Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
“Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КЕ АҚ
Орындаған: Кыдырбекова А.
Жұмағазиева О.
Тобы:ХБ-901
Тексерген: Райгуль Алимгазиевна
Жоспар:
Партеногенез
Апомиксис
Гиногенез
Андрогенез
Партеногенез
Табиғатта кеңінен таралған жынысты көбеюдің ерекше түр өзгерісі болып табылады. Партеногенез (грекше "партенес"-қыз, "генезис"-туу). Оның мәні ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан жаңа аналық ағзаның дамуы. Бұл әрекет табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі.
Мысалы, дафния және бітеде (көктем,жаз, күздің басында) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларында партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шығып, көктемде партогенез жолымен көбейе алатын аналықтар қайтадан дамиды. Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларада, жабайы арада, өсімдіктерде- "бақбақта", т.б. кездеседі.
Баларада партеногенез басқаша жүреді, ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аталықтар (трутендер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналық ара) мен жетілмеген аналықтар (жұмысшы аралар) дамиды. Жоғары және төменгі температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушалардан жаңа ағзалар дамитыны дәлелденді, бірақ өте сирек кездеседі. Мысалы, бақаның ұрықтанбаған жұмыртқасын 6 градус температурада қыздыра отырып, инемен шұқығанда, сол жұмыртқа жасушадан аналық қасиеттері бар ересек бақа дамыған.

Атақты орыс генетигі Б.Л.Астауров жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын алды. Жоғары температурамен әсер еткенде жібек құртының аналығында мейоз әрекеті жүрмей, диплоидты хромосома жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы пайда болған. Осы жасушадан жұмыртқалары ірі болып келетін (полиплоидия) аналықтар партеногенез жолымен дамыған. Мұндай әдістерді пайдаланып партеногенездік жолмен жібек құртының аналықтарын алудың қазіргі кезде жібек өндіруде маңызы зор болып отыр.