Фазалық диаграммалар



бет1/2
Дата18.11.2023
өлшемі55,78 Kb.
#124416
түріСабақ
  1   2

§ 44. Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте.
Заттың кризистік күйі

Бүгінгі сабақта: заттын фазалық күйлерімен және олардыд дпаграммаларымен танысасындар; зат күйІнің диаграммаларын окуды үйренесіндер.


Тірек ұғымдар: фазалық диаграмма, сублимация, үштік нүкте, кризистік нүкте, кризис тік күй, кризистік температура.

Фазалық диаграммалар. 44.1-суретте заттың үш фазалық күйінің диаграммалары бейнеленген. Сүйық пен оның буының арасындағы тепе-теңдік күйге АК булану қисығы сәйкес келеді. Заттың фазалық диаграммасындағы К — кризистік нүкте, А — үштік нүкте.
Заттың қатты және сүйық күйлері арасындағы тепе-теңдікті АВ балқу қисығы сипаттайды. Осы қисықтың нүктелеріне сәйкес келетін қысымдар мен температураларда, бір-біріне жанастырылған қатты дене мен балқыма динамикалық тепе-теңдікте болады. Бірлік уақытта сүйықтан қатты денеге қарай өткен молекулалар саны олардың ара- сын бөліп түрған шекарадан қарама-қарсы бағытқа өткен молекулалар санына тең.
Балқу қисығы мейлінше тік (вертикаль) кетеді, өйткені балқу тем- пературасы қысымға елеусіз ғана тәуелді (44.1-суретте ол оңға қарай сәл ауытқыған). Заттардың көпшілігінде байқалатын қысымның ар- туымен балқу температурасының жоғарылауын осы арқылы көрнекі түрде көрсетуге болады.
Зат күйінің диаграммасындағы СА қисығы қысым мен темпера- тураның қатты дене молекулаларының (атомдарының) булану және олардың қатты дене бетіне конденсациялану процестерінің арасындағы тепе-теңдік орнайтын мәндеріне жауап береді. Қатты денелердің булану процесі сублимация деп аталады. Әрине, сублимацияға кері процесс — будан кристалдану қоса жүреді. Температура мен қысымның белгілі бір үйлесімінде “кристалл — бу" жүйесі динамикалық тепе-теңдікте болады. Кристалдың температурасының төмендеуімен оның қаныққан буының қысымы да азаяды (СА сублимация қисығы).

44.1-сурет
Үштік нүкте. Балқу және бу түзілу қисықтары А нүктесінде қиылысады. Осы нүктені цштік нцкте деп атайды, өйткені, егер қысым р,чц және температура Т шкезінде қатты, сүйық және газ тәрізді күйлердегі заттың қайсыбір мөлшері бір-бірімен жанасса, онда үш күйдің әрқайсысындағы заттың мөлшері жылу беруге немесе алуға қарамастан өзгеріссіз қалады.
Зат күйлерінің диаграммасынан қыздыру кезінде заттың қатты күйден сұйыққа айналмай, бірден газ тәрізді күйге өтуі мүмкін екені көрінеді. Қалыпты атмосфералық қысымда кристалл — сүйық — газ ауысуы үштік нүктеде қысымы осы қысымнан төмен болатын зат- тардгі ғана болады. Үштік нүктеде қысымы атмосфералык қысымнан артық болатын заттар атмосфералық қысымда қыздыру нәтижесінде балқымайды, газ тәрізді күйге өтеді (сублимацияланады).
Мысалы, атмосфералық қысымда қатты көмірқышқыл қыздырған кезде балқымайды, сублимацияланады. Бұл СО2 қосындысының үштік нүктесіне қалыпты атмосфералық қысымнан шамамен бес есе үлкен қысым сәйкес келетінімен түсіндіріледі.
Үштік нүктеге нақты айқын температура сәйкес келетіндіктен, ол термометрлік шкаланың тірек (негізгі) нүктесі қызметін атқара ала- ды. Судың үштік нүктесінің температурасы 273,16 К (яғни, 0,01 С) тең екен. Бүл ХБ жүйесіне термодинамикалық (абсолют) температураның өлшем бірлігінің (1 К) келесі анықтамасын енгізуге мүмкіндік берді: Кельвин судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігіне тең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет