Феод – әскери, әкімшілік қызмет үшін үлестіріп берілетін жердің түрі. Барщина



Дата31.12.2021
өлшемі43,13 Kb.
#21199

Қосымша 1

Экономика - бұл адам өміріне қажет материалдық игіліктерді өндіру және бөлісу жүйесі. Тарихтың әр кезеңінде оның өзіндік ерекшеліктері болды.

Феод – әскери, әкімшілік қызмет үшін үлестіріп берілетін жердің түрі.

Барщина – шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.

Оброк – шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.

Феодалдық міндеткерліктер – помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері.
Феодализмнің белгілері.


Феодализмнің 1-ші белгісі: Жер – негізгі байлық.

Орта ғасырлар дәуірінде барлық жер феодалдарға тиесілі болды.

Феодализмнің 2-ші белгісі: екі қоғамдық таптың болуы – феодалдар мен оларға басыбайлы шаруалар.

Шаруалардың меншік жері болмады. Олар жерді феодалдан жалға алды. Сондықтан шаруалар феодалдық міндеткерліктер орындауға міндетті болды: алым, барщина, шіркеу ғұшыры.

Феодализмнің 3-ші белгісі: натуралды шаруашылықтың үстемдігі

Өмір сүру үшін қажеттінің барлығы шаруашылық ішінде өндірілді. Сондықтан сауда және поместьелер арасындағы байланыс әлсіз дамыған болды.

Феодализмнің 4-ші белгісі: қоғамның сословиелік бөлінуі.


Феодалдар мен дін басылар үстемдік етуші сословиелер болды және салық төлемеді.

Басыбайлы шаруалар және қала тұрғындары ең төменгі сословие болып есептелді.

Ең төменгі сословиеден жоғары сословиеге өту мүмкін болмады.


Феодализмнің 5-ші белгісі: феодалдық бытыраңқылық және феодалдық өзара тартыстар.

Мемлекеттер біртұтас болған жоқ, ол көптеген шағын корольдіктіктерден, княздіктерден тұрды.

Ірі феодалдар корольге – басты феодалға бағынғысы келмеді, өздері билік жүргізгісі келді.

Феодалдар арасында әскери қақтығыстар жиі туындап тұрды.

Феодалдар неғұрлым көбірек жер басып алғысы келді, сондықтан бір-бірінің иеліктеріне шабуыл жасады.





Қосымша 2


Егістік аумағы өсті (ормандардың кесілуі, батпақтардың құрғауы, бос жатқан жерлерді игеру арқылы )




Мал санының өсуі




Күрделі бұйымдарды жасау үшін қолөнершілердің кәсіби деңгейі өсіп, түрлі еңбек құралдары қолданылды.




Жылқы малын тек соғыс ісінде ғана емес, ауыл шаруашылығында да кеңінен пайдаланды (жүк тасымалдау, жерді жырту)



Ауыр доңғалақты соқалар жиі пайдаланды, ол жерді тереңірек жыртты.




Металл, темір кенін өндіру мен балқытуы өсті

Ауыл шаруашылық өнімдері өсті





Темірден жасалған еңбек құралдардың саны көбейді.

Су және жел диірмендері пайда болды, олар ұнның сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.




Кәсіби қолөнершілер пайда болды.

Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну себептері мен ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері бар карточкалар

Феодал



Феод иесі

Сословие

ұрпақтан ұрпаққа берілетін белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар адамдар тобы


Замок

Рыцарлардың баспанасы

Барщина

Феодалға қызмет етуі

Оброк

тәуелді шаруалардың феодал пайдасына азық-түлік немесе ақшамен өткізетін төлем түрі

Натуралды шаруашылық

Өмір сүру үшін қажеттінің барлығы шаруашылық ішінде өндірілуі

Титул (лауазым)

Мұрагерлікпен берілетін құрметті атақ


Цех

бір мамандық бойынша топтасқан қолөнершілер бірлестігі


Феодалдық міндеткерліктер

помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері.


Феодалдық саты

Феодалдардың иерархиясы, әлеуметтік саты

Қолөнер

Қол еңбегіне негізделген шағын өндіріс


Қала

Қолөнершілер тұрған жер

Қосымша 3

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет