Ғарышта қандай денелер бар. Күн жұлдызының сипаттамасы Ғалам көптеген ғарыштық денелерден тұрады. Әр түнде біз аспандағы өте кішкентай болып көрінетін жұлдыздарды ойлай аламыз. Шындығында, олардың кейбіреулері Күннен бірнеше есе үлкен. Әрбір жалғыз жұлдыздың жанында планетарлық жүйе пайда болады деп болжанады. Мысалы, Күннің жанында Күн жүйесі пайда болды, ол сегіз үлкен, сондай -ақ кіші және кометалардан, қара тесіктерден, ғарыштық шаңнан және т.б.
Жер - ғарыштық дене, өйткені ол планета, күн сәулесін шағылыстыратын сфералық нысан. Басқа жеті планета бізге жұлдыздың жарығын шағылыстыратындықтан ғана көрінеді. 2006 жылға дейін планета болып саналған Меркурий, Венера, Марс, Уран, Нептун және Плутоннан басқа, Күн жүйесі де шоғырланған үлкен саныастероидтар, оларды кіші планеталар деп те атайды. Олардың саны 400 мыңға жетеді, бірақ көптеген ғалымдар олардың саны миллиардтан асатынына келіседі.
Кометалар сонымен қатар ұзартылған траекториялар бойымен қозғалатын және белгілі бір уақытта Күнге жақындайтын ғарыштық денелер. Олар газдан, плазмадан және шаңнан тұрады; мұз басқан, көлемі ондаған шақырымға жетеді. Жұлдызға жақындағанда, кометалар біртіндеп еріп кетеді. Жылу мұзды буландырып, басы мен құйрығын қалыптастырады, ол таңғажайып пропорцияларға жетеді.
Астероидтар - Күн жүйесінің ғарыштық денелері, оларды кіші планеталар деп те атайды. Олардың көпшілігі Марс пен Юпитер арасында шоғырланған. Олар темір мен тастан тұрады және екі түрге бөлінеді: ашық және қараңғы. Біріншілері жеңіл, екіншілері ауыр. Астероидтардың пішіні дұрыс емес. Олар негізгі планеталар пайда болғаннан кейін ғарыштық заттардың қалдықтарынан пайда болды деп болжануда немесе олар Марс пен Юпитер арасында орналасқан планетаның үзінділері.
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстарды қалай естиміз?
Оқу мақсаты:
3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
дыбыс қаттылығын өлшеу бірлігімен танысады;
дыбыс қаттылығының арақашықтыққа байланысты болатынын түсінеді;
дыбыс қаттылығын өлшеп үйренеді.
Ұйымдастыру.
Жедел жауап. Оқушыларға өткен сабақта алған білімдерін тексеру үшін сұрақтар қою:
- Заттар қай кезде дыбыс шығарады? Дыбыстарды қалай қаттырақ шығаруға болады? Дыбыстар қандай болады?
- Дыбыс қайда жылдамырақ таралады: ауада ма, суда ма, әлде қатты заттарда ма? Жауаптарыңды дәлелде.
1. Дыбыс қаттылығын өлшеу.
Жеке жұмыс. Параққа қатты және ақырын дыбыстарды екі бағанға жазу, жазғандарын қалаулары бойынша оқу.
- Мектепте қандай дыбыстар естисіңдер?
- Қандай уақыт өлшем бірліктері бар?
- Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
Дыбыс қаттылығы да арнайы бірлікпен – децибелмен өлшенетінін түсіндіру. Оқушылармен бірге дыбыстардың мысалын және олардың өлшем бірліктерін қарастыру. Дыбыс қаттылығы 130 дБ-ден асса, адамның құлағы шыңылдайтынын айтып, денсаулыққа зиянды екеніне тоқталу. Мұндай дыбыстар кезінде құлақтың ішіндегі тамырлар жарылады. Суретте бейнеленген дыбыстардың қайсылары адамға жайлы болатынын сұрау.
2. Зертте. Зерттеу жұмысының алдында қойылатын сұрақтар:
- Телефонмен сөйлескен кезде неліктен тұтқасын құлағымызға жақын ұстаймыз?
- Неге қоңыраулы сағатты басқа бөлмеде емес, төсектің қасына қоямыз? Оқушылардың жауабын тыңдау.
Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа сантиметрлік таспа мен ұялы телефон беру. Бір оқушы сыныптан дәлізге шығып, бір сөйлемді қайта-қайта қайталау керек.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Дыбыс жақсы естілетін арақашықтықты өлшеу.
• Дыбыс бәсең естілетін арақашықтықты өлшеу.
• Дыбыс естілмейтін арақашықтықты өлшеу.
Дыбыс естілмейтін арақашықтықты өлшеу.
Әр топ зерттеу нәтижесінің қорытындысын айтады.
Зерттеу нәтижесінде оқушылар дыбыс қаттылығы дыбыс көзі орналасқан қашықтыққа байланысты деген қорытындыға келеді.
3. Шу.
- Қатты, құлаққа жағымсыз дыбыстар қай жерлерде кездеседі?
- Сыныпта, мектепте үзіліс кезінде шулы ма? Шуды қалай азайтуға болады?
- Бөлмеге даладан шу қатты естілмес үшін адамдар не ойлап тапты?
- Шудың есту мүшемізге қандай зияны бар?
- Шудан қалай қорғануға болады?
4. Сен білесің бе?
- Дыбыс бәріне естілу үшін қандай құралдар қолданылады?
- Суреттерге назар аударту. Рупордың осыдан 300 жыл бұрын ойлап табылғанын айту. Рупор дыбысты бір бағытта таратады, сондықтан ол қатты естіледі. Алғашқыда ол шыны не темір конус түрінде болған. Оны көбінесе кеме капитандары теңіз бетінде кездескенде бір-бірімен тілдесу үшін пайдаланған. Қаншама жылдар өтсе де, бұл құрал біздің күнделікті өмірімізде жиі қолданылып келетінін айту.......