§21. И.В.СТАЛИН ЖӘНЕ КСРО-дағы ТОТАЛИТАРИЗМ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ. ҰЖЫМДАСТЫРУ
И.В.Сталин және КСРО-дағы тоталитаризм. 30-жылдарда қалыптасқан әмрішліәкімшіл жүйе кедей болса да, барлығы тең деген жаппай теңдік психологиясын қалыптастырды. Орын алған әміршіл-әкімшіл жүйе өзінің бюрократиялылығымен басқа өркениетті елдердің басқару құрылымдарына ұқсас болумен қатар өзіндік ерекшеліктерге де ие болды. Бұл жүйе өзінің түп-тамырын «әскери коммунизм» кезеңінен алады, ол кезде барлық мәселенің шешімі бұйрық арқылы болатын. Қарапайым әкмішлкі әдістерінен көсемнің жеке диктатурасын, ал кейіннен жеке басқа табынушылықты тудырған сталиндік тоталитарлық жүйе пайда болды. 1936 жылы адам құқығы мен бостандығын ресми бекіткен КСРО Конституциясы қабылданды, бірақ, шын мәнінде, мемлекет оған кепілдік бермеді. Федерация түрінде тоталитарлық режіммен қатаң орталықтандырылған мемлекет орнықты.