Табиғи сұрыпталудың тиімділігі және әсер ету жылдамдылығы.
Чарльз Дарвин, табиғатта кейбір дарабастардың таңдалып көбейетін және басқа дарабастардың жойылу үдерістерінің сөзсіз болуы - табиғи сұрыпталу үдерістің болуы туралы қағидаттың қорытындысына келді. Тіршілік үшін күрес үдерісте елеусіз болып көрінетін айырмашылықтар кейбір жеке дарабастарға көбеюдің артықшылығын, ал басқаларға сәтсіздігін беру мүмкін. Табиғи сұрыпталу процесінде жеке дарабастардың тірі қалуы немесе жойылуы емес, олардың дифференциалды көбеюі маңызды. Эволюциядағы басты маңыздылық - жеке дарабастардың тірі қалуы емес, әр дарабастың популяцияның генофондысына қосқан үлесі болып есептеледі.