Еуропадағы қазақ диаспорасы Халықаралық журналист, белгілі ғалым Досан Баймолданың «Еуропадағы қазақтар»



Дата29.03.2023
өлшемі15,74 Kb.
#77221

10-дәріс. Еуропадағы қазақ диаспорасы
Халықаралық журналист, белгілі ғалым Досан Баймолданың «Еуропадағы қазақтар» атты кітабы жарық көрді. Бұл Еуропадағы қазақ диаспорасы жайлы жазылған тұңғыш зерттеу еңбегі.

Зерттеу кітабында қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері, кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар жайлы сөз болады. Кітап қаламгер Досан Баймолданың «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдарындағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында өткізілген сауалнама, көптеген сұхбат материалдары негізінде жарық көріп отыр.


«Бұл кітап Досанның сонау 1980-2000 жылдары Еуропаның Польша, Чехия секілді елдерде жоғары білім алып, ғылыммен және журналистік қызметтермен айналысқан кезінде Еуропа қазақтары өмір сүріп жатқан қалаларға әдейі барып, жүргізген сұхбаттары мен жинақтаған мол материалдары негізінде жазылды. Әсіресе, автордың 1996-2002 жылдары Прагада орналасқан «Азаттық» радиосында қызмет етіп, сондағы қазақ редакциясының «Шетелдегі қазақтар» бағдарламасын жүргізген кезеңдері айрықша жемісті болды. Еуропада өмірінің 20 жылын өткізген зерттеуші ғалым Досан Баймолданың «Еуропа қазақтары» кітабы о баста Алтайдан ауған ел өмірінің жаңа кезеңін, кәрі құрылыққа қоныстану жағдайын жан-жақты зерттеп көрсетуге арналған алғашқы еңбектердің бірі»,-дейді кітапқа алғысөз жазған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев.
АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Чехия, Мажарстан, Германия, Австрия, Франция.
Кезінде Қытайға бас сауғалап көшкен қазақтар, кейін Пәкістан, Иран; Түркия жағалай келіп, Еуропаға көшіп келген болатын. Олардың саны бүгінде бес мыңға жуық. Негізінен Ұлыбритания, Германия, Польша және Финляндия елдерінде шоғырланған.

«ГФР-да екі мыңнан астам этникалық қазақтар тұрып жатыр. Қазақтар Германияда Қазақстаннан қоныс аударған немістермен бірге олардың отбасы мүшелері ретінде келген деген пікір бар. Мен өзім ГДР кезінде неміс жерінен табылған қазақстандық мигранттарға жатамын. Германияда қазақтар негізінен ірі қалаларда тұрады: Берлинде, Франкфурт-на-Майнеде, Мюнхенде, Кельнде, Гранноверде. Олардың көбі өздерінің шығу тегін естерінен шығармаған және туған қазақ тілін де ұмытпаған,» - дейді, Берлиндегі Германия-Қазақстан қоғамы директорының орынбасары Галина Нұртазинова.

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің мәліметі бойынша, осы елде мыңға тарта қазқ тұрады. Негізінен, студенттер және жұмысқа келген Қазақстан Республикасының азаматтары. Ал, осы елге қоныс аударға этникалық қазақтар туралы айтар болсақ, бүгінгі таңда Ұлыбританияда 45 қазақстандық отбасы (300-ден астам адам) тұрақты өмір сүріп жатыр. Бұлардың басым бөлігі тарихи Отанынан тыс жерде туып-өскен қазақтар. Лондонда ҚР Елшілігі жанында қазақ тілін, тарихы мен мәдениетін зерделеуге мүмкіндік беретін қазақ тілі мен әдебиетін оқыту орталығы жұмыс істейді. Ұлыбританиядағы орталыққа қазақ диаспорасы қауымдастығының төрағасы Исамил Кесиджи жетекшілік етеді.

Германияда қазақтар бірнешебасты қалаларда қоныстанған. 2012 жылғы жүргізілген санақ бойынша, Кельнде 500, Мюнхенде 400, Берлинде 110, Гамбургте 34, Майнцте 11, Франкфурт-на-Майнеде 7, Хайдельбергте 7 адам тұрып жатыр. Бұндағы диаспора негізінен, өткен ғасырдың 50-60 жылдары Түркиядан қоныс аударғандардан құралған. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстаннан ГФР-ге аралас отбасы құрамындағы кейін қоныс аударғандар екінші бөлігін құрайды. ҚР Елшілігінің көмегімен Германияда үш қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді.



Финляндияда 300 қазақ тұрып жатыр. 2012 жылы Финляндияның Хельсинки қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылуы өтті.

Польшада 20 этникалық қазақ тұрып жатыр. Польша республикасы аумағында қазақ диаспорасының тілін сақтау және дамыту үшін қазақ тілі орталығы жұмыс істейді, бірақ қазіргі уақытта өз қызметін тоқтатты. Лондонда ҚР Елшілігі жанында қазақ тілін, тарихы мен мәдениетін зерделеуге мүмкіндік беретін қазақ тілі мен әдебиетін оқыту орталығы жұмыс істейді. Ұлыбританиядағы орталыққа қазақ диаспорасы қауымдастығының төрағасы Исамил Кесиджи жетекшілік етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет