Педагогика факультеті



Дата26.01.2022
өлшемі17,36 Kb.
#24352

Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика факультеті

Орындаған: БОПжӘ-202, Сейлхан Сандуғаш

Пән оқытушысы: Болған Сары

Тақырыбы: Етіс категориясы

Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалгана береді. Окулықтарда етіс — негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, — деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердің де негіздері жатады. Әдетте етістік негізінің субьекті мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік негізіне (амалына) қатысы сол негіздің бастапкы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (синтаксистік) қызметі туралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды». Бұл түсініктің өзінен анық көрінетіндей, негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұгымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір болсын, не семантикалык жагынан, не формалык жагынан, не синтаксистік кызметі баска сөздермен карым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ және грамматикалык я лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, ягни негізгі етіс деп аталған, дүрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіңе енбейді, сол категория түрлеріне негіз гана болады. Сондыктан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жок, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбір деген ұғым ғана бар» (21.178.) — деген пікір негізгі етіс етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. Сол себептен де етіс түрлері төрт түрге бөлінеді, яғни етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортак етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.

Олар сөйлемде аткаратын кызметі мен беретін магынасына карай тұлғалык ерекшеліктері бар калыптаскан грамматикалық категорияға жатады.



1.Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне карай жұмсалады. Ягни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш кызмет аткарып тұрған етістік өздік етіс тұлгасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында эрі субьектілік, әрі обьектілік мағына сакталатындыктан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан обектісіз сөйлем болады.
Өздік етіс кимыл, іс-әрекеттің субьектісіне карай бағытталып, сабақты етістікке -ын, -ін, -н косымшасы косылу аркылы жасалады. Бірак барлык сабакты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнагы тек кимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне карай бағыттала алатын сабакты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс косымшасы -ын, -ін, -н негізінде өздік етіске тэн қосымша ретінде өзі жалғанған сабакты етістікті салт етістікке айналдырып кана коймайды, ол жалганған етістік сөйлемдегі бастауыштың эрі субьектісі, әрі обьектісі екенін де білдіреді. Өздік етістің бастауышы кимыл иесінің кызметін өзі атқаратындыктан, оның кимылы тікелей өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.

2.Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындыгын көрсететін етістіктін түрін айтады. Ырыксыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л косымшасы (түбір кұрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н арқылы жасалып, қимыл, іс- эрекеттің өздігінен орындалатын мэн үстеп, қимыл, іс-эрекеттің тура обьектісі оның грамматикалык бастауышы болу кызметін аткарып тұрады да, ырыксыз етіс жұрнагы жалғанған сабакты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде кимылды аткарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады.

3.Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің грамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етіс түрі өзгелік етіс» — деген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, ягни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-эрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады.

4.Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақты етістік тұлғаларынан арнайы -ыс, -іс, -с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-эрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатының білдіреді. Басқа етіс түрлерінен ортақ етіс жасап тұрған етістің мағынасы мен косымшасының ерекшелігі — етістіктің салттылық- сабақтылығына бейтарап болумен қатар, кей ортақ етіс формалы етістіктің қимыл атауын білдіруге бейімділігі негізінде заттық ұғымды білдіріп зат есімге айналып кететін кездері болады.

Мысалы: Арқан тарт-ыс-ты. Тартыс басталды. Асыққа тала-с-ты. Талас күшейді. Дегенде ортақ етіс жұрнағы жалғанған «тартысты, таласты» етістіктерінің бірі — сабақты, бірі -салт етістік болса, «тартыс, талас» атау тұлғадагы зат есімдер «тарт, тала» етістіктерінен -ыс жұрнағы аркылы жасалған туынды түбір тұлға. Яғни бұл сөздердің тұлғалық ұқсастыгы болмаса, бұлардың құрамындағы қосымша екі түрлі категориялы сөз тудыратын морфема.



Етіс жұрнақтары бірінің үстіне-бірі жалғағанда, мына тәртіппен орналасады: 1) ездік етіс + өзгелік етіс: ойла+н+дыр, түй+ін+дір; 2) өздік етіс + ортақ етіс: бүл+ін, бүл+ін+іс; 3) ортақ етіс + өзгелік етіс: бөл+іс, бөл+іс+тір; 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: бақ+тыр+т, тура+т+қыз т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет