"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МИОПИЯ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН СТУДЕНТТЕР АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет166/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   372
 
МИОПИЯ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН СТУДЕНТТЕР АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 
КҮЙІН ТЕРІДЕГІ БАН-НЫҢ ЭЛЕКТРӨТКІЗГІШТІГІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ 
 
Кулбаев Т.Т., Кулбаева М.С., Аблайханова Н.Т. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Marjan_K@mail.ru  
 
Қазіргі  таңда  тері жабынында  орналасқан  биологиялық  активті  нүктелердің  ішкі  мүшелермен 
нейрорефлекторлық жолмен байланысы жайында мағлұматтар жеткілікті дəлелденген. Биологиялық 
активті  нүктелердің  электрофизиологиялық  көрсеткіштерін  зерттеу  арқылы  ағзаның  немесе  белгілі 
бір  мүшенің  функцоналды  күйіне  анықтама  беруге,  сынап  бағалауға,  болжауға  жəне  де  емдік 
процедураларын  жасауға  мүмкіндіктер  бар  жəне  көптеген  тəжірибелік  жұмыстардың  əдеби 
деректерде мəліметтері əйгілі. 
Көптеген  авторлар  созылмалы  аурулар  кезінде  ЭӨ  көрсеткіштерінің  төмендейтінін  немесе 
қабыну, ісіну аурулары кезінде олардың өршігіп, жоғары мəнге жететінін дəлелдеген.  
Миопия - рефрaкцияның бұзылуымен бaйлaнысты, жaқыннaн жaқсы, aлыстaн нaшaр көрумен 
сипaттaлaды. Сaу көз жəне оның aлыстaн көргіштігі мен жaқыннaн көргіштігі тəрізді кемшіліктері – 
қaсaң қaбық пен торлaмaның aрaқaшықтығынa бaйлaнысты.  
Миопияға түскен жастарда көру функциясының ағзадағы басқа мүшелерге əсерлерін зерттеуге 
алынған  бұл  жұмыста  өте  қызықты  дəлелденген  мəліметтер  алынды.  Зерттеуге  негізгі  10  мүшенің 
меридиандарынан  маңызды  бионүктелері  іріктеліп  алынды.  Қалыпты  жағдайдағы  жəне  миопияға 
ұшыраған  жастардың  бионүктелерінің  электрөткізгіштігі    бойынша  алынған  мəліметтерді 
сараптағанда,  ағзаның  сол  жəне  оң  жақтарында  орналасқан  бионүктелердің  электрөткізгіштік 
көрсеткіштерінде бір-бірінен ерекше өзгерген ауытқулар байқалмады.  
Қaлыпты  жaғдaйдaдағы  ағза  жəне  миопияға  ұшыраған  ағзалардың  терісіндегі  биологиялық 
активті  нүктелердің  электрөткізгіштік  көрсеткіштерінің  мəнін  өзара  салыстыра  келе,  миопияға 
ұшыраған  студенттердің  электрөткізгіштік  көрсеткіштері  қалыпты  жағдайдағы,  яғни  миопияға 
ұшырамаған ағзаның мəндерімен салыстырғанда көрсеткіштер жоғарылаған. Дені сау, көру қабілеті 
қалыпты  ағзаның  жалпы  электрөткізгіштерінің  мəні  17,3±2,3  ÷  25,3±1,5  сименс  аралықтарында 
тербелсе,  дені  сау  бірақ  көз  функциясы  миопияға  ұшыраған  ағзаның  электрөткізгіштік  мəндері 
19,0±1,0 ÷ 26,7±1,5 сименс (р<0,05) аралықтарында болды. Қалыпты жəне миопия жағдайларындағы 


113 
 
ағзаның  оң  жақ  бөлігіндегі  БАН-ның  электрөткізгіштік  көрсеткіштерін  салыстырғанда  3 
меридиaнның бионүктелері стaтистикaлық сенімділікпен жоғарылағанын (р<0,05) дəлдікпен көрсетті. 
Олaр бүйрек меридиaнының R5 Шуй-Цюaнь жəне тоқ ішек меридиaнының GI4 Хэ-Гу бионүктелері 
жəне  шамалы  жоғарылаған  өкпе  меридианының  P9  Тaй-Юaнь  бионүктесі.  Алынған  нəтижелер 
бойынша  бұл  бионүктелердің  тиесілі  мүшелерінде  қалыпты  жағдайдан  өзгерген  физиологиялық 
күйдің туындауын көрсетеді, осы мүшелерге аса көңіл аударып уақтылы дəрігердік бақыланудан өтіп 
тұруларын ұсынуға болады  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет