Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақ тілі мен түрік тілінің ұқсастығы



Дата15.11.2023
өлшемі62,44 Kb.
#123059

Ғылыми жоба Тақырыбы:

Қазақ тілі мен түрік тілінің ұқсастығы

Дайындағандар: №2 ХГ 5-сынып оқушылары

Абенова Меруерт, Жакимова Нурия

Жетекшісі: Тюлемисова Г.С.

Зерттеудің мақсаты

  • Қандай да болмасын мемлекет даму барысында өзінің ұлттық келбетін қалыптастыруды негізгі бағыттардың бірі ретінде ұстанады. Тарихи қайнарларға бет бұру – сол мемлекетте өмір сүретін азаматтардың тарихи жадын, рухани болмысын, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға игі ықпал ету. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлының сөзі өте салмақты. Осындай рухани үрдіске тоқталғанда мемлекет мән беріп отырған қазақ және түрік тіліндегі ұқсастығын, тәрбиелік мәнін ашу, зерделеу, зерттеу. Өзіндік ой түю.

Зерттеудің мақсаты

Түркі тілдеріне ортақ лексикадан тұратын жалпытүркілік қабат қазіргі түркі тілдері лексикалық қорының ядросын құрайды.

Жалпытүркілік сөздер – көне және ортағасыр ескерткіштерінде тіркелген, сондай-ақ қазіргі ірілі-уақты түркі тілдерінің түгелінде жуығында кездесетін ортақ сөздер.

Осындай рухани үрдіске тоқталғанда мемлекет мән беріп отырған қазақ және түрік тіліндегі ұқсастығын, тәрбиелік мәнін ашу, зерделеу, зерттеу. Өзіндік ой түю

Зерттеудің міндеттері

Екі елдің тіл арасындағы ұқсастығын зерттеу, өзектілігін саралау, ғалымдардың еңбектерінің ерекшелігіне тоқталу.

Қазақ тілі түркі тілі тобына жатады. Түркі тілдері тобына әзірбайжан, өзбек, ұйғыр, башқұрт, балқар, қырғыз, қарақалпақ, қарачай, қарайым, түрікмен, татар, тупа, шор, хакас, якут және т.б. халық тілдері кіреді.

Зерттеудің өзектілігі:

  • Өмірлік қолданыста екі ел арасындағы, мақалдар мен мәтелдегі түрік тілінің өткені мен бүгінгі күннің бейнесінің ұқсастығын айқындау.

Зерттеу болжамы:

Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау. Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігі идеяларын айқындау мен насихаттау, тарихи сабақтастықты сақтау, Қазақстанның мәдениеті мен мемлекеттік тіліне деген құрметті қалыптастыру, қазақ халқының тарихи-рухани бастауларын таныта алатын атаулар беру, қазақстандық отансүйгіштікке баулу.Түрік тілін бауырлас елдер тілі екенін ажырату.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Тіл ұқсастықтары:
  • Екі тіл де түрік тілдес топтарға жатады, сол себепті сөйлемдердің грамматикалық және лексикалық құрылымы ұқсас.
  • Ерекшеліктері:
  • түрік тілі сәл жұмсақ, дыбыстары қазақ тіліндегідей қатаң және қатты емес;түрік ауызекі тілі қазақ тілінен жеңіл. Өйткені өткен ғасырдың басында түрік тілі Ататүріктің арқасында реформадан өтті. Осылайша түрік тілі жанды сөйлесуде және оны меңгеруде жеңілдеді. Ал ауызекі қазақ тілі соншалықты оңай емес;түрік тілінде ер адамдардың түрік тілі мен әйелдердің түрік тілін ажыратуға болады. Соңғысы созылыңқы, мәнерлі және дипломатиялық. Ал қазақ тілінде ер адамдар мен әйелдердің тілдік ерекшеліктерін анық ажыратуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет