Эссе Менің кіші отаным



Дата14.11.2022
өлшемі14,09 Kb.
#50093
Байланысты:
Газиза эссе


Эссе
Менің кіші отаным
Отан... Адам баласының ішкі дүниесі мен жүрегінен ерекше орын алған, аса ерекше мағынасы терең сөз
Отан отбасыдан басталады.Отан ол – туған туыстарын, бауырларын, ата-анаң, туып өскен жерін және де достарын. . Әр адамның жүрегінде терең жайылған кішігірім отаны болады. Ал менің отанымның бастауы ол мен және менің отбасым...
Менің есімім Ғазиза. Мен үшін отан ең алдымен отбасыдан бастау алып, әрі қарай жалғасын табады. Не үшін алдымен отбасы? Отбасыда көрген тәлім тәрбиен мен туған жеріне деген патриоттық сезімін қалыптаса бастайды. Менің үлкен отаным Қазақстан. Ал кіші отанымның бірі ол менің тұрып жатқан, өсіп өніп жатқан өлкем
Мен Қостанай облысы,Бейімбет Майлин ауданында тұрамын. Таранов ауданы 1935 жылы 29 желтоқсанда Ақтөбе облысы құрамындағы әкімшілік орталығы Викторовка селосында орналасқан Семиозерный ауданы аумағының бір бөлігінен құрылып, 1936 жылы 29 шілдеде құрылған Қостанай облысының құрамына енді. Бұл күн ауданның ресми туған күні болып саналады. 1966 жылы Таранов ауданының орталығы Викторовка ауылы Тарановское ауылы болып өзгертілді. 2019 жылдың 25 маусымында аудан Бейімбет Майлы ауданы болып өзгертілді
Елімнің бетке ұстар мақтан тұтар тұлғалардың жерлесі болған мен үшін ұлкен қуаныш.
Бәріне белгілі Бейімбет Майлин атамыз жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушы, сауатсыздықты жою керек деген ұранымен алға тартқан өте құрметті кісі 1894 жылы 15 қарашада Қостанай облысы, қазіргі Бейімбет Майлин ауданында дүниеге келді. ‘Қазақ’, ‘Ауыл’ газеттері мен қатар ‘Айқап’, ‘Садақ’ журналының көрнекті жазушысы болды. 1938 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, репрессия құрбаны атанды
Сапар Ерғалиев Ерғалиұлы 1914 жылы 1 тамызда дүниеге келген. Аудан бойынша сіңірген еңбектері өте көп. ССР кезінен бастап ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосып, Жалшы ауылының ауыл шаруашылығын басқарған кісі. Қазіргі таңда Бейімбет Майлин ауданында, есімімен аталған қазақ мектебі бар.
Елубай Өмірзақов 31 қаңтар 1899 жылы дүниеге келген. Театр және кино актері, әнші, домбырашы, Қазақ КСР халық әртісі. Қазіргі Майлин ауылында туған
Сейтхан ​​Нұрмұхамбетұлы Темірбаев 5 маусым 1922 жылы дүниеге келіп, 1983 жылы 15 маусында дүниеден озды. Кеңес Одағының Батыры (1945). Қызылжар ауылында туған
Сонымен қатар Социалистік Еңбек Ерлері – Дмитрий Иванович Берлин, Ли Йонг Бем, Александр Иосифович Казачонок, Артём Анисимович Петренко, Павел Сергеевич Токарев, Балғабай Мурзахметов жанқиярлық еңбектерімен аудан абыройын асқақтатты. Көптеген ордендердің кавалері Сапар Ерғалиев 28 жыл бойы облыстағы ірі шаруашылықтың бірі – атындағы кеңшарды басқарды.
Бейімбет Майлина ауданы аумағында 3 табиғи аумақты бөліп көрсетуге болады:
Оңтүстік Притобольск қуаң дала, көлді-жазық аймақ.
Тобыл-Прикушмұрын құрғақ дала, ойпат-жазық өлке.
Тобыл және Аят өзендерінің аңғарлары аймағы.
Табиғаты да керемет, жаңға жайлы, тыныш аудандардың бірі болып саналады. Қазіргі таңда ауданым даму үстінде. Әртүрлі газет - журналдары, тарихи деректердің өңделуі, музей мен мәдениет үйлеріде даму үстінде
Осындай кең тарихы мен қоса, мақтан етерлік тұлғалар дүниеге келген менің кіші отаным осы. Мен өз отаныммен мақтанамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет