"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАРАКӨЛ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЭМБРИОНДАРЫН ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУ



Pdf көрінісі
бет34/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   372
ҚАРАКӨЛ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЭМБРИОНДАРЫН ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Дінəсілбек Ақбота Қалдарбекқызы   
Аймақтық Əлеуметтік-Инновациялық Университеті 
elmirakz_75@mail.ru
 
 
Эмбриондарды трансплантациялау ауыл шаруашылық малдарының асыл тұқымдылығын жəне 
өнімділік сапасын  жоғарылататын, болашағы зор əдістердің бір болып саналады. Биотехнологиялық 
тəсілдер  малдардың  генетикалық  құнды  тұқымдарын  көбейтуді  айтарлықтай  тездетуге  мүмкіндік 
туғызады. Бұл тəсілге қызығушылық көптеген ғалымдар мен ізденушілерде туындады жəне ол өзінің 
өзектілігін əлі күнге дейін жоймай отыр. 
Трансплантация  нəтижесінде  туылған  əлемдегі  бірінші  бұзауды  1951  жылы  жəне  8-12 
бластомер  сатысындағы    зиготаны  5  рет  ауыстырып  отырғызғаннан  кейін  екі  бұзауды  (1953) 
Е.Л.Вильлет  алды. 
1961 жылы  Л.Роусон 6 мың миль қашықтыққа ұшақпен қойлардың  зиготасын тасымалдауды 
«тірі инкубаторлар» - қоянның жұмыртқа жолын пайдалана отырып  жүзеге асырды. 
Эмбриондарды  трансплантациялау  тəсілін,  оларды  мұздату  əдісімен  біріктіру  арқылы  асыл 
тұқымды малдардан алынған эмбриондарды сақтауға, сондай-ақ, жойылып бара жатқан тұқымдардың 
гендік қорын  жасауға жəне кез-келген уақытта, қажеттілігіне қарай қайта қалпына келтіріп, өсіруге  
мүмкіндік береді. 
Қазақстанда  бірінші  болып  эмбриондарды  трансплантациялау  бойынша  тəжірибелерді 
Ф.М.Мухамедгалиев  жəне  Р.Т.Абильдинов  жүргізді.  Олар  1964  жылдың  күзінде  қойлардың 
эмбриондарын  ауыстырып  отырғызудың  хирургиялық  операция  тəсілін  меңгеру  үшін  алдын-ала 
тəжірибе жасаған.  
Эмбриондарды трансплантациялау технологиясындағы жоғары жетістікке 1983 жылы Франция 
жетті.  Осы  жылдың  өзінде  3,3  мың  эмбрион  ауыстырылып  отырғызылған.  Оның  көпшілігі    мал 
шаруашылығы фермалар жағдайында  жүргізіліп, мыңнан жоғары эмбриондар мұздатылып  сақтауға 
дайындалған.  
Соңғы  кезде  эмбриондарды  трансплантациялау  жəне  оларды  төменгі  температурада  мұздату 
əдістемелерін  үйлестіру  арқылы  генетикалық  тұрғыдан  аса  құнды  мал  тұқымдарын  сақтап  қалуға 
жəне жойылуға таяу асыл тұқымды дарақтардың басын қалпына келтіруге болатындығы ғылыми, əрі 
практикалық тұрғыдан дəлелденген.  
Биотехнологияның, əсіресе оның негізгі тармағы жасушалық жəне гендік инженерияның қазіргі 
таңда қарқынды дамуы селекцияның мүмкіндігі мен болашағын түпкілікті өзгертті. 
Ауыл  шаруашылығы  малдарын  эмбриондарды  трансплантациялау  тəсілі  арқылы  көбейтуде 
ғалымдардың  назарын  аударған  негізгі  мəселелердің  бірі  -  көптік  суперовуляцияны  гормоналдық 
жолмен болдыру болды.  
Сонымен қорыта айтқанда, малдарды гормоналды препараттармен өңдегенде олардың жыныс 
мүшелері  үлкен  өзгеріске  ұшырайтындығын  жоғарыдағы  келтірілген  ғалымдардың  жұмыстарынан 
байқауға  болады.  Сондықтан  ауыл  шаруашылық  малдарда  гормоналды  препараттар  арқылы 
суперовуляция жасау эмбриондарды трансплантациялау тəсілінің негізгі бөлігі болатындығын ескере 
отырып, оған ерекше мəн беру керек. 
Ғылыми жетекшісі: а.-ш.ғ.к., аға оқытушы Алибаева Эльмира Тураковна  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет