Есеп аммиакты тотықтыру арқылы алынатын массалық үлесі ,80 азот қышқылының т өндірісіне 186,2 кг аммиак жұмсалады. Аммиак бойынша жұмсалу коэффициентін және азот қышқылының шығымын есептеңіз? Есеп -2



Дата02.02.2023
өлшемі16,28 Kb.
#64672
түріҚұрамы

Есеп -1. Аммиакты тотықтыру арқылы алынатын массалық үлесі 0,80 азот қышқылының 1 т өндірісіне 186,2 кг аммиак жұмсалады. Аммиак бойынша жұмсалу коэффициентін және азот қышқылының шығымын есептеңіз?


Есеп -2. Егерде құрамында массалық үлесі 0,85 СаО бар массасы 1 т әк алу үшін құрамында массалық үлесі 0,94 СаСО3 бар массасы 1,5 т әктас жұмсалған. Алынған өнімнің шығымын (процентпен) есептеңіз?


Есеп -3. Егерде 15 сағ. барысында 168 т күкірт (IV) оксиді тотығатын болса, мұнай өңдеу зауытындағы күкірт қышқылы өндірісінің контактілі аппаратының өнімділін (кг/сағ.) есептеңіз. Күкірт оксидінің күкірт (VI) өзгеру дәрежесі 97,8 % құрайды.


Есеп -4. Егерде массасы 1 т аммиак алу үшін көлемі 2850 м3 азоттысутек қоспасы жұмсалатын болса, тәулігіне қанша көлем азот және сутек қажет? Аммиак синтезі колоннасының жылдық өнімділігі 218 мың т (335 жұмыс күні) құрайды.


Есеп -5. Егерде сильвинитті ұнтақтау үшін интенсивтілігі 3 т/(м3сағ.) стерженьді диірмен қолданылған болса, тәулік бойы ұнтақтауға ұшыраған сильвиниттің массасын және стерженьді диірменнің өнімділігін (кг/тәулік) есептеңіз? Ұнтақтау бөлімінде пайдалы көлемі 40 м3 болатын 8 стерженьді диірмен орналастырылған.


Есеп -6. Егер 18 сағ. барысында 168 т күкірт (IV) оксиді тотығатын болса, мұнай өңдеу зауытындағы күкірт қышқылы өндірісінің контактілі аппаратының өнімділін (кг/сағ.) есептеңіз. Күкірт оксидінің күкірт (VI) өзгеру дәрежесі 95% құрайды.


Есеп – 7. Егер 1 т этил спирті үшін этиленнің шығындық коэффициенті 0,78т болса, онда көп реттік циркуляция жағдайында этиленнен алынған этил спиртінің шығымын есептеңіз.


Есеп -8. Егер жабық типті айналмалы резеңке араластырғыштың әр 20 минут сайын 35 кг резеңке қоспасы шығарылып отырса, онда оның тәуліктік өнімділігін есептеңіз


Есеп -9. Қуаттылығы 380 мың т/жыл болатын күкірт қышқылы өндірісінің қондырғысының құны 18 000 000 теңге. Үлесті капиталды шығынды есептеңіз.


Есеп – 10.
Ацетиленнен кальций карбидін алуға арналған аппараттың өнімділігі – 420 т/тәул. Ал қарқындылығы – 1750 кг/м3*сағ. Аппараттың көлемін есептеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет