Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы



жүктеу 441.23 Kb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата24.03.2017
өлшемі441.23 Kb.
  1   2

 

Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін 

бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 128 

Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 мамырда N 6939 

тіркелді


 

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-

бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:

 

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор 



(доцент), профессор) беру ережесі бекітілсін.

 

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):



 

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет 

министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

 

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат 



құралдарында жарияласын.

 

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 



министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.



 

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен 

соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

 

  Қазақстан Республикасы       



 

 Білім және ғылым министрінің   

 

 2011 жылғы 31 наурыздағы     



 

 № 128 бұйрығына          

 

 1-қосымша              



 

   Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі 

      1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы 

Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар 

(қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды.

 

      2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын білім және 



ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - 

ЖОО) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде 

аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.

 

      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім 



және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.

 

      4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш 



берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым 

докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), 

бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні 

бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда 

беріледі:

 

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық 



қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған 

профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер 

лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны 

басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.

 

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер 



үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда 

аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;

 

       2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 



14 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 

ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 ғылыми мақаласы. 

 

      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын 



ғылыми журналдарға Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының 

ақпараттық базасында нөлдік емес импакт-факторы бар журналдар жатады. Әлеуметтік және 

гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Скопус немесе Jstore 

базаларына кіретін журналдар да жатады.

 

       Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар келесі шарттар 



орындалған жағдайда ескеріледі: 

 

      1) мақалалар Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының 



ақпараттық базасында импакт-факторы болған немесе Скопус не Jstore базаларында 

(әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында) индекстелген мерзімде шыққан ағымдағы 

нөмірлерде (конференция материалдары емес) жарияланған;

 

       2) мақалалар журналдың Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) 



компаниясының ақпараттық базасында немесе Скопус не Jstore базаларында (әлеуметтік және 

гуманитарлық ғылымдар саласында) көрсетілген тематикалық бағытына сәйкес келген 

жағдайда. 

 

      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген 



мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 

мақалалар ретінде саналады.

 

      Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының деректер базасына 



енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар 

ретінде саналады;

 

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 



баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес 

ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 

баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның 

басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы.

 

      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон Рейтер 



(Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша 

тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы бар 

халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 3 ғылыми мақаласы 

болған жағдайда осы ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап 

етілмейді.

 

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 



№ 

380


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 

№ 57

 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрықтарымен.

 

      



4-1. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада 

жұмыс істейтін үміткерлерге - өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай 

жағдайларда беріледі: 

 

       1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және 



(немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі; 

 

       2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 



14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері, оның 

ішінде: 


 

      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы және (немесе) 

Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;

 


      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі) немесе шетелде ұсынылған 1 (бір) 

шығармашылық еңбегі;

 

       шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы 



немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар 

алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 1 (бір) рет қатысуы; 

 

       3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге 



кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік 

кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, 

көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы 

пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 

тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). Даярлаған тұлға (ұжым) ретінде 

республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), 

шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың 

лауреаты, жүлдегері есептеледі. 

 

      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      4-2. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым 



кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі 

жоқ, бірақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 

желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) қарастырылған құрметті 

атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға 

мынадай жағдайларда беріледі:

 

      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес 



үзіліссіз өтілі;

 

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес) 



және (немесе) шығармашылық еңбектері;

 

       3) осы Ереженің 4-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес 



монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). 

 

      Ескерту. Ереже 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

       4-3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада 



жұмыс істейтін үміткерлерге - дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай 

жағдайларда беріледі: 

 

      1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және 



(немесе) жаттықтырушы-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

 

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 



14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде: уәкілетті орган ұсынған 

басылымдарда кемінде 10 (он); шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі); шетелдік 

халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы;

 

       3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге 



кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік 

кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, 

көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы 

пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 

тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). Даярлаған тұлға (ұжым) ретінде 

Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпионы 

немесе жүлдегері, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері. 

 

      Ескерту. Ереже 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      4-4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым 



кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі 

жоқ, бірақ Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе 

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болған және осы 

ұйымда жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт мамандарына мынадай жағдайларда беріледі:

 

      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес 



үзіліссіз өтілі;

 

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес);



 

       3) осы Ереженің 4-3-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес 

монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). 

 

      Ескерту. Ереже 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      4-5. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы 



Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және 

Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарында немесе ғылыми 

ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда толық ставкада жұмыс 

істейтін үміткерлерге - әскери қызметшілерге, қызметкерлерге және жұмыскерлерге мынадай 

жағдайларда беріледі:

 

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық 



қызметте 3 (үш) жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында қауымдастырылған 

профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес 

лауазымда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының 

ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу 

орнының немесе ғылыми ұйымдарының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, 

бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында 

қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз 

өтілі;


 

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 

14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған 

басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;

 

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге 



кемінде 6 (алты) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-

әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем 

емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның 

жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым 

докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), 

бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні 

бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

 

      Ескерту. Ереже 4-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

       4-6. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы 



Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және 

Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми 

ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың ғылыми дәрежесі 

(ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе 

философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия 

докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі дәрежесі жоқ, бірақ полковниктен төмен 

емес әскери (арнайы) атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери 


қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі: 

 

      1) осы Ереженің 4-5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және 



(немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

 

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер 



емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда жарияланған кемінде 10 (он) 

ғылыми мақаласы;

 

      3) осы Ереженің 4-5-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы 



немесе оқу (оқу-әдістемелік) құралы.

 

      Ескерту. Ереже 4-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      5. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық 



ставкада жұмыс істейтін қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер 

ғылыми атағы бар үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:

 

      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және 



(немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында 

профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда, жоғары оқу 

орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны басшысының орынбасары, бөлімшелер 

басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;

 

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, 



сұратылған мамандық бойынша 28 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті 

орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және осы Ереженің 4-тармағының 2) 

тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми 

журналдарда 3 ғылыми мақала;

 

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын 



алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не 

Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 

жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 

оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі 

бар 3 тұлғасы.

 

      Осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон Рейтер 



(Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша 

тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы бар 

халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 5 ғылыми мақаласы 

болған жағдайда осы ереженің 5-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап 

етілмейді.

 

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 



№ 

380


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 

№ 57

 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрықтарымен.

 

      



5-1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық 

ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:

 

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық 



қызметте 8 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан 

(доценттен) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, 

жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелерінің 

басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;

 

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған 



сұратылған мамандық бойынша 42 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті 

орган ұсынған басылымдарда 30 және Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) 



компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар 

халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 5 ғылыми мақаласы;

 

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған 2 



монографиясы (авторлығы кемінде 10 баспа табақты құрайды), не Ғылыми кеңес/Республикалық 

оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған 2 оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы 

көлемі 12 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы 

пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 4 

тұлғасы.

 

      Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон 



Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері 

бойынша тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы 

бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 7 ғылыми мақаласы 

болған жағдайда осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап 

етілмейді.

 

      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 



№ 

380


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 

№ 57

 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрықтарымен.

 

      



5-2. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми 

қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін өнер және 

сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі: 

 

      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және 



(немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

 

       2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған 



(жасалған), сұратылған мамандық бойынша кемінде 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы 

(тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбегі, оның ішінде: 

 

       уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы және 



(немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері; 

 

      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы және (немесе) шетелде 



ұсынылған 3 (үш) шығармашылық еңбегі;

 

      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 3 (үш) баяндамасы 



немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар 

алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 2 (екі) рет қатысуы;

 

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын 



алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты 

құрайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған 

оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, 

білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен 

диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы; не оның жетекшілігімен 

даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар). Даярлаған тұлғалар (ұжымдар) ретінде республикалық, 

халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), шетелдік 

конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаттары, 

жүлдегерлері есептеледі.

 

      Ескерту. Ереже 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      5-3. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, 



Заңда қарастырылған құрметті атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және 

сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

 

      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл 



үзіліссіз өтілі;

 

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы және (немесе) 



шығармашылық еңбегі;

 

       3) осы Ереженің 5-2 тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес 



монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлғасы (ұжымдары). 

 

      Ескерту. Ереже 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

       5-4. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми 



қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін дене тәрбиесі 

және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі: 

 

      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және 



(немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

 

       2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, 



сұратылған мамандық бойынша кемінде 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), 

оның ішінде: 

 

      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;



 

      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы;

 

      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 3 (үш) баяндамасы;



 

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын 

алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты 

құрайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған 

оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, 

білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен 

диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы; не оның жетекшілігімен 

даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар). Даярлаған тұлғалары (ұжымдары) ретінде Дүниежүзілік 

универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпиондары, Еуропа, әлем 

және Олимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері есептеледі.

 

      Ескерту. Ереже 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      5-5. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар 



және Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе «Қазақстан 

Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болған және осы ұйымда жұмыс 

істейтін дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

 

      1) ғылыми және (немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл 



үзіліссіз өтілі;

 

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;



 

      3) осы Ереженің 5-4-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес 

монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған тұлғасы (ұжымдары).

 

      Ескерту. Ереже 5-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      5-6. Профессор ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, 



Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің 

жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу 

орындарындағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, 

осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және 

жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:

 

      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және 



(немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу 

орнында профессордан немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес 

лауазымда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының 

ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу 

орындарының немесе ғылыми ұйымының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) 

орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, жоғары оқу орнының әскери 

кафедрасында профессордан төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;

 

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, 



сұратылған мамандық бойынша 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның 

ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;

 

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын 



алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты 

құрайды); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, 

жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы 

пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым 

кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе 

философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия 

докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы.

 

      Ескерту. Ереже 5-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

       6. 



Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 

№ 57


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен.

 

      7. Ғылыми атақ беру туралы қолдау хатты Комитетке жоғары оқу орнының немесе ғылыми 



ұйымның Ғылыми кеңесі ұсынады. Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 

ай бұрын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманы және оның 

жарияланымдарының тізімін жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның интернет-

ресурстарында орналастырады.

 

      Қолдау хатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:



 

       1) ілеспе хат - ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу мерзімі көрсетілген 

Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным; 

 

      2) еңбектер тізімі және тиісті жарияланымдар көшірмелері;



 

       3) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми 

кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді; 

 

      4) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы 



дипломдар көшірмелері;

 

      5) жұмыс орны растаған кадр есебі бойынша жеке іс парағы;



 

      6) жұмыс орны растаған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек 

қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 

      7) шәкірттер (ғылыми дәрежесі бар тұлғалар) дайындағанын растайтын ресми 



құжаттардың көшірмелері немесе монографияның немесе оқулықтың (оқу құралының) 

түпнұсқасы;

 

      8) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегі (болған жағдайда) жазылу 



туралы мәлімет.

 

      Қандай да бір құжаттар болмаған жағдайда Комитет аттестаттау ісін қарамай, қайтару 



себебін көрсетіп аттестаттау ісінің Комитетте тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 

күн ішінде қайтарады. Жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым аттестаттау ісін қайтарылған 

күнінен бастап 1 айдан кем емес мерзімде қайта ұсынады. Бұл ретте Ғылыми кеңестің жаңа 

қолдау хаты ұсынылады.

 

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 



№ 

380


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқаенгізіледі) бұйрығымен.

 

      



7-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ 

тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану 

Қазақстан Республикасының тиісті аттестаттарын бере отырып, қауымдастырылған профессор 

(доцент), профессор атақтарын беру арқылы жүргізіледі. 

 

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 



№ 

380


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен.

 

      7-2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ 



тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану 

мынадай құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі:

 

      1) сұратылған мамандықтың атауы және шифры көрсетілген олар жұмыс істейтін жоғары 



оқу орнының немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты;

 

      2) жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;



 

      3) шетелде ғылыми атақ берілгені туралы аттестаттың нотариалды расталған көшірмесі 

немесе оның нотариалды расталған аудармасы;

 

      4) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегі (болған жағдайда) жазылу 



туралы мәлімет.

 

      Ескерту. 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 



№ 

380


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен.

 

      8. Ғылыми атақты ізденушілердің Комитетке жіберілетін аттестациялық істерін 



ресімдеуге байланысты шығыстарды төлеу Ғылыми кеңестер жұмыс істейтін, Комитетке тиісті 

ұсыныстарды әзірлеген ұйымдар есебінен жүргізіледі.

 

      9. Ғылыми атақ беру жөніндегі аттестациялық істер аттестациялық істің Комитетте 



тіркелген күнінен бастап 2 (екі) айда қаралады.

 

       10. Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын 



ізденушілердің аттестаттау істерінің осы Ережеге сәйкестігі Комитеттің консультативтік-

кеңес беру органы болып табылатын Сараптамалық кеңесте анықталады. 

 

       Аттестаттау ісін қарау нәтижесінде Сараптамалық кеңес осы Ережеге 2-3 



қосымшаларға сәйкес нысанда қорытынды қабылдайды. Сараптамалық кеңестің қорытындысы 

негізінде Комитет ғылыми атақ беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және тиісті 

бұйрық шығарады. 

 

      Ғылыми атақты беру туралы шешім Комитеттің интернет-ресурстарында шешім 



қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде орналастырылады.

 

      Ғылыми атақты беруден бас тарту шешім жоғары оқу орнына немесе ғылыми ұйымға шешім 



қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарланады. Бұл ретте Ғылыми кеңес осы 

атақты беру туралы жаңа ұсынымды кем дегенде 1 жылдан кейін береді.

 

      Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарында, 



оқулықтарда авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалды пайдаланған жағдайда 

Комитет теріс шешім қабылдайды, ол жоғары оқу орнына немесе ғылыми ұйымға шешім 

қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарланады. Бұл ретте осы тұлға бойынша 

қолдау хат Комитетке қайта берілмейді.

 

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 



№ 

380


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен.

 

      11. Ғылыми атақ беру туралы жаңа ұсынымды Ғылыми кеңес Комитеттің осы атақты 



беруден бас тарту туралы шешімі шыққаннан кейін кем дегенде бір жылдан соң береді. 

Ізденушінің жаңадан жарияланған ғылыми жұмыстары, оқулықтары, оқу құралдарының болуы 

қолдау хатты қайта беру үшін шарт болып табылады.

 

      12. Қауымдастырылған профессорларға (доцент) және профессорларға мемлекеттік 



үлгідегі аттестаттар беріледі.

 

      13. Ғылыми атақтарды беру мәселелері туралы Комитеттің шешімі шыққан күннен бастап 



2 (екі) ай ішінде ізденуші Комитетке апелляция бере алады. Көрсетілген мерзім өткеннен 

кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды.

 

      14. Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру 



мәселелері бойынша сотқа дейінгі дауларды реттеу үшін Комитет ізденуші апелляция берген 

күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде құрамында Комитеттің 2 (екі) өкілі және 

тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымы бар апелляциялық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) 

құрады.


 

      Комиссия құрылған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аттестациялық 

істің материалдарын қарап, апелляция бойынша қорытынды дайындайды.

 

      15. Комиссия өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады.



 

      16. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс 

беруі нәтижесінде қабылданады және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

 

      17. Апелляциялық комиссияның қорытындысы бойынша Комитет 15 (он бес) күнтізбелік 



күн ішінде шешім қабылдайды және шағымданушыға хабарлайды.

 

      18. Осы Ережемен реттелмейтін даулар, оның ішінде ғылыми атақтардан айыру (қалпына 



келтіру), апелляция беру мерзімін қалпына келтіру мәселелері сот тәртібімен шешіледі.

 

  Ғылыми атақтар      



 

(қауымдастырылған профессор

 

 (доцент), профессор) беру 



 

 ережесіне 1-қосымша   

 

 Нысан           



 

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 

380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен.

 

_________________________________________________ мамандық бойынша



 

              (мамандықтың шифры мен аты)

 

_____________________________________ғылыми атағын ізденуші туралы



 

                        анықтама

 

1

 



Тегі, аты, әкесінің аты (болған 

жағдайда)

 

 

 



2

 

Ғылыми (академиялық) дәрежесі, 



берілген уақыты

 

 



 

3

 



Ғылыми атақ, берілген уақыты

 

 



 

4

 



Құрметті атақ, берілген уақыты

 

 



 

5

 



Лауазымы (лауазымға тағайындалу туралы 

бұйрық мерзімі және нөмірі)

 

 

 



6

 

Ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыс 



өтілі 

 

Барлығы_________ жыл,



 

оның ішінде лауазымда ________ жыл

 

7

 



Диссертация 

қорғағаннан/қауымдастырылған профессор 

(доцент) ғылыми атағын алғаннан 

кейінгі ғылыми мақалалар, шығармашылық 

еңбектер саны

 

 



 

Барлығы __________________,

 

уәкілетті орган ұсынатын 



басылымдарда____________________,

 

Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson 



Reuters) компаниясының ақпараттық базасының 

деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға 

ие халықаралық ғылыми журналдарда 


________________________________,

 

Скопус не Jstore базалардағы 



журналдарда_____________________,

 

шығармашылық еңбектер ___________



 

8

 



Соңғы 5 жылда басылған монографиялар, 

оқулықтар, жеке жазылған оқу (оқу-

әдістемелік) құралдар саны

 

 



 

9

 



Оның басшылығымен диссертация қорғаған 

және ғылыми дәрежесі бар тұлғалар

 

 

 



10

 

Оның жетекшілігімен даярланған 



республикалық, халықаралық, шетелдік 

конкурстардың, көрмелердің, 

фестивальдардың, сыйлықтардың, 

олимпиадалардың лауреаттары, 

жүлдегерлері 

 

 



 

11

 



Оның жетекшілігімен даярланған 

Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия 

чемпионаттарының және Азия ойындарының 

чемпиондары, Еуропа, әлем және 

Олимпиада ойындарының чемпиондары 

немесе жүлдегерлері 

 

 

 



12

 

Қосымша ақпарат



 

 

 



Кафедры (бөлімше) басшысы _____________

 

  Ғылыми атақтар (қауымдастырылған  



 

 профессор (доцент),профессор)   

 

 беру ережесіне           



 

 2-қосымша            

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет