45. Транслитерация терминіне анықтама беріңіз. Берілген жалқы есімдерге транслитерация жасаңыз



бет1/9
Дата18.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#57909
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ (4) (копия) (1)


45. Транслитерация терминіне анықтама беріңіз. Берілген жалқы есімдерге транслитерация жасаңыз: Алакөл, Сасықкөл, Қошқар көлі, Балқаш, Үлкен Алматы көлі, Қапшағай, Алтынкөл, Ақкөл, Жасылкөл, Қаракөл, Қалған көлі, Тереңкөл, Үшкөл, Шоғанакөл, Көлащы, Кіші Бұрхан, Кіші Дардамты, Кіші Қапал, Кіші Қызылеспе, Ұзынбұлақ, Ұзынағаш, Байсай, Балапан, Баянқол, Кеңсу, Қарабөгет, Сарықамыс, Нарынқол, Шолақ, Шолақтерек, Шолақсу, Шолақ Қарғалы, Мұқыр, Шолақбұлақ, Тереңкөл, Тереңқара, Тереңөзек, Тереңсай.
Транслитерация (лат. trans - арқылы, littera - әріп) — бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудын әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды баска бір әліпбиге ауыстыру. Егер сөздердің дыбыстық құрамына әліпби сәйкес келсе, онда әліпби ауыстыру қиындық келтірмейді. Ал сөздердің дыбыстық құрамына әліпби сәйкес келмеген жағдайда олардың жазылуы күрделенеді. Қазақ жазуын араб әліпбиінен латынға, латыннан орыс әліпбиіне ауыстыруда бірқатар қиындық туғаны мәлім. Alakol,Sasykkol, Koshkar koli, Balkash, Ulken Almaty koli, Kapshagai, Altynkol, Akkol, Zhasylkol, Karakol, Kalgan koli, Terenkol, Ushkol, Shoganakol, Kolashy, Kishi Burhan, Kishi Dardamty, Kishi Kapal, Kishi Kyzylespe, Uzynbulak, Uzynagash, Baisai, Balapan, Bayankol, Kensy, Karaboget, Sarykamys, Narynkol, Sholak, Sholakterek, Sholaksy, Sholak Kargaly, Mukyr, Sholakbulak, Terenkol, Terenkara, Terenozek, Terensai.
46.Лексикологияның зерттеу нысанын атап, жеке-жеке талдап жазыңыз, басқа ғылым салаларымен байланысын түсіндіріңіз.
Лексикология(грек. лексикос – сөз, сөзге қатысты, логос – ілім) – тілдің сөз байлығын, лексикасын зерттейтін ғылым. Ол сөзді мағынасы, шығу тегі, қолданылу сипаты, стильдік мәні тұрғысынан тексеріп, тілдің қалыптасқан лексик. жүйесін зерттейді. 
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі — сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 
Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен ќызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан — жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.
Лексикологияның мынадай салалары бар: лексикография, этимология, семасиология, фразеология.
Зеренің нұсқасы: Лексикология-гректің "лесис" сөз және "логес" ілім деген сөзінен жасалған термин. Қазақ лексикологиясы қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамын, оның дамып, баю жолдарын, фразеологияны, олардың түрлерін зерттейді.
Қазақ тілі лексикологиясы қазақ тіл білімінің фонетика және грамматика салаларымен тығыз байланысты. Фонетикамен байланысы қандай сөз болса да дыбыс тіркесімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді.
Лексикология әсіресе тарих, психологиямен байланысты. Және грамматикамен. Тілдегі сөздер номинативті ,грамматикалық кызметті атқарады.
47. Лексикологияның салаларын кластерге түсіріп, сипаттаңыз, зерттеу нысанын айқындап жазыңыз.


Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;


Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 
Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;

48. Қазақ тілі лексикасына қатысты орта ғасырдағы араб ғалымдарының зерттеу еңбектеріне сипаттама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет