Эссе Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ксро



Дата25.11.2023
өлшемі15,32 Kb.
#126588

Эссе


Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі КСРО


Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогі
Уинстон Черчилль

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең ауыр жəне қанды соғыс болды. Соғыс барысында 60 млн-ға таяу адам қаза болып, оның ішінде 27 млн-ға таяуы Кеңестер Одағының азаматтары еді. Ондаған миллион адамдар жараланды жəне мүгедек болды. І дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда ІІ дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны 6 есеге, ал материалдық шығын 12 есеге көп болды.


Барлық мұхиттар мен құрлықтарды, жер шарының 4/5 бөлігін қамтыған екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы өте өзгерісті кезеңнің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды қорытындысы – фашизмді жеңу болды. Фашистік жəне соғысқұмар басқыншы-мемлекеттер – Германия, Италия, Жапония жəне олардың одақтастары толығымен талқандалды.
Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастағы болған өзгерістер, жаңа соғыс қаупі, фашизмнің кең түрде таралуы, КСРО үкіметінің сыртқы саясатындағы ұжымдық қауіпсіздік принципі реакция мен фашистік топтардың уақытша болса да бәсеңдеуіне әкелді. Сонымен қатар, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашистік Германия мен Жапонияны талқандаудағы рөлі, екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы, соғыстан кейін дүниежүзілік қайта құруларға әкелді.
КСРО Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы капиталистік елдердің өзіне қарсы саясаты қатер төндіреді деп ойламады. Осы тұста Ұлы Отан соғысы қенес халқының отансүйгіштігін дәлелдеп берді. Дүниежүзі елдерінің басшыларымен қатар, гитлерлік Германия кеңестік патриотизм идеологиясының шынайы беріктігін түсіне алмады.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін КСРО мен антигитлерлік одақтас елдер арасындағы “балдай тәтті махаббаты” ұзаққа бармады. Оның негізгі себептерінің бірі соғыста — капиталистік елдер одақтастарынық “ата жауы” — КСРО жеңіске жетті. Соғыстан кейін әскери қаруының қуаттылығы жағынан екінші державаға айналды. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде өзінің өктемдігін бекітті. КСРО азат еткен елдерде социализм қоғамын орнатып, компартия үстемдігінің ықпалын жүргізді. Марксизм-ленинизм идеясы жеңіске жетті. Азиядағы Жапония милитаризмі талќандалғаннан кейін Корея, Қытай, Вьетнам елдерінде КСРО-ның қолдауымен социализм қоғамы орнады. Дүниежүзінде жаңа социалистік елдер жүйесі құрылды. Сөйтіп, КСРО өзінің ықпалын — Еуропа және Азия елдерінде толық жүргізіп, әлемде екі бір біріне қарама-қарсы жүйе пайда болды. Бірі капиталистік елдердің басшысы АҚШ мемлекеті болса, екіншісі социалистік елдердің қорғаушысы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) еді. Соғыстан кейін бірнеше жылдар бойына халықаралық қатынаста екі ұлы держава — АҚШ пен КСРО өктемдік жүргізді. Халықаралық қатынаста екіполюстік саясат үстемдік жасады.
50-жылдардың соңында КСРО-да ғылыми-техникалық прогресс (ғарыштық, зымыран-ядролық салада) кең қолдау тауып, өнеркәсіптің кейбір салаларында конвейерлік және автоматтық жүйе қарқынды дами бастады. КСРО дүние жүзіндегі екінші индустриалды елге айналды. КСРО экономикасының әкімшіл-өктемдік басқару жүйесі ғылыми-техникалық прогрестің өрістеуіне жанжақты көңіл бөлмеді. Ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салалары модернизацияланбады. Даму деңгейі жағынан КСРО және социалистік елдер капиталистік елдерден әлдеқайда артта қалды. 80—90-жылдары “шынайы социализм” қоғамы дағдарысқа ұшырап, социалистік жүйе ыдырай бастады.
Қорытындылайтын болсақ, Социалистік елдерде экономикалық реформалардың барысында социализм толық жєне түсінікті жеңіске жетті. Ал, халықаралық қатынаста КСРО мен АҚШ арасындағы “қырғи-қабақ” соғыс саясаты халықаралық өзгерістерге әкелді. 90-жылдары КСРО-ның ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына мүмкіндік берді. Социалистік елдер жүйесі ыдырағаннан кейін, ұлт және ұлтаралық қатынастар шиеленісіп, Балқан түбегіндегі ұлттық, діни соғыстарға ұласты. КСРО-ның ыдырауы кейін Закавказье халықтарының арасындағы соғыстарға әкелді. Халықаралық қатынаста АҚШ жалғыз ұлы державалы ел болып қалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет