Факультет: Филология институты
Курс: 4
Пән: Әдеби үрдіс және сын мәселелері
Тақырып: Төлеген Айбергенов жырының ерекшелігі
Орындаған: Ергалиева Э.Б.
Тексерген: Бегманова Б.С
Алматы-2023
Төлеген Айбергенов жырының ерекшелігі
Қазақ поэзиясында алпысыншы жылдардан бастап жаңаша дәуір көрінісі бой көрсетті. Өзінің ақындық таланттары мен өзіндік ерекшеліктері арқылы көптеген ақындарымыз жаңа леп ала келді. Сондай ақындардың бірі, қазақ поэзиясынан ойып тұрып орын алатын талант иесі-Төлеген Айбергенов.
Оның қаламынан өте бағалы құнды шығармалар мен жыр жинақтары дүниеге келді. «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Аманат» секілді туындылары оның қандай дарын иесі екенінің айқын дәлелі десек артық емес.
Төлеген Айбергеновтің «жолдар, жолдар» атты шығармасы «Арман сапары» атты жыр жинағында жарық көрген.
Автор бұл өлеңінде сөзден сурет салудағы өзіндік даралығын танытады.
Гүл егін бар кеудемде, тілегім бар,
Таудан тірек, құздардай жүрегім бар.
Алысым бар жетпеген, парызым бар.
Қарызым бар, минутпен жарысым бар,
Кел, қиындық, менімен алысыңдар!- деп образды сомдаған кезде ақын ішкі сезімін табиғаттың тірі көрінісін көз алдымызға алып келеді. Адамның ішкі сырларын суреттеуде тілдік элементтерді ұтқыр қолданып, сөз оралымдарын еркін қолданып суреттейді. Табиғат құбылысы ақынның қай лирикасында болсын адаммен байланыстырып жанды бейне ретінде суреттеледі.
Өмірдің қиындықтарымен алыса келе, уақытқа да бағынғысы келмей, тағдырмен арпалысқаны суреттеледі. Түн отындай жүйіткіген ақын өмір жолында кездескен кедергілердің бірде-біреуінен мойымай, «менімен алысып көріңдер» дегендей болады. Оны мына жолдардан анық көре аламыз:
Жолдар, жолдар бастаңдар мені алысқа,
Мені алысқа бастаңдар, толы ағысқа.
Өткіз мені шөлдерден, баққа орайын,
Тун отындай жүйіткейін тоқтамайын.
Пәк едім мен, әліде пәк болайын.
Табиғатпен бетпе бет келіп әрбір құбылыспен кездескен қиындықтарды жеңіп өтіп, өз дегеніме жетемін деген мақсат қойып арманына жетуге талпынады. Өз өлеңінде басына түскен қиындыққа мойымай, қайта онымен тірескенде бел омыртқасын сындырып жіберетін күрескерлік қуатын көрсете білді. Тіпті өлімнің өзіне қасқая түрып, онымен алысқысы, күш сынасқысы келгендей қайраттана түседі. Ақынның бұл өлеңінде нағыз батырға тән мәрттік бейнеленген. Асқақ арманға сүрінбей жетуге жетелейтін өлеңдерінің бірі.
Қорыта келе, Төлеген Айбергеновтің қай өлеңін алып қалсақ та оқырманды ерекше жаңашылдығымен өзіне баурап алады. Әрбір өлеңі мазмұндылығы мен құндылығының арқасында бүгінге дейін маңызын жоймады.