Ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы



бет1/3
Дата18.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#43882
  1   2   3

17-18 ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

XVII ғасырдың басында ішкі тартыстар нәтижесінде Қазақ хандығы әлсіреді. Тауекелдің інісі Есім-ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан ары құлдырауына кедергі болады

  • XVII ғасырдың басында ішкі тартыстар нәтижесінде Қазақ хандығы әлсіреді. Тауекелдің інісі Есім-ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан ары құлдырауына кедергі болады

Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім-хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есімханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң дүниеге келді. 

Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім-хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есімханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң дүниеге келді. 


"Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды.
Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі Есім-хан 1628 ж. күзінде қайтыс болды.
1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығына басты қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя», Жоңғар хандығының негізін қалады
XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жүргізді. 
ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ
Орбұлақ шайқасы – маңызы орасан шайқастардың бірі. Бұл – қазақ жасақтарының Жоңғар басқыншыларына ымыралықпен, бірлікпен байласа, біріге тосқауыл берген алғашқы нәтижелі ұрыстарының бірі. Сондықтан да шайқастың тарихымызда маңызы ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет