Тапсырма: берілген екі мәтінді тақырыбы, формасы мен түріне, аудиториясы мен мақсатына және стилі мен жанрына қарай (араластыра ретімен) талдаңыз. А мәтіні
Тапсырма:берілген екі мәтінді тақырыбы, формасы мен түріне, аудиториясы мен мақсатына және стилі мен жанрына қарай (араластыра ретімен) талдаңыз.
А мәтіні Мәдениет этникалық ерекшелікті, негізгі құндылықтар мен адамгершілік нұсқауларды сақтауда маңызды рөл атқарады. Мәдениеттің шығармашылық рөлі қазіргі әлемнің дамуында, әртүрлі мемлекеттер арасындағы шығармашылық және достық байланыстарды нығайтуда да айқын. Бүгінгі таңда Мәдениет ерекше әлеуметтік маңызға ие. Тәуелсіздік құрылғаннан бері отандық мәдениет мемлекеттік басымдықтар қатарында тұр. Кәсіби сарапшылар бірауыздан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығын қазақстандық мәдениеттің Ренессанс дәуірі деп атайды.
Мен мәдени мұраларға қол жеткізу мүмкіндігі туралы кейбір деректерге жүгінемін. Қазақстан халқының жартысына жуығы шығармашылықпен еркін айналыса алады, 70-75% кітапханаларды, кинотеатрларды, театрларды пайдалана алады, алайда 16 жастан асқан әрбір оныншы қазақстандық театрларға, мұражайларға, көрмелергебарады. Қазақстандықтардың 3% көркемөнерпаздар үйірмелеріне, 1,6% техникалық шығармашылық үйірмелеріне қатысады. Халықтың бестен бір бөлігі ғана өзінің мәдени бос уақытын толыққанды ұйымдастыра алады. Азаматтардың 93%-ы қандай да бір мәдениіс-шараларға қатысқысы келеді, бірақ 45%, яғни жартысынан азы ғана бұл қажеттіліктерді қанағаттандыра алады. Себептердің арасында материалдық мүмкіндіктің, өзін-өзін дамытуға уақытының жоқтығы тағы бар.
Ә мәтіні
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті туралы не айтар едіңіз?
- Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.
- Қазақ дәстүрлі мәдениетінің тағы бір ерекше саласы қолөнер туралы пікіріңіз? - Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қол өнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние-мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй – қол өнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден, т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Мен бала кезімде шешей қымыз сапырып отыратын мүйіз ожауды ұстап ойнаудан жалықпайтынмын. Кейін тура сондай мүйіз ожауды Орталық мемлекеттік музейден көргенде көзіме жас үйірілді. Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған.