Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов


Әуезов  отыр.  Мұхаңмен  ж үзбе-ж үз  кездеспесем  де



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Әуезов  отыр.  Мұхаңмен  ж үзбе-ж үз  кездеспесем  де, 
шығармаларымен  бірге  жарияланған  фотосуреттерін  ке­
рш  жүргенмін.  Айналасына  шуақ  шашып  отырған  ұлы 
тұлғадан  көз  айырар  емеспін.  Мінбеге  бірінен  соң  бірі 
көтеріліп, 
эпосты 
жерден 
алып, 
жерге 
салып 
жатқандардың  сөзіне  үнсіз  құлақ  түріп,  қағазына 
әлденелерді түртумен  болды.
-   "Манас"  -   партияның  қазіргі  саясатына  жат  туын- 
ды...  Арамызда  жүрген  пантүркизмнің  ескі  көзі,  -   деп, 
негізгі  баяндамашының  бірі  А.  Боровков  эпостан  іліп 
алар  тарау  таппай,  жағалай  қаралауға  көшкенде,  зал 
қозғалысқа  енді.  Наразылықтарын  ашық  айтуға  дәрмен 
жоқ.  Есіктің  сыртынан  кіжінген  дауыстар  естіліп  қалып 
жатты.
Манастан  басы  бүтін  айырылдық-ау,  деп  түңілген 
тұста,  мінбеге  маң-маң  басып,  қасиетіңнен  айналайын, 
Әуезов көтерілген.
-   “Манаста"  бай,  манапты  мақтайтын  тұстары  бар 
шығар.  Бірақ  бұл  -   бүткіл  бір  халықтың  елдігі  мен  ер- 
лігінің,  рухани  байлығы  мен  ұлы  мәдениетінің  ұрпақтан- 
ұрпаққа  саф  поэзия  тілінде  жатқа  айтылып,  жалғанып 
келе  жатқан  көркем  кестеленген  тарихы  ғой.  Ендеше, 
қырғыз  халқының  өмірінен  Манасты  аластау  бұл  бүкіл 
бір  ұлттың  тілін  кесумен  бірдей  емес  пе?  Шаш  ал  десе, 
бас  алуға  тұра  үмтылатын  адыраңбай  мінез  біздің 
қоғамнан  қашан  қарасын  жояр  екен?  —  деп,  сәл-пәл 
үзіліс  жасап,  Боровковқа  бұрылып  еді,  әлгі  мойнын  ішіне 
тыққан  күркетауықтай төменшіктеп  қалды.
Мұхаңның  дүниетанымының  кеңдігі,  өлемдік  арғы- 
бергі  әдебиет  тарихын  жетік  білетіндігі,  тармақ-тармақ 
ойларын  жүйе-жүйесімен  үлкен  философияға,  нақты 
дөлелдерге  бекітіп,  шешен  сөйлейтіндігі,  қырғыз  ұлты 
тудырған  рухани  байлықтарға  деген  ғажайып  қүрметі 
мен  сенімі  залд^  мүлде  жаңа  ахуал  тудырды.  Егер
яйтгак.  "Манастын"  кава  тізімге  ілінбей.
оүкпесіз  әдш н  аитсақ,  танастың  қара  тізщге|_______
аман  қалуы  Әуезовтің  нақ  осы  жолғы  тарихи  сөзіне  бай- 
ланысты  болды.  Оның  жүрек  тербеген  ара  ағайындық 
сөзін  Исхақ  Раззақов  та  ерекше  ризалықпен  тыңдап, 
қайта-қайта  бас  изеумен  отырды.  Манастың  баға  жетпес 
құнын  білгенімен,  сол  кезгі  қатал  саясаттан  сақтанып, 
мысы  құрып  отырғандай  сезілген.  ¥лы  эпосты  ашық 
қолдағаны  үшін,  Ташым  Байжиев  секілді  арыстардың 
түрмеде  жатқаны да  көп  қауіптен хабар  беретін  еді...
Конференция 
жабыла 
берген 
сөтте, 
сыртган: 
"Сүйінші!",  "Сүйінші!",  "Манасты  аман  алып  қалдық!",

"Мұхтар  қайда,  сені  тапқан  анаңнан  және  бүкіл  қазақ 
елінен  айналдық!",  "Ақсарбас,  ақсарбас!"  деген  айғай 
көтерілді.  Қуанысқан,  құшақтасқан,  көзіне  жас  алған
жұрт  сеңдей  соғылысты.
Шаханов.  Сол  тұста  бай-феодалдарды  дәріптеген
шығарма  дәгөн  жөлөумен  қазақ  халқының  қаншама  көр-
кем  дастандары  мен  қиссалары,  ауыз  әдебиетінің  небір
тамаша  үлгілері  қара  тізімге  ілініп,  мұрағатқа  аттанды-
рылып  жатты.  Бұған  дейін  түрменің  дәмін  татып,  жа-
зықсыз  екі  жыл  қамалып  шыққан  Әуезовтің  де  өз  басы
қудаланып жүрген.
Естуімше,  Мұхаңа  республикалық  қауіпсіздік  коми-
тетінен  бір  бейтаныс  әйел телефон  шалып:
-  
Қайткен  күнде  де  бүгіннен  қалмай,  із  жасырып 
үлгеріңіз.  Әйтпесе,  кешігесіз. 
Сізді  ұстауға  рұқсат
әзірленіп  жатыр,  — депті.
Мұхаң  сол  күні  кешкілік  өз  үйінен  жасырынып 
шығып,  Мәскеуге  ұшып  кеткен  ғой.  Мәскеулік  достары- 
ның  көмегімен  қуғыннан  құтылып,  МГУ-ге  профессор
болып  орналасқан.
Осындай  аумалы-төкпелі  кезеңде  басы  пәлеге  байла- 
нып  жүріп,  "Манасты"  қорғауға  бел  шеше  араласуы  аза- 
маттық ерлікке  барабар  іс  емес  пе?
Айтматов.  Иө...  Сол  конференцияда  эпосқа  тілекші 
боп,  есіктен  сығалап  түрғанымды  айттым.  Кейіннен, 
араға  отыз  жыл  салып,  "Манастың"  алғашқы  толық  ба- 
сылымына  бас  редактор  болып,  алғы  сөз  жазарымды, 
әлемдік деңгейде  өткен  талай  жиындарда  ол  жайында  сөз 
қозғарымды  білсемші.
Ұлы  ұстазбен  екінші  рет  кездесуім  тіптен  қызық. 
Мәскеудегі  М.Горький  атындағы  Дүниежүзілік  әдебиет 
институтының  Жоғары  әдеби  курсында  оқып  жүрген 
түсым.  Михаил  Дудинцевтің  "Ни  хлебом  единым"  деген 
романы  жарық  көріп,  әдеби  ортаға  үлкен  дүрлігу туғызды. 
Бірі  табанын  жерге  тигізбей  мақтайды,  екіншісі  оларға 
қарсы  дау  айтып,  жер  бауырлатып  жамандайды.  Осы  тар- 
тысқа  төрелік  айтып,  бір  шешімге  тоқтау  үпіін,  Орталық 
әдебиетшілер  үйінің  (ЦДЛ)  кіші  залында  үлкен  жиын  өтті. 
Мен  ертерек  келіп,  залдан  орын  алғанмын.  Төралқада 
өңшең  ығай  мен  сығай  сіресіп  отыр.  Кісінің  көптігі  сондай, 
бас  сұғар  жер  жоқ.  Кейбіреулер  терезенің  алдына,  тіпті 
тақыр  еденге  де  газет  төсеп,  жайғасып  алған.  Әдеби 
айтыстың  толастар  түрі  көрінбейді,  шешендер  мінбеге 
бірінен  соң  бірі  ұмтылып,  сөзбен  қылыштасып  жатты. 
Әлден  уақытта есік жаққа  көзім түсуі  мұң  екен,  иықтасып

тұрған  топ  адамның  ішінен  Әуезовтің  таңсық  дидарын 
көріп  қалдым.  Кепггеу  келіп  қалса  керек.  Төралқада 
отырғандар  Мүхаңды  байқамады  ма,  тіпті  көрсе  де,  ішке 
өту  еш  мүмкін  емес  еді.  Әуезовтың  кіре  берісте  иін 
тірескен  жұрттың  құрсауында  қалғанын  көріп,  қатты 
қынжылдым.  Ол не  қайтып  кете  алмай,  не  залға  өте  алмай 
тұр.  Ақыры,  үзіліс  жарияланды.  Зал  қапырық,  терге  мал- 
шынғандар  уласып-шуласып,  сыртқа  беттегенде,  мен  де 
өупіріммен  Мұхаңа жетіп  үлгердім-ау.
Мен  оған  сәлем  бере,  қос  қолымды  қатар  үсындым. 
Сонан  соң:
-   Мұхтар  аға,  Сізге  орын  бар.  Жүріңіз,  -   дедім  де, 
қатардағы  өз  орныма  алып  келдім.
Мұқаң  орындыққа  жайғасқан  соң,  сөл  таңырқай 
қарап:
-   Қай  баласың?  Қай  жақтансың?  -  деп  сұрады.
-   Қырғызстаннанмын,  -  дедім  мен.  -  Осында  Әдебиет 
институтында  оқимын.
-   Е,  бөсе!  Енді  бөрі  түсінікті.  Рақмет,  айналайын,  -  
деді  сосын  жанында  қурайдай  боп  түрған  маған  мейірім 
пгуағын төге  қарап.  -  Бағың  ашылсын!
Мен  үшін  мұнан  артық бата жоқ еді.
Өзің  Әуезовті  көре  алдың  ба?  Ол  кісі  дүние  салғанда, 
тым  жастау болуың  керек?
Шаханов.  Қайтыс  боларынан  біраз  уақыт  бұрын 
Шымкент  қорғасын  зауытының  Мәдениет  сарайында 
"Абай  жолы"  эпопеясы  жайлы  екі  күнге  созылған 
оқырман  конференциясы  өтті.  Алматыдан  Мұхаңның  өзі 
арнайы  келіп  қатысты.  Ол  кезде  Мамытбек  Қалдыбаев 
деген  облысқа  белгілі  ақын  жігіт  бар  еді.  Маған  шақыру 
билетін  берген  — сол.  Атағы  жер  жарып  тұрған  жазушы- 
ны  тұңғыш  көруім.  Сөйлегені,  отырыс-тұрысы,  риза 
болған  сәттегі  мұрнын  саумалап,  "пәлі",  "пәлі"  деп 
күлімсірейтіні  біздей  бозбала  үшін  қызық.  Үстіне  көк 
сұр  костюм  киіпті.  Кітабындағы  суретіне  қарағанда  сәл- 
пәл  жүдеулеу,  өңі  солғындау  боп  көрінді.  Бәлкім,  "Абай 
жолынан"  кейін  "Өскен  өркен"  атты  жаңа  шығармасын 
жазып,  ой  арқалап,  мұң  қажытып  жүргендіктен  болар...
Конференция  аяқталысымен,  қолтаңба  алудың  ке- 
зегіне  тұрыстық.  Кісі  көп,  ығы-жығы.  Жылжи-жылжи 
жазушының  алдына  мен  де  таядым.  Ол  кезде  "Абай  ж о­
лы"  мен  "Еңлік  —  Кебектің"  кейбір  тұстарын  жатқа 
білуші  ем.  Соны  айтқым  кеп,  қанша  оқталсам  да,  баты- 
лым  жетпеді.  Бір  жағынан,  ұялдым,  екінші  жағынан, 
соңымда  кезекте түрғандар  итергіштеп  барады.

-   Атың  кім,  ұлым?  -   деді  Мұхаң,  мен  берген  кере 
қарыс  романының  мұқабасын  ашып  жатып.
-  Мұхтар.
"Әкем  кітабыңызды  оқып,  менің  атымды  Сіздің 
құрметіңізге  қойған"  деп  айтқым  келіп  тұрса  да,  баты-
лым  жетпеді.
Жазушы  жүзіме  бір  түрлі  елжірей  қарап,  басын  изеді 
де, 
қолтаңба 
жаза 
бастады. 
"Бала 
Мұхтарға 
ата 
Мұхтардан  ескерткіш.  Ихласпен'  деп,  қолын  қоиды.  ^Ка- 
зуы  айдақ-сайдақтау  екен.  Бұл  ұлы  суреткерді  ең  бірінші
және  ең  соңғы  рет  көруім  еді.
Шымкент  педагогика  институтында  сырттай  оқып 
жүргенімде,  Әділ  Ермеков  деген  ақсақал  үстазымыз  бол- 
ды.  Бір  ғажабы,  Мұхтар  Әуезовтің  "Абай  жолы"  романын 
жатқа  айтатын.  Кәдімгі  Саяқбай  К,аралаевты  еске  сала- 
тын  феноменның  бір  бөлшегі  еді.  Сіздің  "Саманшының 
жолы"  (қазақшасы  "Құс  жолы")  атты  шығармаңыздың 
көп  монологтерін  жатқа  орындайтын.  Оқушысы  болған 
соң,  мақтаныш  ететін  шығар,  менің  де  балаң  өлең- 
дерімнің  бірнешеуін  өз  мәнерімен  оқитын.  Сол  ұстаздың 
аузынан  мынадай  хикая  естігенмін.
Әуезов  өмірінің  соңғы  жылдарында  Оңтүстік  өңіріне 
жаңа  роман  жазу  мақсатында  жиі  келіп  жүрген.  Әділ 
Ермеков  бір  отырыста  Мұхаңның  ағынан  жарылып 
айтқан  әңгімесінің  куәсы  болыпты.
ТК.аныш  Сәтбаев  екеуі  Ленинградта  оқып  жүргенде, 
бір  цыганға  бал  аштырған  екен.  Сәтбаевтың  алақанына 
үңіліп  қарап:
-   Көптеген  қиындыққа  кезігесің.  Кейіннен  соның 
бәрін  жеңіп,  атағы  алысқа  кеткен  үлкен  ғалым  боласың,  —
дейді әлгі ©йел.
Ал  Әуезовтің  қолына  келген  кезде  ұзақ  ойланып
тұрып  қалыпты.  Сосын:
-   Сенен  де  өте  үлкен  адам  шығады.  Даңқың  әлемді 
шарлайды.  Бірақ жолың  өте  ауыр,  шиыр-шиыр.  Талай  рет 
өлімнен  қалып,  азап  шеге  жүріп,  үлкен  абыройға  же- 
тесің.  Үш  рет  үйленесің.  Ажалыңды  түбі  пышақтан  таба- 
сың,  — депті.
Айналасында  қаумалап  отырғандарға Әуезов:
-   Өмір  жолымның  өте  қауіпті,  шиырлы  болғаны  рас. 
Аласапыран  жылдары  "халық  жауы"  атанып,  атылып  ке- 
туім  мүмкін  еді.  Кездейсоқ  жағдай  сақтап  қалды.  Ал 
атақты  боласың  дегені  де  жарым-жартылай  келіп  түр. 
Айтқанындай  үлкен  адам  болмасақ  та,  бұл  күнде 
есімімізді  біраз  жұрт  біледі...  Үш  рет  некелі  боласың  де-

гені  де  аина  қатесіз  тұп-тура  келді.  Ажалың  пышақтан 
болады  дегені  ғана  соңғы  кезде  мені  қатты  алаңдатып 
жүр.  Кеш  қайтпауға,  түнде  жалғыз  жүрмеуге  тырыса- 
мын,  — депті.
Шіке,  Әуезовтің  Кремль  ауруханасында  жатып,  опе­
рация  үстінде  көз  жұмғаны  баршаға  аян.  Яғни,  жа- 
рықтық  ажалын  пышақтан  тапты  ғой. ^
Айтматов.  Тағдьф  дегенді  қойсаңшы,  Мүхаңмен 
ақырғы  рет  1961  жылы ауруханаға жатар  алдында  "Москва" 
қонақ  үйінде  жолықтым.  Өзі  аса  көңілді  екен.  Елден  алып 
келген  қазы-қартасымен  асықпай  шай  ішіп,  әкелі-баладай 
емін-еркін сьфласып,  түнгі сағат  1 -ге дейін отырдық.
-   Кунцево  ауруханасына  жатқалы  келдім.  Полип  де­
ген  залалсыз  ісік  көрінеді.  Күш-қуатым  бар,  қоңды 
кезімде  құтылғаным  жөн  шығар,  -  деді.
¥лы  ұстаздың  ыстық  дидарын  ақырғы  мәрте  көріп, 
қолынан  дәм  татып,  лебізін  соңғы  рет  естіп  тұрғанымды 
білсемші!  Келесі  күні  ойымда  түк  жоқ,  мен  Фрунзеге 
ұшып  кеттім...
Шаханов.  Мұхаңның  француздың  атақты  қаламгері 
Луи  Арагонның  Мәскеуге  келуі  құрметіне  арнап  шай 
бергенін  естіп  пе  едіңіз?
Айтматов.  Жоқ.  Бірақ  екеуінің  өте  жақын  достық 
қатынаста  болғанын  жақсы  білемін.
Шаханов.  Мұхаңның  өзі  де  көргеннің  көзі  тоятын 
кеуделі  адам  еді  ғой.  Шайға  Дінмұхамед  Қонаев  пен 
Қаныш 
Сәтбаев 
та 
қатысыпты. 
Иманды 
болғыр, 
халқымыздың  бұл  екі  арысы  да  ірі,  аса  сұңғақ  бойлы 
кісілер  еді.  Жандарында  және  бір  ұзын  бойлы  жігіт  бар 
екен.  Төртеуінің  келісті  келбетіне,  ақыл-парасатына  риза 
боп  отырған  Луи Арагон  әңгіме  арасында:
-   Қазақтардың  бәрі  осы  сіздердей  денелі  келе  ме?  -  
деп таңырқапты.
-   Иә,  халқымыз  бойшаң.  Солардың  ішіндегі  ең 
қысқасы  мен,  -   деп,  Мұхаң  әзілге  шаптырмай  ма.  Луи 
Арагон  бұған  сеніп  қалып,  қайта-қайта  таңдана  беріпті. 
Дәл  осы  шақта  бөлмеге  сол  кездегі  республикамыздың 
идеология  басшысы,  ұлттық  өнерімізге  келтірген  пайда- 
сынан  зияны  басым  бір  бәкене  бойлы  азамат  тұқшыңдап 
кіріп  келмей  ме.
-   Это  исключение,  -   деген  екен  сонда  Мұхаң  жұлып 
алғандай.
Әуезовтің  әйгілі  "Абай  жолын"  француз  тіліне  ауда- 
рып  жүрген  Луи  Арагонның  Сіздің  шығармаларыңызға 
назар  салуына  Мүқаңның  бірден-бір  сеп  болғаны  белгілі.

Бұл  ойымызды  Қырғызстанның  халық  жазушысы 
Жұнай  Мавляновтың  мына  естелігі  тереңдете  түседі: 
"Ыстықкөл  жағасына  салынған  кең  саяжайының  төрінде 
Мұхаң 
Сократтікіндей 
жазық 
мандайын 
әлсін-әлсін 
алақанымен  сипап  қойып,  әңгімені  өркін  төгіп  отырды. 
Сөз  әдебиет  пен  өнер  жайында  өрбігенде,  Айтматовты 
алдымен  ауызға  алып:  "Шыңғысқа  қазірде  Орта  Азия  мен 
Қазақстанда,  тіпті  күллі  Одақта  тең  келер  қаламгер  жоқ. 
Мен  өзім  Лениндік  және  Мемлекеттік  сыйлықтар  жөнін- 
дегі  комитетгің  мүшесі  емеспін  бе?  Небір  мақтаулы 
шығармаларды 
оқып 
жүремін. 
Бірақ 
ешқайсысы 
"Жәмилаға"  қапталдаса  алмайды.  Бұл  пікірімді  одақтық 
баспасөз  бетіндө  айтқанмын,  оқыған  шығарсыңдар.  Десө 
де,  оны  менің  француз  досым  Луи  Арагондай  биікке  көте- 
ре  мақтаған,  үлкөн  ой  айткдн  өшкім  жок,.  К,ырғыз  туған- 
дар  Алатау  мен  Ыстықкөлді  қазақтармен  тең  жайлап, 
қатар  иеленіп  келді  емес  пе,  ендіп  жерде  ІИыңғысты  да 
екі  халықтың ортақ  перзенті деп,  қосыла  мақтаныш  етсек, 
қызғана  қоймассыңдар.  Тек  тіл-көзден  аулақ",  -   деп,  ке- 
меңгер  аға сөз  соңын үлкен тілектестік көңілмен  бітірді  ...
Қазірде 
қырғыз 
әдебиетінің 
патриархы 
атанған 
қадірменді  ақсақал  Түгелбай  Сыдықбековтің  "Тау  ара- 
сында"  атты  дилогиясы  мен  Сіздің  "Жәмилаңыз"  кезінде 
Лениндік  сыйлыққа  қатар  ұсынылған.  Жасыратыны 
жоқ,  бұл  жерде  осы  сыйлықтар  жөніндегі  Комитеттің 
белді  мүшесі,  әрі  Түкеңнің  қимас  аға  досы  Әуезовтің  бір 
ауыз  сөзі  шешуші  рөл  атқаратыны  белгілі.  Осындай  аза- 
маттық  сынға  түскен  сәтте,  Мүхаңның  қара  қылды  қақ 
жарған 
әділдігін 
Түгелбай 
Сыдықбеков 
былайша 
әңгімелейді:  "1961  жылдың  10  сәуірі.  Комитетгің  кезекті 
мәжілісінде 
жасырын  дауысқа  түсетін 
шығармалар 
іріктелді.  "Тау  арасында"  дауысқа  салынарда  мен,  ереж е 
бойынша,  сыртқа  шығып  кеттім.  Есік  сәл-пәл  жабылмай,
ашық қа\ған  екен.
Іштен:  “Көп  тармақты  әлеуметтік  роман",  -   деген  Ни­
колай  Семенович  Тихоновтың  даусы  естілді.  Демек,
менің  шығармамды  қолдағаны.
Артынша  Сергей  Сергеевич  Смирнов:  “Мүхтар  Омар- 
ханович,  Сіз  бұл романды  түпнұсқадан  оқыдыңыз.  Сіздің 
сөзіңіз  ең  шешуші  дауысқа  ие  болады",  -   деді  тамағын 
қырнап.  Мүхаң  осы  кезде:  "...Я  предпочитаю  Жамилю",  —
деп  қойды..." 
• 
' 4
Айтматов.  Өлі  есімде,  "Жәмила"  жарияланысымен,
"Литературная  газетада"  Әуезовтің  шағын,  шағын  да  бол- 
са,  аса  бір  ілтипатпен  жазылған  мақаласы  жарық  көрді.

Бұл  — ұлы  прозашының  тілек-батасы  еді.  Сонымен  бірге 
ұлы  ұстаздың  алдындағы  үлкен  жауапкершілікті  де 
сезінгендей  болдым.  Жалпы,  Әуезов  менің  өз-өзіме  деген 
сенімімді  бекітті.  Артынша  одақтық  басылымда  "Ботагөз- 
бұлақ"  деген  үзақ  әңгімем  шығысымен,  Мұхаңның  Алма- 
тыдан  салған:  "Шыңғыс,  туындыңды  оқып  шықтым.  Ай- 
рықша  ұнады.  Қуаныпггымын.  Осы  бетіңнен  танба!"  де­
ген  жеделхатын  алдым.  Мұрағатымда әлі  күнге  қастерлеп 
сақтаумен  келемін.
Мұхаң  алпысыншы  жылдардың  басында  Бішкекке 
келгенде,  үй  көрсеткенім  бар.  Кемеңгер  жазушы  келеді 
дегенді  естігеннен  апам  Нағиманың  есі  шықты.  Үй  ішін 
қағып-сілкіп,  тазартып,  төрге  жұмсақ  көрпесін  жайып 
әлек.  Столды  күні  бұрын  жасап,  үстіне  жылы-жұмсақ, 
дәмді  тағамдарды  қайыстыра  қойды.  Тұңғыш  ұлым  Сан- 
жар  — онда  жас,  ойын  баласы.  Әжесіне  көрсетпей,  стол 
үстіндегі  қып-қызыл  алмаларды  бір-бірлеп  тасып  әкетіп, 
өзі  жепті,  қалғанын  көршілердің  балаларына  үлестіріпті. 
Сөйтіп  жүргенде,  ұрлығының  үстінде  ұсталып,  апам: 
"Ойбай,  мынау  қонаққа  деген  алманы  зым-зия  етіпті. 
Енді  не  бетімді  айтайын"  деп  құлағынан  бұрап,  тайдай 
тулатып  алып  келе  жатқанда,  Мұхаң  кіріп  келмей  ме! 
Апам  мен  немересінің  қылығына  рақаттанып  күлген 
үстаз:
—  Бір  ашуыңызды  маған  қиыңыз,  -   депг  тентекті 
өжесінің  қолынан  босатып  алған.
Қырғыздың  ұлы  манасшысы  Саяқбай  Қаралаевпен  ол 
кезде  есікпе-есік  көрші  тұрушы  едік.  Бұрыннан  қимас 
достықта  жүрген  екі  алыптың  сол  кеш  дастарқан  басын­
да  айтқан  ұлағатты  өңгімелеріне  куә  болдым.
Қонақтар  бой  жазып  келгелі,  тысқа  беттеген  тұста, 
апам  кенже  немересі  Асқарды  Мұхаң  отырған  орын- 
дыққа  аунатып  жатты.  Мұны  байқап  қалған  жазушыға:
— Ырым  ғой.  Жаман  немені  өзіңіздей  ел  ардақтаған 
азамат бола ма деп жатқаным да,  -  деді  апам.
Мұхаң ризашылықпен  бас  изеді.
Шаханов.  Мұхаң  Саяқбай  Қаралаевты  өзінің  жеңіл 
машинасына  отырғызып,  Алматыға  алып  барып,  ҚазМУ- 
дың  студенттерімен  арнайы  кездесу  өткіздіріп:  "Қырғыз 
бен  қазақтағы  могиканның  соңғы  тұяғы  —  осы.  Көріп 
қалыңдар!"  деп,  "Манасты”  айтқызғаны  -   кіші-гірім  бір 
тарих.
Жазушы  өмірінің  соңғы  жылдарында  Ыстықкөлдегі 
саяжайына  жиі  келіп,  Манас  жөнінде,  Саяқбай  мен 
Бөлтірік  палуанды  қатыстыра  отырып,  үлкен  эпикалық

роман 
жазамын  деп, 
материал  жинай 
бастағанын 
жүрттың  көбі  біле  бермеуі  мүмкін.  Бірак,  арманына 
құрық,  мақсатына  темір  кісен  салған  тағдыр  шіркінге
нендей  үкім  айтарсың?
Қайбір  жылы,  "Жалын"  журналына  бас  редактор  бо­
лып  жүрген  тұсымда,  Ауи  Арагонның  асырап  алған  бала- 
сы  -  Жан  Риста  қонаққа  келген.  Алатаудың  әсем  табиға- 
тын  аралатып,  емін-еркін  сырласып  жүрген  кезімізде, 
Жан  Риста  Сізге  Луи  Арагонның  XX  ғасырдың  жарқын 
қүбылысы  ретінде  зор  құрметпен  қарап  ©ткенін  жиі-жиі 
еске  алумен  болды.  Ізгілік  сапарында  қолтығыңыздан 
демеген  қос  ұстазыңыздың  алдында  Сіз  де  шәкіртпк 
парызыңызды  өтедіңіз.  Луи  Арагон  бақи  кешкенде,  ар- 
найы  мақала  жаздыңыз,  марқұмның  рухына  тағзым  ету 
үшін,  Парижге  барып  қайттыңыз.  Ал Әуезовтің  бір  кезде 
идеологиялық  жағынан  қайшы,  кертартпа  шығарма  деп 
бағаланып,  саясаттың  өткір  қайшысына  түсіп  кеткен 
"Қилы  заман"  романын  тоталитарлық  жүйенің  тұсында 
араға  үлкен  беделіңізді  салып,  одақтық  Новый  мир 
журналына  жариялаттырып,  халықпен  қайта  қауыш- 
тырдыңыз.  Осы  ерен  еңбегіңіз  үшін  де  қазақ  елінің 
бұрынғыдан да өзгеше  сүйіспеншілігіне  бөлендщіз.
Әйтпесе,  кемеліне  келіп  алған  соң,  "өзі  болған  қыз 
төркінін  танымастың"  керін  келтіріп  жүрген  талайды 
көрдік  қой.  Мұндай  астамшылық  Сізге  жат.  Кішіліктің 
өзінде  кісілік  жататынын  осылайша  тағы  бір  дәлелдеп
шықтыңыз.
"Өзге  жұрттың  табалдырығын  аттағанда,  өзіммен 
бірге  сапарға  ала  шығатын  екі  үлттық  асылым  бар.  Олар: 
"Манас\ пен  Мұхтар  Әуезов.  -   Сіз  кімсіз,  қазақсыз  ба, 
әлде  қырғызсыз  ба?  — деп  сүрағандарға  мен  алдымен  осы 
екі  ұлттық  қазына  жайлы  сөз  қозғаймын.  Бұлар  — менің 
халқымның  символдары"  деген  сырыңыз  осы  ойымыздың
айғағы  емес  пе?
Айтматов.  Бұл  азаматтыққа  азаматтықпен  жауап 
қайтару  ғана  ғой.  Әйтпесе  екеуінің  маған  жасаған 
жақсылығының ж үзден  бір  бөлігін де  өтей  алғаным  жоқ.
Шаханов.  Қазақстан  Республикасының  елшісі  ата- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет