сөйлеу тілін түсінудің орташа деңгейі.
6-дан 0 ұпайға дейін - сөйлеу тілін түсінудің төмен деңгейі.
Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әдістемелердің қорытынды нәтижесі топтағы балалардың сөйлеу тілінің дамуы әртүрлі деңгейде екенін көрсетті. Тексеру барысында 1 балада ғана (5%) сөйлеу тілі дамуының жоғары деңгейі көрініс тапты. Ол тапсырмаларды орындау кезінде белсенділік танытты және еш қиындықсыз нұсқауларды орындады. Қарым-қатынасқа оңай түсті және берілген суреттердің атауын атай білді.
Сөйлеу тілі дамуының орташа деңгейін топтағы 11 баладан (55%) байқадық. Бұл балаларда сөйлеу тілін түсінуде қиындықтар туындады. Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындауға ат салыса қоймады. Сұрақтарға 2-3рет нұсқауды қайталаған соң жауап қайтарды.
Сөйлеу тілі дамуының төмен деңгейін 8 бала (40%) құрады. Бұл балалармен қарым-қатынасқа түсу қиындау болды. Олар қойылған сұрақты түсінбеді, сондықтан тапсырманы бірнеше рет қайталау қажет болды. Кейбір тапсырмалар мүлде орындалмады. Сонымен қатар бұл балалардың тапсырмаларды орындауға қызығушылықтары да байқалмады.
Зерттеу нәтижелері бойынша біз бала өмірінің үшінші жылындағы сөйлеу тілінің дамуы бойынша сабақтардың мазмұнын жасадық және моторикалық функцияларды дамыту бойынша музыкалық ырғақты сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар ұсындық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Ғ.Седалиева «Ерте жастағы балаларды психологиялық зерттеу жолдары», Дефектология журналы, №4, 2013 жыл, 32- 34 беттер.



  2. Г.Ж.Есенжолова «Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту», Алматы 2014 жыл.

  3. Чиркина Г.В. «Методы обследования речи детей», Москва қ., АРКТИ баспасы, 2003 ж.,

  4. Микляева.Н.В, Диагностика языковой способности у детей дошкольного возраста / Н.В.Микляева – М.:Айрис пресс, 2006.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет