Эссе Қазіргі дәуірдегі жоғарғы білімнің рөлі Білім алу – адам өмірінің ажырамас, маңызы зор бөлігі. Себебі, білім адамның өмір сүруіне аса қажетті компонент. Адам білімсіз қоршаған ортаны танып, таным көкжиегін кеңейте алмайды, тіпті, өзге түгіл өзін де түсіне алмауы әбден мүмкін. Осыдан-ақ білімнің адам өміріндегі алар орны қандай екенін білуге болады. Ал қазіргі кезде жоғарғы білімнің рөлі мүлдем ерекше.
Біріншіден, жастар жоғарғы білім алу арқылы белгілі бір бағытта мамандандырылған, жұмыс істеуге қабілетті, сол салада өзіндік білімі бар адамға айналады. Алған білімін өз саласында қолданып, еңбек етіп, табыс көзі ете алады. Білімді азамат, өз ісінің шебері әрқашан сұранысқа ие, айлық табысы да жоғары. Ал, материалдық жағдай – өмір сапасының көрсеткіші. Әрине, жоғарғы оқу орнын бітіре салысымен барлығы өзі қалаған жұмысына тұрып, қыруар табыс иесі атанып кетпейді. Алайда, сенің қаншама жыл алған білімің мен игерген дағдыларың сені далада қалдырмайды.
Екіншіден, жоғарғы оқу орнында оқып жүрген уақытында жастар шыңдалады, жаңа адамдармен танысып, орта құрады. Ең бастысы – үлкен өмірге аяқ басуға дайындалады. Оның жеке тұлға болып қалыптасуының маңызды алғышарттары осы оқу ордасында жүзеге асады. Себебі, оқу орнына түскенде әрбір жас көбіне өз үйінен жыраққа кетіп, еріксіз түрлі жайттарға, сынақтарға тап болады. Сәйкесінше, осы жолда кезіккен әрбір мәселе, жолықтырған жандар оны шыңдай түседі. Яғни, адам жоғарғы оқу орнында тек білім алып қана қоймай, өмірге бейімделіп, болашақта қажет дағдылар мен әдеттерді қалыптастырады.
Бір жағынан жоғарғы білім дипломын қажет етпейтін мамандықтар да бар. Дегенмен, жоғарғы білім жайлы сөз қозғалғанда, әңгіме тек бір жапырақ қағаз жөнінде емес, адамның сол жылдары санасына түйіп, бойына сіңіретін ілімі мен білігі жайлы болуы керек.
Қазіргі таңда бакалавр аяқталмаған жоғарғы білім ретінде танылып, магистратураның маңызы артып жатыр. Сондықтан жоғарғы білімнің ешқашан артықтығы болмайды. Бәрібір адам өмірінің соңына дейін оқып, өзімен-өзі күресіп, білім артынан қуалаумен өтеді. Бұл – өмірдің жазылмаған заңдылығы. Өйткені, ізденбей, дамуға талпынбаған жан ілгерілеудің орнына бір орнында тұралап, тіпті, кері кету процесіне ұрынады. Сол себепті, кеудесінде жүрегі дүрсілін тоқтатпаған әр адам әрқашан алға ұмтылуы қажет.
Аннотация Бұл кітапта журналист Бейсен Құранбектің болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, философиялық ұғымдарды кеңінен түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрініс табады, оның өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген сұрақтарға әртүрлі ситуацияларды араластыра отырып, жауап беріледі. Б.Құранбектің жарқын болмыс ретінде із қалдыруының себеп-салдарын анықтайды.
Кітап экзистенция философиясы, логотерапия ілімі мен журналист болмысына қызығатын оқырман қауымына арналады.
«Қазақстандағы және шетелдегі білім берудің заманауи дамуы»
Үй тапсырмасының тиімділігіне күмәндану көптеген елдерде үй тапсырмасының көлемін азайтуға, ал кейбіреулерінде тіпті оны мүлдем жоюға әкелді.
АҚШ мектептерінің көпшілігінде үй тапсырмасы бесінші сыныптың ортасынан басталады, оқушылар оны орындауға аптасына алты сағат жұмсайды. Ұлыбритания, Германия, Швейцария және басқа да бірқатар елдердің мектеп оқушылары үшін үй тапсырмасына одан да аз уақыт кетеді — аптасына үш сағаттан аспайды.
Жапония мен Оңтүстік Кореяда бастауыш мектепте үй тапсырмасы тоқтатылды. Сонымен қатар, азиялық мектеп оқушылары көбінесе сыныпта қосымша тапсырмалар алады және демалыс күндері мектепке барады.
Білім сапасы бойынша жетекші орынға ие Финляндияда әр оқушы үшін жеке оқу жоспары жасалады, ол үй тапсырмасын өте сирек қамтиды.
Ресейде бірінші сынып оқушыларына үй жұмысын беруге тыйым салады. Алайда мұғалімдердің көпшілігі бұл тыйымды елемейді. Осыған ұқсас жағдай Францияда байқалады, онда бастауыш сыныптардағы үй жұмысы тоқтатылды, бірақ тек қағаз жүзінде.
Дамыған елдерде (ЭЫДҰ) апта бойы үй тапсырмасын орындауға кететін орташа сағат саны – 4,9, Қазақстанда оқушылар бұдан екі есе көп уақыт жұмсайды (8,8 cағ.)
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:
I-II сыныптарда -1 сағат;
III-IV сыныптарда 1,5 сағат;
Сонымен қатар, оқушылардың сенбі, жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді.