Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Популяцияның негізгі критерилері мен құрылымы



бет52/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   231
Популяцияның негізгі критерилері мен құрылымы. Сан мөлшері – даралардың популяциядағы жалпы саны. Бұл көрсеткіш әр туыстың түрлері арасында өзгермелі болады. Мысалы, бунақденелілер мен балықтардың кейбір түрлерінде жүз мыңнан миллионға дейін даралар саны болады. Құстардың сирек кездесетін түрі – ақ тырнаның популяциясында 20-30 дарадан ғана кездеседі.

Популяцияның ареалы (тығыздығы) – даралар жиынтығының бірлесіп мекен аумақ жері, оның көлемі даралардың сан мөлшерімен және тіршілік әрекетінің белсенділігімен анықталынады.

Жыныстық құрылым – жыныстық жағынан жетілген аталықтар мен аналықтар арасындағы санның арақатынасы. Ол еркін шағылысатын (панмиксиялық) түрлерде едәуір біркелкі болады да, партеногенездік популяцияларда (бітелер, баларалар, дафниялар) аналық даралар саны артады.

 


 

 

 

 

 






 

Популяция жасының құрылымы - әр түрлі жастағы даралардың өзара қатынасы. Егер популяцияда жас даралардың саны артса, онда популяция өседі. Ал, ересектер саны көбейсе, жақын арада популяция кішіреюі не жойылуы мүмкін.

Генетикалық құрылымы - әр қашанда гетерогенді болады. С.С.Четвериков: кез келген популяциядағы даралар тіршілік барысында бірнеше ұрпақ бойы үздіксіз мутантты гендермен толығып отырады. Мутациялардың көпшілігі рецессивті жағдайда болады да байқала бермейді.

Тіршілік (популяциялық) толқыны – даралар санының өзгеруі. Бұл терминді С.С.Четвериков енгізді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет