Этнос” деген түсінікті (яғни халық, тайпа, ұлт т б.) тарихи қалыптасқан, адамдардың тұрақты тобы


Мейлі түрік, не парсы, қатардағы көшпелі малшы, немесе он атадан хан-ханзада да кез келген адам қазақ бола алатын



бет5/6
Дата30.09.2023
өлшемі37,8 Kb.
#112029
1   2   3   4   5   6
Мейлі түрік, не парсы, қатардағы көшпелі малшы, немесе он атадан хан-ханзада да кез келген адам қазақ бола алатын. Мысалы: Тоқтамыс ханның үлкен ұлы Жалел-ад-Дин, “көшпелі” өзбектер мемлекетінің негізін қалаушы”, Шайбанит Абул-хайыр, оның немересі Мұхамед Шайбани, Шағатай Уайс пен Саид бірқатар уақыт қазақтар болған. Темір ұрпақтары, ішінде қылышты еркін меңгерген Сұлтан Хусаин де көп айлар казактықта өткізген. Өзінің атақты “жазбаларында” Бабыр өзінің қазақтық кезінде Масча таулы елінен сұлтан Махмұд ханға сапар шегуі жөнінде еске түсіреді. Бұл жерде мынаны айтқан жөн, қазақ болған адам бұл ниетінен қайтып, өзінің бұрынғы жағдайына, өзінің қоғамына қайтып келуі мүмкін, бұны осы жоғарыда аталған, сол кездегі жоғарғы дәрежедегі қазақтар да істеді. Сұлтан Хусаин мен Сұлтан Саид кейін өз елінің билеушілері болды: Мухамед Шаибани мен Захир-ад-Дин Бабыр әр қайсысы жаңа мемлекет құрды.
Сонымен, сол ежелгі уақытта қазақ болып қалыптасты. Қазақтардың өмір тіршілігін белгілеу үшін мұсылмандардың сөздерінде қазақылық деген зат есім құрылды. Қазақтық кезіндегі түсінік әдетте: қазақылықтарда (түркі тілдерінде) дар-аями и казак, мудатти казак иран тілдес сөздерде деп белгіледі.
Қазақтың өмір сүру тіршілігі қарапайым болғаны белгілі. Осыдан қазақ және яғни қазақша “қарапайым” түріктің сөзінен шығып парсының казакане “ане” деген жалғау қосылып жазылған. Мыс: осы сирек сөздің ортағасырдағы мәтіндерде қолдануының мысалы, Шағатай сұлтан Ахмад нағыз дала ұлы болды. Ол да қатаң өмір тіршілік етті. Бабыр Сұлтан Ахмадты 1502 ж. Танбала әмірге қарсы жорық кезіндегі үй жайын сипаттайды, былайша: “Сұлтан Ахмад жер шалғайында өмір сүргендіктен оның шатыры мен тұратын жағдайы қарапайым қазақша болатын. Қауындар, жүзім, ат әбзілдері барлығы осы шатырда жататын, ол осылайша өмір сүрді. (Бабыр-нама с 133: Бабыр-нама факсимиле 1861).
Қазақ әр қашан жалғыз “Қазақшылаған” жоқ.. Еркін қазақтың ерекше өмірін сұраған адам қазақдаштанып кетеді. Қазақдаш сөзі мынаны түсіндіреді: юлдаш – “серік”, аркадаш -“дос”, аул-даш -“жерлес”, ватандаш – “құрдас” орта ғасыр мұсылман авторлары.
Мұндай коллективтер әр уақытта, әр жерде, әртүрлі себептерге байланысты туды. Өз уақытында XV ғ. тарихшысы Абд ар-Раззак Самарканди, “қазақ болып кеткен өзбек әскерлерінің біразы Мазандеранға келіп, онда ұрлық істеп қайта артқа кетті. Кейде “қазақ қоғамы” престолға қарсыластарынан қашып құтылғандармен, оларға берілген жақтастарынан тұрды, олар қала мен ауылдан шетте, ойын-сауық іздеушілер. Қазақ сөзі тағы мемлекеттен алыс тек соғыс кезінде бірігіп тұратын көшпенділер тобына да қолданады. Міне Абылхайыр ханның мемлекеттерінің көшпенділері мынадай коллектив болды, оған қарсы шығып, 1459 ж. оның үстемдігінен кеткен, басына Ұрыс хан тұқымы Керей мен Жәнібекті қойып, басқа жерден бақыт іздеген. Өзбек ұлысының біраз адамы біраз уақыт Жетісу маңын мекендеп, “өзбек-қазақтар” деген атқа ие болады.
Қос ат бізді таңдатпауы, ұялтпауы керек. Біздің қарап отырған дәуірде, қазақ сөзі бөлек халыққа, этникалық, саяси және т.б. топтарға және біз білетіннен де көп жеке адам атына да қойылады….. могол қазақтары, дешті-қазақтары, чу-тур қазақтары (кавказда), тағы да “Әмір Таңбала қазақтары”, “біздің қазақтар” (Бабур сөзі), “шибан-қазақтары” және т.б., яғни қос терминді Мұхаммед Хайдар өзінің оқушыларына Керей мен Жәнібек және оның ұрпақтары шынымен Өзбек ұлыснан шыққан деп ескертеді. Сонымен өзбек тектес қазақтар Керей мен Жәнібек: ол Өзбек ұлысынан қашқандардан құралған, бұл өзбек-қазақтар деген алғашқы мағынадан алған. Көрші Моғолыстанның батыс аймақтарындағы “өзбекеш-қазақтар” бойынша: олар өз жерінен бостандық үшін қашқандармен байланысты. Бұдан мынадай сұрақ туады: көшпенді Керей мен Жәнібек қазақ халқының этногенезінде қандай роль атқарады? Өзбек ұлысының көшпенді Керей мен Жәнібегі Жетісуда қазақ халқының этногенезінде шешуші роль атқарды. Тек халықтың құрылуын, тек оның атына ғана емес, яғни 1445 ж. көшу, қазақ халқының пайда болуын айқындады, оның құрылыс процесін тездетті. Осы процестің өтпелі суреттемесі “өзбек-казах” терминімен айқындалады. Осыған байланысты мынаны айтуға болады, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы – бұл бөліну процесі, бір факторға байланысты белгілі тайпа тобының жекеленуі, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет